Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 6 тамыздағы № 810 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы ОАӨЭЫ (Жамбыл облысы) көлік дәлізін қайта жаңарту жобасын жүзеге асыру үшін қарыз тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімге және оған Келіссөздер хаттамасына қол қою туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы ОАӨЭЫ (Жамбыл облысы) көлік дәлізін қайта жаңарту жобасын жүзеге асыру үшін қарыз тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімнің және оған Келіссөздер хаттамасының жобалары мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы ОАӨЭЫ (Жамбыл облысы) көлік дәлізін қайта жаңарту жобасын жүзеге асыру үшін қарыз тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімге және оған Келіссөздер хаттамасына қол қоюға өкілеттік берілсін. 3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі тартылатын қарыз қаражатының мақсатты және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов