ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 794 Қаулысы
"Темір жол көлігінің және оған байланысты инфрақұрылымның кауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған «Темiр жол көлiгiнiң және оған байланысты инфрақұрылымның қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 4 тамыздағы
№ 794 қаулысымен
бекiтiлдi

«Темiр жол көлiгiнiң және оған байланысты инфрақұрылымның
қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентi

1. Қолданылу саласы

1. Осы «Темiр жол көлiгiнiң және оған байланысты инфрақұрылымның кауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентi (бұдан әрi - Техникалық регламент) Техникалық регламентке қосымшада келтiрiлген Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметiнiң бiрыңғай тауар номенклатурасында (КО СЭҚ БТН) тауарлар кодтарына сәйкес жiктелетiн темiр жол көлiгiне және оған байланысты инфрақұрылымға сондай-ақ жобалау, әкелу-әкету, дайындау, пайдалану сатыларында олардың тiршiлiк тiзбегi процестерiне қойылатын, олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн талаптарды белгiлейдi.
2. Осы Техникалық регламенттiң қолданылуы қауiпсiздiк талаптары халықаралық қатынастарда белгiленетiн қауiптi жүктердi халықаралық қатынас жолдарында тасымалдауға арналған темiр жол жылжымалы құрамына, техникалық құралдар мен құрылыстарға, байланыс желiлерiне, сигнал беру, орталықтандыру және блоктау жүйелерiне, ақпараттық кешендерге, сондай-ақ талаптары басқа Техникалық регламенттерде белгiленген темiр жол станциялары мен вокзалдарға қолданылмайды.
3. Темiр жол көлiгiнiң және оған байланысты инфрақұрылымның қауiптi факторлары (тәуекелдерi), сондай-ақ олардан аулақ болатын факторлар мыналар болып табылады:
1) адам жүретiн жолдардағы конструкциялардың, құрылғылардың, құрылыстардың қауiптi механикалық әсерлерi;
2) темiр жол көлiгiнiң қорғалмаған электр өткiзгiш элементтерiнiң болуынан электр тоғының соғу, электрмен жабдықтау жүйелерiнде қысқа түйiсу токтарының, жүктеменiң асып кетуiнен және атмосфералық кернеулердiң туындау қаупi;
3) темiр жол көлiгiне байланысты инфрақұрылымның шегiнде белгiленген нормативтiк мәндерден жоғары болатын темiр жол қозғалысынан пайда болатын шу мен дiрiл;
4) радиобайланыспен, қозғалыс жылдамдығын бақылау аспаптарымен, қозғалыс параметрлерi тiркегiштерiмен, автоматты локомотивтiк сигнал берумен сенiмсiз және жеткiлiксiз жарақтану;
5) Техникалық регламент объектiлерi мен олардың құрамдас бөлiктерiн олардың қызметiнiң нормативтiк мерзiмi өткеннен кейiн пайдалану.
4. Тәуекелдердi төмендету жобалау, дайындау немесе салу, пайдалану сатыларында жүзеге асырылуы тиiс.
Тәуекелдi рұқсат етiлетiн деңгейге дейiн төмендету мүмкiндiгi болмаған жағдайда жобалау құжаттамасында адамның өмiрi мен денсаулығының және қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн шаралар жүйесi көзделуi тиiс.
5. Темiр жол көлiгiн сәйкестендiру таңбалау және iлеспе құжаттар бойынша (iшiне нормативтiк және техникалық құжаттамалар кiретiн) қосымшада келтiрiлген КО СЭҚ БТН кодтарын пайдалану жолымен жүргiзiледi.
Темiр жол көлiгiн сәйкестендiру үшiн жиынтығында мынадай белгiлерi мен параметрлерiн тану жеткiлiктi:
1) объектiнi таңбалаудың бiр немесе бiрнеше атрибуттары бойынша тану (өндiрушiнiң пайдалану құжаттамасында көрсетiлген қауiптiлiк және қауiпсiз пайдалану талаптары, ақпарат туралы ескертетiн қажеттi жазулар немесе белгiлер, инфрақұрылымның арнайы таңбалауы);
2) нақты темiр жол өнiмiнiң оның техникалық сипатталуына, негiзгi сипаттамаларына (параметрлерi мен көрсеткiштерiне) және темiр жол көлiгiнiң бiр тектi өнiмi тобының сыныптаушылық топтауына жатқызылуына (КО СЭҚ БТН) сәйкестiгi;
3) темiр жол көлiгiнiң нақты өнiмiнiң және темiр жол көлiгiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын жабдықтардың арналуы.

2. Терминдер мен анықтамалар

6. Осы Техникалық регламентте Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы», «Темiр жол көлiгi туралы» заңдарында көзделген терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ мыналар пайдаланылады:
1) автоматты локомотивтiк сигнал беру - машинистiң кабинасында орналасқан сигнал беру аспаптары және жылжымалы темiр жол құрамы жақындап келе жатқан жол бағдаршамдарының сигналдарын автоматты түрде беретiн жол жабдығы;
2) арнайы жылжымалы темiр жол құрамы - инфрақұрылымды салу мен жұмысын қамтамасыз етуге арналған темiр жолда жүру кезiндегi алынбайтын жылжымалы бiрлiктер:
көлiк режимiнде тарту жетегiмен автономды қозғалтқышы бар арнайы өздiгiнен жүретiн темiр жол жылжымалы құрамы;
арнайы өздiгiнен жүрмейтiн жылжымалы темiр жол құрамы - көлiк режимiнде тарту жетегiнсiз;
3) аялдау тежегiшi - жылжымалы құрамның бiрлiгiнде орналасқан және аялдамада өз еркiмен жүрiп кетуден бекiтуге, сондай-ақ мәжбүрлi (авариялық) аялдауға (жылжымалы құрам бiрлiгiнiң iшiнде кол жетегi болғанда) арналған қолмен басқарылатын немесе автоматты жетегi бар құрылғы;
4) валидация - нақты пайдалану мен қолдануға арналған талаптардың орындалғанына объективтi куәландыруларды ұсынудың негiзiнде растау;
5) верифицирленген әдiстеме - соның көмегiмен алынатын эксперименттердiң iс жүзiндегi нәтижелерi бар деректерi растауға арналған тексеруден өткен әдiстеме;
6) гидродинамикалық тежегiш - тежеу күшi поездың кинетикалық энергиясының сұйықтық ағынының энергиясына айналуы арқылы пайда болатын тежегiш;
7) динамикалық тежегiш - механикалық үйкелiс қолданылмайтын, ал тежеу күшi поездың кинетикалық энергиясын электрлiк (электрлiк тежеу) немесе гидродинамикалық (гидродинамикалық тежеу) немесе энергияның баска түрлерiне өзгерту арқылы жасалатын тежегiш;
8) маневрлiк құрам - өзара және маневр жүргiзетiн локомотивпен тiркелген вагондар тобы;
9) магнит-рельстi тежегiш - шұғыл тежеу кезiнде құдықты немесе дискiлiк тежегiштермен бiрлесiп әрекет ететiн құрылғы. Магнит-рельстi тежегiштiң тежеу күшiнiң шамасы доңғалақтардың рельспен iлiнiсуiне байланысты емес және рельске табандықты электр-магниттiк басу күшiмен, оның материалымен және қозғалыс жылдамдығымен анықталады;
10) мотор-вагонды жылжымалы құрам - жолаушыларды және/немесе жүктi (поштаны) тасымалдауға арналған мотор вагонды поездардан (электр поездары, дизель-поездар, автомотористер (рельстiк автобустар), дизель-электр поездары) құралған моторлы және моторлы емес вагондар;
11) пневматикалық және электропневматикалық тежегiштер - пневматикалық немесе электрлiк басқару тежегiштерi;
12) тежеу жолы - машинистiң тежеу жүйесiнiң басқару органына әсер еткен сәтiнен бастап толық тоқтағанға дейiнгi уақыт iшiнде поездың жүрiп өткен қашықтығы;
13) темiр жол жылжымалы құрамының габаритi - сыртқа шықпай-ақ, жолтабанда неғұрлым қолайсыз және қырынан жатқан енiсi жоқ жағдайдағы динамикалық ауытқулар кезiнде жүксiз және жүк тиеген жаңа және жоғарғы нормаланатын тозуы бар вагондардың тiк көлденең жолда темiр жол жылжымалы құрамы сыюы тиiс көлденең шектi кескiнi (жолдың перпендикуляр осi);
14) темiр жол жылжымалы құрамының конструкциялық жылдамдығы - жобалауға арналған техникалық құжаттамада мәлiмделген қозғалыстың төменгi жылдамдығы;
15) темiр жол жылжымалы құрамының паспорты - дайындаушының кепiлдiгiн куәландыратын мәлiметтер, темiр жол жылжымалы құрамының оның құрамдас бөлiктерiнiң негiзгi параметрлерiнiң мәнi мен сипаттамалары (қасиеттерi) бар, сондай-ақ сәйкестiктi мiндеттi растау және темiр жол жылжымалы құрамының, оның құрамдас бөлiктерiн кәдеге жарату туралы мәлiметтер бар құжат;
16) үйкелiстi тежегiш - тежеу күшi арнайы үйкегiш элементтердiң (тежегiш қалыптардың немесе дискiлi тежегiштер жапсырмаларының) айналмалы беттерге (доңғалақтарға немесе арнайы тежеу дискiлерiне) жанасуы арқылы пайда болатын тежегiш, тежеу күшi юзды болдырмау үшiн доңғалақтардың рельстермен iлiнiсу күшiнен аз болуы тиiс;
17) формуляр - әрбiр локомотивке, вагонға, мотор-вагонды және арнайы темiр жол жылжымалы құрамының бiрлiгiне арналған, дайындаушының кепiлдiгiн куәландыратын мәлiметтердi, негiзгi параметрлер мен сипаттамалардың (қасиеттер) мәндерiн, техникалық жай-күйдi көрсететiн мәлiметтердi, сертификаттау мен кәдеге жарату туралы мәлiметтердi, сондай-ақ оны пайдалану кезеңiнде (жұмыстың ұзақтығы мен шарттары, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және басқа да деректер) енгiзiлетiн мәлiметтердi қамтитын құжат;
18) функционалдық-техникалық кiшi жүйе (темiр жол көлiгiнiң кiшi жүйесi) - жұмыс iстеу мақсаты бойынша көлiк құралдарының және олардың жұмыс iстеуiне байланысты технологиялық процестердiң салыстырмалы түрде бiртектес жиынтығын қамтитын темiр жол көлiгiнiң техника-технологиялық бөлiгi, олардың қатарына:
темiр жол жылжымалы құрамының (бұдан әрi - жылжымалы құрамның кiшi жүйесi),
жол шаруашылығы құрылысы мен құрылғысының (бұдан әрi - жолдың кiшi жүйесi),
станция шаруашылығы құрылысы мен құрылғысының (бұдан әрi - станциялық кiшi жүйе),
темiр жол электрмен жабдықтау кiшi жүйелерi,
басқару, бақылау және сигнал беру кiшi жүйесi жатады;
19) шұғыл тежеу краны (соның iшiнде стоп-кран) - тежегiш пневматикалық магистралдан ауаны тiкелей шығару және шұғыл тоқтау қажет болған жағдайда автотежегiштердi iс-әрекетке келтiру үшiн қызмет ететiн тежеу жүйесiнiң арнайы органының сабы немесе бастырмасы;
20) электрлiк (рекуперативтi, реостаттық) тежегiш - тежеу күшi тартымдық электр қозғалткыштарын генераторлық режимге ауыстыру кезiнде электромагниттiк өрiспен пайда болатын тежегiш, ал электр энергиясы не тартым желiсiне (рекуперативтi тежегiш) берiледi, не резисторларда (реостатты тежегiш) таралады.

3. Қазақстан Республикасының нарығында темiр жол көлiгiн
айналысқа шығару шарттары

7. Егер темiр жол көлiгi осы Техникалық регламенттiң талаптарына сәйкес келмесе және адам өмiрiне, денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiретiн болса, ол нарықта сатуға жатпайды.
8. Дайындаушы жеткiзетiн темiр жол көлiгi мен темiр жолдың әрбiр бiрлiгiнде таңбалама және пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша талаптарды қамтитын мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi iлеспе және пайдалану құжаттамасы болуы тиiс, бұл ретте:
1) өнiмнiң жобалық құжаттары мен паспортын;
2) формулярды, құрамдас бөлiктердiң каталогын;
3) монтаж, iске косу, баптау, сыннан өткiзу жөнiндегi нұсқаулықты;
4) темiр жол көлiгiнiң, оның бөлiктерiнiң және құрамдас бөлiктердi жинақтау бiрлiктерiнiң жинау чертеждерiн;
5) жинақтау бiрлiктерiнiң (локомотивтер, вагондар мен моторвагонды жылжымалы құрам, мотовоздар, дрезиналар, арнайы автомотрисалар) паспорттарын;
6) пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi нұсқаулықты қамтуы тиiс.
9. Пайдалану жөнiндегi нұсқаулық мыналарды қамтуы тиiс:
1) темiр жол көлiгiн штаттық пайдалану, пайдалану кезiнде сақталуы қажет қауiпсiздiктi қамтамасыз бойынша шаралар (пайдалануға берудi, мақсаты бойынша пайдалануды, техникалық қызмет көрсетудi, жөндеудiң барлық түрлерiн және техникалық куәлiктердi, қорғаныш құралдарын, тасымалдау мен сақтауды қоса алғанда) жөнiндегi нұсқаулар;
2) қызмет ету мерзiмiнiң белгiленген көрсеткiштерi немесе белгiленген ресурс;
3) сыни iстен шығулардың, персоналдың аварияға әкеп соғуы мүмкiн қателiктерiнiң және көрсетiлген қателiктердi болдырмайтын iс-әрекеттердiң тiзбесi;
4) шектi жай-күйлердiң өлшемдерi.

4. Темiр жол көлiгiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар

4.1. Темiр жол көлiгiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi
талаптар

10. Жалпы пайдаланымдағы темiр жолдар бойынша жолаушыларды, багажды, жүк-багажды тасымалдауға арналған темiр жол жылжымалы құрамы және контейнерлер олардың тиiстiлiгiне қарамастан осы Техникалық регламенттiң талаптарын қанағаттандыруы тиiс.
11. Темiр жол жылжымалы құрамының конструкциясы, орналасуы және оның жабдығының монтажы тексеру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуi тиiс.
12. Темiр жол жылжымалы құрамын (және оның құрамдас бөлiктерiн) басқару және бақылау жүйелерi барлық көзделген жұмыс режимдерiнде және пайдалану шарттарында көзделген барлық сыртқы әсерлер кезiнде оны (оларды) пайдалану қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуi тиiс.
Басқару және бақылау жүйелерi мүмкiн болатын қисынды қателiктер кезiнде және қызмет көрсетушi персоналдың басқарушы iс-әрекеттердiң дәйектiлiгiн бұзуы салдарынан қауiптi жағдайлар туындауын болдырмауы тиiс.
13. Басқару және бақылау жүйелерi ескерту сигнализациясы құралдарын және темiр жол жылжымалы құрамы мен оның құрамдас бөлiктерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiн қауiптi жағдайлардың туындауына әкелетiн бұзушылықтар туралы басқа да ақпарат құралдарын қамтуы тиiс.
Қауiптi жағдайлардың туындауы туралы ескертетiн құралдар қызмет көрсетушi персоналдың ақпаратты қатесiз, шынайы және тез қабылдауын қамтамасыз етедi.
Темiр жол жылжымалы құрамы мен оның құрамдас бөлiктерiнiң бағдарламаланатын құрылғылары мен автоматты жүйелерi үшiн тiршiлiк циклiнiң барлық сатыларында ақпараттық және функционалдық қауiпсiздiктi талдау жүргiзiледi. Темiр жол жылжымалы құрамының борттық жүйелерiнде пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз ету валидация мен тестiлеуден өтуге тексерiледi. Темiр жол жылжымалы құрамының әрбiр бiрлiгiнде оған орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етудiң валидациядан өткен сол нұсқа екенiн тексередi.
14. Тартымдық жылжымалы құрамды, локомотивтiң тартымдық жетегiнiң, басқа да жабдығының жұмысын басқару және бақылау жүйесi аппараттық бөлiктiң кез келген ақаулықтары, бағдарламалық қамтамасыз етудiң қателiктерi мен бұзылулары кезiнде поездың қауiпсiз жай-күйiнiң бұзылуына әкелетiн тартымдық және тежегiштiк сипаттамалардың, сондай-ақ жұмыс режимдерiнiң өзгеруiне (өздiгiнен жүру, тартым және тежеу күшiнiң рұқсат етiлмеген алға жылжытуы).
Қауiпсiздiктiң борттық жүйелерiнiң жарамсыз жұмысы кезiнде басқару жүйесiнiң бұзылуы локомотивтi тоқтатуды кажет етпеуi және поездың жобалық тартымдық немесе тежегiштiк сипаттамаларын iске асыруды бұзуға әкелмеуi тиiс.
15. Басқару құралдары:
1) жеңiл қолжетiмдi және еркiн ажыратылатын, ал қажет жағдайларда жазулармен, белгiлермен немесе басқа тәсiлдермен белгiленген болуы тиiс;
2) олардың өзiнен-өзi жылжып кетуi болмайтындай және оларға сенiмдi, батыл және бiр мағыналы манипуляция жасау қамтамасыз етiлетiндей құрастырылуы және орналастырылуы тиiс;
3) функциялардың маңыздылығын, пайдалану дәйектiлiгiн және жиiлiгiн ескере отырып орналастырылуы тиiс;
4) олардың түрi, өлшемдерi және қызмет көрсетушi персоналмен байланыс бетi қармау (саусақтармен, бiлекпен) немесе басу (саусақпен, алақанмен, табанмен) тәсiлiне сәйкес келетiндей орындалуы тиiс.
16. Локомотивтер мен мотор-вагонды жылжымалы құрам, сондай-ақ арнайы өздiгiнен жүретiн жылжымалы құрам радио байланысымен, қозғалыс жылдамдығын бақылау аспаптарымен, қозғалыс параметрлерiн реттегiштермен, автоматты локомотивтiк сигнализациямен жабдықталуы, сондай-ақ басқа да қауiпсiздiк құрылғыларымен жабдықталуы тиiс.
Жолаушылар локомотивтерi электр пневматикалық тежегiштi басқару құрылғыларымен жабдықталуы тиiс, ал жүк поездарына арналған локомотивтер тежеу магистралi тығыздығын бақылау құрылғысымен жабдықталуы тиiс.
Локомотивтер бiр машинист қызмет көрсеткен кезде мынадай қауiпсiздiк құралдарымен және құрылғыларымен қосымша жабдықталуы тиiс:
поезды тежеудi автоматты басқару жүйесi немесе кешендi локомотивтiк қауiпсiздiк құрылғысы, сондай-ақ машинистiң сергек болуын бақылау жүйесi;
артқы көрiнiс айналары немесе басқа да ұқсас құрылғылар;
тежегiш блокировкасы;
өрт сөндiру жүйесi.
Мотор-вагонды поездар қозғалыс жылдамдығын бақылауды және өтпелiк бағдаршамдарға, өтпелерге және станцияларға жақындаған кезде сөйлеу ақпаратымен қамтамасыз ететiн автожүргiзу жүйесiмен, «жолаушы-машинист» байланысымен, есiктердiң жабылуын бақылау сигнализациясымен, автоматты өрт сигнализациясымен жабдықталады.
Жолаушылар локомотивтерi қозғалыс жылдамдығын бақылауды және өтпелiк бағдаршамдарға, өтпелерге және станцияларға жақындаған кезде сөйлеу ақпаратымен қамтамасыз ететiн автожүргiзу жүйесiмен, автоматты өрт сигнализациясымен жабдықталады.
Маневрлiк локомотивтер оларды вагондардан дистанциялық ажырату құрылғыларымен, ал бiр машинист қызмет көрсететiндер олардан басқа, екiншi басқару пультiмен, артқы көрiнiс айналарымен және машинистiң локомотив жүргiзу қабiлетiн кенеттен жоғалтқан жағдайында автоматты тоқтатуды қамтамасыз ететiн құрылғылармен қамтамасыз етiлуi тиiс.
17. Локомотивтердегi, мотор-вагонды поездардағы және арнайы өздiгiнен жүретiн жылжымалы құрамдағы автоматты локомотивтiк сигнализация белгiленген қозғалыс жылдамдықтарын, поездың өзiнен-өзi жүрiп кетуiн және машинистiң сақ болуын кезеңдiк тексерудi бақылауды қамтамасыз ететiн қауiпсiздiк құрылғыларымен толықтырылуы тиiс.
Машинист локомотивтi, мотор-вагонды поезды, арнайы өздiгiнен жүретiн темiр жол жылжымалы құрамын, ал дрезиналарда - дрезина жүргiзушi басқару қабiлетiн жоғалтқан жағдайларда көрсетiлген құрылғылар тыйым салатын көрсеткiшi бар жол бағдаршамының алдында поездың автоматты тоқтауын қамтамасыз етуi тиiс.
18. Локомотивтiң, мотор-вагонды поездың және арнайы жылжымалы құрамның машинисi кабинасының конструкциясы локомотив бригадасына отырған және тұрған қалпында жүру жолын, едендегi сигналдарды, көршiлес жолдарды, құрамдарды, байланыс желiсiн кедергiсiз шолуды, сондай-ақ құрамға жақындаған кезде локомотив бригадасының бiр қызметкерiнiң тұрған қалпында вагондардың және маневрiне қатысатын персоналдың жұмыс аймағының көрiнуiн қамтамасыз етуi тиiс. Жобалау кезiнде сенiмдi шыны тазартқыштарды, шыны шайғыштарды, булануға қарсы құралдарды, шыны жылтқыштарды қолдана отырып, жыл мен тәулiктiң кез келген уақытында кез келген ауа-райы жағдайларында қозғалыстың барлық жылдамдықтарында машинист кабинасынан шолу қамтамасыз етiлуi тиiс.
Локомотив бригадасының басқару пультi мен жұмыс орындарының өзара орналасуы жұмыстағы дәлсiздiктердi немесе артық шаршауды, сондай-ақ дұрыс емес операцияны кездейсоқ орындау мүмкiндiгiн төмендету үшiн эргономиканы ескере отырып конструкциялануы және отырған және тұрған қалыпта басқару ыңғайлығын қамтамасыз етуi тиiс.
Тура немесе шағылысқан жарықтан түсетiн сәулелер болмаған жағдайда күндiзгi және түнгi уақытта басқару пультында басқару органдарының, өлшеу құралдарының, жарық индикаторларының көрiнуi қамтамасыз етiлуi тиiс.
Машинистiң кабинасы жалпы, жергiлiктi және авариялық жарықтандыру жүйелерiмен жабдықталуы тиiс. Машинист кабинасындағы жарық параметрлерi, өлшеу құралдары межелiктерiнiң жарықтығы техникалық құжат талаптарына сәйкес келуi тиiс. Авариялық жарықтандыру жүйесi негiзгi желiде кернеу болмаған уақытта тәуелсiз ток көзiне (аккумуляторлық батареяға) автоматты түрде ауысуы тиiс, бұл ретте, авариялық жарықтандыруды қолмен косу мүмкiндiгi де қарастырылуы тиiс.
Басты ауа резервуарлары және аккумуляторлық батареялар машинистiң кабинасынан тыс орнатылуы тиiс. Көрсетiлген агрегаттар локомотивтер мен мотор-вагонды жылжымалы құрамда оның еденiнiң астында және төбесiнiң үстiнде орналаспауы тиiс.
Тартымдық жылжымалы құрам машинисiнiң кабиналары желдеткiш, жылу және ауа баптағыш құралдармен жабдықталуы тиiс.
Авария жағдайында машинист кабинасынан шығу көмекшi құралдарды пайдалана отырып, бүйiр терезелер арқылы көзделуi тиiс.
19. Жолаушылар вагондарында, мотор-вагонды жылжымалы құрамда және локомотивтерде жарықтандырудың жеткiлiктi қарқындылығын және оның ұзақтығын техникалық құжаттамаға сәйкес қамтамасыз ететiн авариялық жарықтандыру жүйесi көзделуi тиiс. Жолаушылар мен қызмет көрсететiн персоналды вагондардан авариялық эвакуациялау жолдары мен құралдары көзделуi тиiс.
20. Темiр жол жылжымалы құрамын қауiпсiз пайдалану үшiн қосымша жарықтандыру көзделуi тиiс.
Қосымша жарықтандыруда жиi қарауды, баптауды және техникалық қызмет көрсетудi талап ететiн темiр жол жылжымалы құрамының iшкi бөлiктерi мен қуыстары және қажет болған кезде сыртқы жұмыс жабдығы болуы тиiс.
Темiр жол жылжымалы құрамын пайдаланған кезде қараңғы жерлер; кедергi, соқырлану және стробоскопиялық эффект тудыратын облыстар туындамауы тиiс.
21. Темiр жол жылжымалы құрамы тежеу кезiнде оның баяулауын немесе тежеу жолының шегiнде тоқтауын қамтамасыз ететiн автоматты тежегiштермен жабдықталуы тиiс.
Темiр жол жылжымалы құрамының автоматты тежегiштерi Қазақстан Республикасында темiр жол саласында белгiленген нормалар бойынша ұсталуын, әртүрлi пайдалану шарттарында оңай басқарылатын және iс-әрекет сенiмдiлiгi болуы, тежеу бiр қалыптылығын, сондай-ақ жылжымалы құрам бiрлiктерiн заңсыз ағыту кезiнде поездың тоқтауын қамтамасыз етуi тиiс.
22. Автоматтық тежегiштер вагонның жүктелуiне, құрамның ұзындығына және жол кескiнiне тәуелдi тежеудiң әртүрлi режимдерiн қолдану мүмкiндiгiн қамтамасыз етулерi тиiс.
Жолаушылар вагондары мен мотор-вагонды жылжымалы құрамда тоқтатқыш крандар тамбурларда, вагондардың iшiнде орнатылады және пломбаланады.
Арнайы өздiгiнен жүретiн жылжымалы құрамда кажет болған кезде шұғыл тежеу үшiн тоқтатқыш крандар немесе басқа да құрылғылар орнатылады.
23. Темiр жол жылжымалы құрамы тұрақ тежегiштерiмен жабдықталады. Жүк вагондарының бөлiгiнде тоқтатқыш крандар мен тұрақ тежегiштерi бар өту алаңшалары болуы тиiс.
Темiр жол жылжымалы құрамының тұрақ тежегiштерi белгiленген есептiлiк тежеуiштiк басуды және темiр жол жылжымалы құрамын белгiленген мөлшер енесiнде ұстап тұруды қамтамасыз етулерi тиiс. Қол тұрақ тежегiшiнiң штурвалы штурвалдың өздiгiнен айналуын болдырмайтын құрылғымен жабдықталуы тиiс.
Автоматты тұрақ тежегiштерiн қолдануға рұқсат етiледi.
24. Бөлiнуi немесе сынуы темiр жол жылжымалы құрамының габариттен шығуына немесе жолға құлауына әкелiп соқтыратын темiр жол жылжымалы құрамының барлық бөлiктерiнде, иiнтiректi тежеуiш берiлiсiнiң барлық бөлiктерiнде сақтайтын құралдың екi есе салмағына арналып есептелген сақтандыру құрылғылары болуы тиiс.
25. Локомотивтерде және мотор-вагонды жылжымалы құрамда динамикалық (электр және гидродинамикалық) тежегiш орнатқан кезде оның әрекетi барлық жағдайларда қызметтiк және шұғыл тежеу кезiнде пневматикалық және электр-пневматикалық тежегiштердiң жұмысымен келiсiлуi тиiс. Динамикалық (электр және гидродинамикалық) тежегiш iстен шыққан кезде оны пневматикалық тежегiшпен ауыстыру қамтамасыз етiледi.
26. Жылдамдықты жолаушылар жылжымалы құрамында тежеу тиiмдiлiгiн және қозғалыс қауiпсiздiгiн арттыру жөнiндегi қосымша шаралар (мысалы дискiлi, магнит-рельс тежегiштерiн қолдану) көзделулерi тиiс.
27. Жүк вагондарының автомотолы жабдығы қоршаған ортаның плюс 55оС температурасы кезiнде тұрақты жұмыс iстеуi және температураның плюс 80 оС қысқа мерзiмдi көтерiлуi және минус 60оС дейiн төмендеуi кезiнде жұмысқа қабiлеттiгiн сақтауы тиiс.
28. Темiр жол жылжымалы құрамы автотiркеу құрылғысымен (тiркеу) жабдықталуы тиiс.
Автотiркеу құрылғысы вагондардың өздiгiнен ағытылуын болдырмауы тиiс. Автотiркеу құрылғысынын құрамына жеткiлiктi энергия сыйымдылығы бар жұту аппараты кiруi тиiс.
Жолаушылар поезының авариялық соқтығысуы жағдайы үшiн жеткiлiксiз энергия сыйымдылығы кезiнде локомотивтерде және мотор-вагонды жылжымалы құрамның бас вагонында орнатылған жұту аппараттарынан басқа авариялық амортизаторлар қосымша орнатылулары тиiс. Жолаушылар вагондары мен мотор-вагонды жылжымалы құрам буферлермен жабдықталулары тиiс.
29. Доңғалақ жұптарының доңғалақтарында, өстерi мен бандаждарында техникалық құжаттамада көрсетiлген қызмет мерзiмi iшiнде ақаулардың (жарықтардың) пайда болуы мен дамуына берiктiктi қамтамасыз ететiн төзiмдiлiк коры болуы тиiс.
Доңғалақтардың, өстер мен бандаждардың металлургиялық сапасы, механикалық қасиеттерi, соққы созымдылығы және қалдық кернеулi жай-күйi морт және басқа да бұзылуларға техникалық құжаттамада көрсетiлген қызмет мерзiмi iшiнде кедергiнi қамтамасыз етулерi тиiс.
30. Барлық мақсаттардағы басқыштар мен тұтқалар темiр жол жылжымалы құрамы габариттерiнiң шегiнде орналасулары тиiс. Жүк вагондарының төбелерiне апаратын сатыларда ескертетiн қауiпсiздiк белгiлерi жазылулары тиiс.
Электр поездарының мотор-вагондарының төбелерiне көтерiлуге арналған сатылар жабық жағдайда жабық болулары және машинист бақылаушысының резерв тұтқасының көмегiмен ашылулары тиiс.
31. Темiр жол жылжымалы құрамының конструкциясында оны домкратпен көтеруге арналған, домкрат бастиегiнiң тайғанауына кедергi болатын бетi бар орындар көзделулерi тиiс.
Темiр жол жылжымалы құрамының бiрлiгiн доңғалақ жұптары рельстен шыққан кезде крандар мен домкраттардың көмегiмен арнайы орындарға көтеру мүмкiндiгi көзделуi тиiс.
32. Темiр жол жылжымалы құрамында жолаушылар мен қызмет көрсету персоналының мүмкiн болатын қозғалуы аймағында (бас, аяқ, дене деңгейiнде) оларды жарақаттауы мүмкiн конструкция мен жабдық элементтерi болмауы тиiс.
33. Жолаушылар вагондары мен мотор-вагонды жылжымалы құрамның жабық өту алаңшаларының конструкциялары жолаушылардың вагоннан вагонға қауiпсiз өтулерiн қамтамасыз етуi және жарақаттарға әкелуi мүмкiн шығып тұрған бөлiктерi болмауы тиiс.
Жолаушылардың жеке багажын орналастыру және бекiту орындары шұғыл тежелу мен авариялық эвакуациялау кезiнде жолаушыларды жарақаттамайтын есеппен орындалуы тиiс.
34. Көп секциялы локомотивтер локомотив бригадасының бiр секциядан екiншiсiне қауiпсiз өтуiн қамтамасыз ету үшiн жабық өту алаңшаларымен жабдықталуы тиiс.
35. Темiр жол жылжымалы құрамы дизельiнiң, электр машиналарының, желдеткiштерiнiң, сығымдағыштарының және басқа да жабдығының айналатын бөлiктерi сенiмдi түрде қоршалуы тиiс.
36. Капот типтес шанақты локомотивтерде қаптал және бүйiр алаңшалары болуы тиiс. Қаптал және бүйiр алаңшаларының сыртқы жағында аралық қоршауы бар тосқауыл тұтқалары орнатылулары тиiс. Алаңшалар бойының сыртқы периметрi бойынша шектеу тақтайшалары орнатылулары тиiс.
37. Локомотивтердiң, мотор-вагонды жылжымалы құрамның, жолаушылар және изотермиялық вагондардың электр жабдығы пайдалану шарттарында мүмкiн болатын электр, термиялық және механикалық жүктемелерге есептелуi тиiс.
Локомотивтердiң, мотор-вагонды жылжымалы құрамның, жолаушылар және изотермиялық вагондардың электр жабдығында қорғанышы және жүктемелер, қысқаша тұйықталулар, жерге тұйықталған кезде, жоғары артық кернеу туындаған кезде, сондай-ақ рекуперативтiк тежеу, доңғалақ жұптарының боксы және юзы кезiнде байланыс желiсiнде кернеулiктi алған кезде оның iске қосылуының сигнализациясы болуы тиiс.
Қорғаныштың iске қосылу параметрлерi электр жабдығының зақымдалуын болдырмауы тиiс. Қорғаныштың iске қосылуы қауiптi салдарларға: түтiндеуге немесе жануға әкелетiн рұқсат етiлмейтiн қызуға, электр жабдығы окшаулануының бұзылуына әкелетiн артық кернеулiктерге әкелмеуi тиiс.
38. Темiр жол жылжымалы құрамының кернеулi және электр тогымен зақымдалу көзi болуы мүмкiн электр жабдығының қорғалмаған (оқшауланбаған) бөлiктерiне қызмет көрсету персоналы мен жолаушылардың кол жеткiзуiнiң алдын алынуы тиiс
Электр жабдығының метал қабығы, сондай-ақ ақаулы болған жағдайда айнымалы токтың 42 В-тан жоғары және тұрақты токтың 110 В-тан жоғары кернеулiгiнде болуы мүмкiн барлық қоршаулар (құбырларды қоса алғанда), ток өткiзетiн бөлiктердi бекiтуге арналған конструкциялар темiр жол жылжымалы құрамының корпусына жерлендiрiлген болуы тиiс,
Локомотивтер мен мотор-вагонды жылжымалы құрамының конструкцияларында электр қорғау құралдарының жинағын, сондай-ақ техникалық жабдықтау және қауiпсiз пайдалану үшiн қажеттi басқа да арнайы жабдықты сақтауға арналған арнайы орындар көзделулерi тиiс.
39. Жылжымалы темiр жол құрамының электр жабдығы рельстiк шынжырлармен, сигнал беру, орталықтандыру және блоктау жол құрылғыларымен электр магниттiк сәйкестiгi қамтамасыз етiлуi тиiс.
40. Локомотивтердiң, мотор вагонды жылжымалы құрамның электр жабдығы байланыстың сымдық желiлерiмен электр магниттiк сәйкестiгi қамтамасыз етiлуi тиiс.
41. Жылжымалы темiр жол құрамының электр жабдығы радио кедергiлерi алаңдарында кернеу деңгейi радио байланыс жұмысында бұзушылықтар тудырмауы тиiс.
42. Аккумуляторлық бокс жарылысқа қауiпсiз орындалуы керек.
43. Локомотивтер, мотор вагонды жылжымалы құрам, жолаушылар және изотермиялық вагондар өрт сөндiру сигнал беру қондырғыларымен, өрт сөндiру қондырғыларымен, өрт сөндiргiштердi қоюға арналған арнайы орындармен, өрт сөндiру мүккәмалымен жабдықталуы тиiс.
барлық үлгiдегi дербес тартқыш жылжымалы құрамда ұшқын өшiргiштер орнатылуы тиiс.
Жылжымалы темiр жол құрамда пайдалану кезiнде қажеттi арнайы өрт сөндiру жабдығын, құрал-саймандарды орналастыру үшiн арнайы орындар көзделуi тиiс.
44. Вагон үлгiсiндегi шанағы бар тепловоздарда машинист кабинасына машиналық (дизельдiк) үй-жайдан машинистiң көмекшiсiн шақыру үшiн жарық және дыбыс сигнал беру болуы тиiс.
45. Автономды тартқыш жылжымалы құрамда желдеткiш жүйесi машинист кабинасына және жолаушылар салонына шығарылатын газдың өту мүмкiндiгiн болдырмауы тиiс. Машиналық үй-жайда әуе ортасының жағдайын пайдалану кезiнде рұқсат етiлген концентрация шегiнде қамтамасыз ететiн желдеткiш құрылғылары көзделуi тиiс.
46. Вагон үлгiсiндегi шанағы бар тепловоздардың дезилiн салқындату жүйесi тепловоздың төбесiне қызмет көрсетушi персоналдың шығуынсыз-ақ жүйенi сумен толтыру мүмкiндiгi қамтамасыз етiлуi тиiс.
47. Жолаушылар вагондары: ауа желдету жүйесiмен, поездiшiлiк телефон байланысымен, букстық қызу бақылау жүйесiмен, поездық радио байланыс қондырғысымен жабдықталуы тиiс. Жүрдек жолаушылар вагондары қосымша орталықтандыру электр жабдықтаумен жабдықталуы тиiс.
Жүрдек мотор вагонды жылжымалы құрам ауа желдету жүйесiмен, поездiшiлiк телефон байланысымен, букстық қызу бақылау жүйесiмен жабдықталуы тиiс.
48. Жолаушылар үшiн құрылғылар көзделуi тиiс, олардың көмегiмен олар туындаған қауiптiлiк туралы машинистке немесе поезд бригадасының басқа мүшелерiн хабарландыруға және көмек сұрай алады.
49. Кiрме есiктер жолаушылар мен қызмет көрсетушi персонал қауiпсiздiгiне кепiл беретiн ашу/жабу жүйесiмен (құрылғыларымен) және бақылау жүйесiмен жабдықталуы тиiс.
50. Әрбiр жолаушылар вагонында және мотор вагон жылжымалы құрам вагонында терезе қуыстарын пайдалана отырып вагонның әрбiр жағынан авариялық шығулар көзделуi тиiс.
Кiру есiктерiнiң авариялық шығуы ашық жағдайда есiктердiң фиксациясымен штаттық сызба бойынша жүзеге асуы тиiс. Поездiң қозғалысы сағатына 5 км аспайтын жылдамдық кезiнде вагон тамбурынан есiктердi қолмен авариялық ашу көзделуi тиiс.
51. Мотор вагонды жылжымалы құрамның вагондарында мүгедектерге және балалары бар жолаушыларға орындар көзделуi тиiс.
Жекелеген жолаушылар вагондары мен мотор вагонды жылжымалы құрамның вагондарының құрылымында: қозғалуы шектеулi мүгедектердiң жүруi үшiн орындар, мүгедектерге арналған арбаларды тез көтеру және сенiмдi бекiту үшiн қондырғылар, үлкен алаңдағы арнайы санитарлық торап және өтудiң ұлғайтылған өту енi көзделуi тиiс.
52. Вагон үлгiдегi шанақпен, капот үлгiдегi шанақпен локомотивтер, мотор вагонды жылжымалы құрамның және арнайы өздiгiнен жүретiн жылжымалы құрамның бас вагоны, сондай-ақ дербес бiрлiк ретiнде пайдалануы мүмкiн локомотив секциясы олардың тұрған орнын бiлуге және қауiпсiздiгiн қаптамасыз етуге мүмкiндiк беретiн прожектормен және сигнал беру фонарымен жабдықталуы тиiс.
Жолаушылар вагоны сигнал беру фонарларымен жабдықталуы тиiс.
Вагон-ресторандарды сигнал беру фонарларымен жабдықтамауға жол берiледi.
Жүк вагондары қоршау белгiлерi үшiн кронштейнмен жабдықталуы тиiс.
53. Локомотивтер, мотор вагонды жылжымалы құрам және арнайы өздiгiнен жүретiн жылжымалы құрам дыбыстық сигнал беру жабдықтарымен дыбысы жоғары (тифондар) және дыбысы аз (ысқырлар) жабдықталуы тиiс.
54. Жүк вагондары және олардың құрамдас бөлiктерi плюс 55 оС-ден минус 60 оС-ге дейiн қоршаған ауаның температурасы аралығында жұмыс қабiлеттiгiн сақтауы тиiс.
55. Үймелi және құймалы жүктердi тиеу үшiн төбеде люктерi бар жылжымалы құрам вагон төбесiнде тұғырмен және екi жағынан бұдырлы басқыштары бар сатылармен және осы тұғырға көтерiлу үшiн тұтқалармен жабдықталуы тиiс.
Цистерна қазаны құятын-ағызатын арматурамен, қорғауыш кiргiзу-шығару клапандармен, ал сұйытылған газдар үшiн қазандар - қорғау мембраналарымен жабдықталуы тиiс.
Вагондарда арнайы табандықтары мен тұтқалары болуы тиiс.
56. Пайдалану құжаттарына енетiн жылжымалы темiр жол құрамы мен оның құрамдас бөлiктерi туралы мәлiметтер пайдаланудың белгiленген мерзiмi iшiнде жылжымалы темiр жол құрамы мен оның құрамдас бөлiктерiн дұрыс және қауiпсiз пайдалану үшiн жеткiлiктi болуы қажет. Қажеттiлiгiне қарай, пайдалану құжаттарында қызмет көрсету персоналының талап етiлген деңгейi туралы мәлiметтер келтiрiледi.
57. Жылжымалы темiр жол құрамы мен оның құрамдас бөлiктерi пайдаланудың барлық мерзiмiнде қажеттi сәйкестендiру және ескерту жазбалары мен таңбаларын, ерекшелiктер туралы белгiлердi және осы Техникалық регламентте көзделген қауiпсiз пайдалану жағдайлары болуы тиiс. Қажеттi жағдайларда осы мәлiметтер пайдалану бойынша нұсқаулықта түсiндiрме жазбамен бiрге көрсетiлуi тиiс.
58. Жүктеме түсiрiлмеген доңғалақтардың арасындағы iшкi жақтауларынан қашықтығы 1440 мм болуы тиiс. Локомотивтер мен вагондарда, сондай-ақ арнайы өздiгiнен жүретiн жылжымалы құрамда, айналмалы поездарда жылдамдығы 120 км/сағ - 140 км/сағ дейiн асады, ауытқулар арту жағына 3 мм аспай және азайту жағына қарай 1 мм аспайтын шамада рұқсат етiледi, сағатына 120 км дейiн жылдамдықтарда артуы мен азайту жағына карай 3 мм аспайтын ауытқуларға рұқсат етiледi.
Сағатына 200 км асатын жылдамдықта арту мен азайту жағына 1 мм аспайтын пайдалану кезiнде ауытқуларға рұқсат етiледi.
59. Жылжымалы темiр жол құрамында және оның құрамдас бөлiктерiнде қауiптi әсерлердiң қарқындылығын азайтуға және оқшаулатуға бағытталған құрылымдық шешiмдер және қорғаныс құралдары көзделген.
Ол үшiн мыналар қамтамасыз етiледi:
а) темiр жол жылжымалы құрамының темiр жол көлiгi инфрақұрылымымен техникалық сыйысымдылығы;
б) қызмет көрсетушi персоналға және жолаушыларға арналған үй-жайлардағы, сондай-ақ қоршаған ортадағы зиянды әсердi азайту.
60. Жылжымалы құрам және арнайы жылжымалы құрам автотiркеумен немесе тiркеу құрылғысымен жабдықталуы тиiс.
Автотiркегiш осiнiң биiктiгi рельстердiң бастарының үстiңгi деңгейiнен мынадай деңгейде болуы тиiс:
локомотивтер, жолаушылар және жүк тиелмеген вагондар 1080 мм артық емес;
локомотивтер және адамдары бар жолаушылар вагоны - 980 мм артық емес;
жүк вагондары (тиелген) - 950 мм кем емес;
арнайы жылжымалы құрамда:
жүксiз жағдайда 1080 мм артық емес;
жүк тиелген - 980 мм кем емес.
61. Автотiркегiштердiң көлденең осьтерi арасындағы биiктiк бойынша айырмашылық төмендегiден артық емес мөлшерде рұқсат етiледi:
жүк поезында - 100 мм;
локомотив және жүк поезының бiрiншi жүк тиелген вагоны арасында - 110 мм;
жылдамдығы 120 км/сағ дейiн жүретiн жолаушылар поезында - 70 мм;
жылдамдығы сағатына 121 - 160 км жүретiн жолаушылар поезында - 50 мм;
жылдамдығы сағатына 161 км және одан астам жылдамдықта жүретiн жолаушылар поезында саңылаусыз автотiркегiшпен жабдықталады;
локомотив және жолаушылар вагонының бiрiншi вагоны арасында - 100 мм;
локомотив және арнайы жылжымалы құрамның жылжымалы бiрлiктерi арасында - 100 мм.
62. Жылжымалы жолаушылар құрамының әрбiр бiрлiгi жеке тұлғалардың жолдың әрбiр тарапынан қауiпсiз отыруын (түсуiн) қамтамасыз ететiн құрылымдық элементтерге ие болуы тиiс.
63. Темiр жол көлiгi мен оның қосалқы жүйелерiн пайдалану процестерiнде мынадай қауiптердi болдырмауы тиiс:
1) жылжымалы және стационарлы көздерден ластаушы шығарындыларды атмосфераға шығару;
2) қоршаған ортаға жұмыс сұйықтықтарын, майларын, тасымалдайтын улы жүктердi, жолаушылар вагондарынан, тасымалдайтын жануарлары бар вагондардан немесе олардың астынан алынған қалдықтарды шығару (топыраққа, жолдың үстiңгi құрылысына, су қоймаларына төгiлу);
3) техникалық реттеу объектiсiнiң жұмыс iстеу жағдайларын бұзуды болдырмау мақсатында қауiптi заттарды қолданудан болған зиян (жолдың жер төсемiнде өсiмдiктер өсуiнiң алдын алу үшiн пестицидтер, жолдың бойында орман қорғау жолақтарының өсуiн қамтамасыз ету үшiн гербицидтер);
4) ультрадыбыс, инфрадыбыс, вибрацияны қоса алғанда шуыл;
5) электромагниттi сәулелену;
6) тұтануды тудыруы мүмкiн аспаптар мен жабдықтың техникалық ақаулары;
7) дәнекерлеу процесiнде, тарту жылжымалы құрамның токты түсiру элементтерiнiң қатынас желiсiмен бұзылуы кезiнде, үйкелiс процесiнде тепловоздардың шығару газдарында байқалатын ұшқындардың әсерi;
8) қауiптi материалдардың өз бетiмен жануы;
9) жану көздерi болғанда жанатын қауiптi жүктердi босату.

4.2. Жобалау кезiнде қауiпсiздiкке қойылатын талаптар

64. Жылжымалы темiр жол құрамы және/немесе оның құрамдас бөлiктерiн жобалау кезiнде пайдалану құжаттары әзiрленедi: төлқұжат; формуляр; құрамдас бөлiктерiнiң каталогы; монтаж, жiберу, реттеу, сыннан өткiзу бойынша нұсқаулық пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша нұсқаулық.
65. Жылжымалы темiр жол құрамын және құрамдас бөлiктерiн жобалау кезiнде мыналарды қамтамасыз ететiн шаралар көзделуi тиiс:
доңғалақтың рельстен шығып кетпеу орнықтылығы;
аударылудан орнықтылығы;
тұрақ орнынан өздiгiнен жүрiп кетпеу;
поездардағы вагондар мен локомотивтердiң берiк тiркелуi;
есептiк тежеуiш жолдардан аспауы;
жолға шектiк рұқсат етiлген әсер ету күштерiнен аспауы;
жолға темiр жол құрамының құрамдас бөлiктерiнiң құламауы;
тартылыс пен тежеуiштiң шектiк рұқсат етiлген күштерiнiң аспауы;
электр құралдарының сигнал беру және байланыс құрылғыларымен электр-магниттiк сыйымдылығы;
статикалық есептiк жүктемелердi түсiру кезiндегi берiктiлiк;
бойлық динамикалық есептiк жүктемелердi түсiру кезiндегi пластикалық деформациялардың болмауы;
циклдық есептiк жүктемелердi түсiру кезiндегi әлсiз қирауларға қарсылық бiлдiру;
электрмен жабдықтаудың номиналдық және шекаралық режимi кезiнде электр жабдықтарының берiктiлiгi;
вагондарды механизация құралдарын қолданумен жүк вагондарына тиеу және түсiру қауiпсiздiгi;
дөңестерден түскен кезде вагондардың сенiмдi iлiнiсi.
66. Жобалау кезiнде темiр жол жылжымалы құрамның қаупiн бiрдейлендiру және тәуекел деңгейлерiн эксперименталды және есептеу жолымен, талдамалық әдiстермен немесе жылжымалы құрамның және оның құрамдас бөлiктерiнiң ұқсас үлгiлерiнiң деректерi бойынша бағалану қажет.
67. Рұқсат етiлетiн тәуекелдердi белгiлеу кезiнде жобалау ұйымы мыналарды ескеруi тиiс:
темiр жол көлiгiнiң және оған байланысты инфрақұрылым ерекшелiгi;
қолданатын техникалық қондырғылардың берiктiлiгi;
темiр жол көлiгi инфрақұрылымының құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы;
сыртқы табиғи ықпалдар;
темiр жолдардың пайдалану қасиеттерi;
персоналдың дұрыс емес iс-қимылдары;
қоршаған ортаны ластаудың мүмкiн болатын салдарының әсер етуi, құрылыс, консервация және жою кезiнде табиғи топырақ қабатының өсiмдiктiк жамылғының бұзылуы;
авариялардың тәуекелдерi.

4.3. Дайындау процесiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар

68. Темiр жол жылжымалы құрамы және құрамдас бөлiктерi оларды жасау мен пайдалану кезiнде материалдар мен заттар адамдар мен қоршаған ортаға қауiпсiз болатындай етiп дайындалады.
Сұйықтықтарды қолдану қажет болған жағдайда темiр жол жылжымалы құрамы және құрамдық бөлiктерi май құю, пайдалану, регенерация немесе сұйықтықтарды кетiру салдарынан болатын қауiпсiздiктердi болдырмайтындай етiп пайдалану үшiн құрастырылуы және жасалуы тиiс пайдалануға және құрастырылуы тиiс.
69. Дайындау сатысында темiр жол жылжымалы құрамы және оның құрамдас бөлiктерiнiң конструкциясына өзгерiстердi олардың темiр жол құрамы иесiмен келiскеннен кейiн жобалаушы енгiзедi.
70. Темiр жол жылжымалы құрамы және оның құрамдас бөлiктерiнiң тәжiрибелiк үлгiлерiн дайындағаннан кейiн дайындаушы верифицирленген әдiстеме бойынша белгiленген тәртiппен дайындаушының кәсiпорнын мынадай мiндеттi сынақтар еткiзедi: қабылдау - тапсыру, алдын ала, қабылдау.
Сериялы шығарылған темiр жол жылжымалы құрамы және оның құрамдық бөлiктерiнiң осы Техникалық регламентте, конструкцияға, материалдарға, жинақтаушы бұйымдарға, сондай-ақ сенiмдiлiгi, үйлесiмдiлiгi, өзара алмасушылығы, бақылау әдiсi және техникалық құжаттамаға қойылатын талаптар стандарттарында белгiленген мiндеттi талаптарға сәйкестiгiн тексеру үшiн дайындаушы кәсiпорын верифицирленген әдiстеме бойынша қабылдау-тапсыру, кезең-кезеңдiк, үлгiлiк сынақтар жүргiзедi.
71. Темiр жол жылжымалы құрамы және оның құрамдық бөлiктерiнiң конструкциясын немесе дайындау технологиясына қауiпсiздiк талаптарын (жаңғырту) орындауға әсерiн тигiзетiн өзгерiстер енгiзген жағдайда дайындаушы кәсiпорын белгiленген сынақ жүйесiн қайтадан жүргiзедi.
72. Сынақтар кезiнде қолданылатын өлшеу және бақылау құралдары тексерiлуi тиiс, ал сынақ жабдықтары өлшеу бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы заңнамада белгiленген тәртiппен аттестаттаудан өтуi тиiс.
73. Дайындаушы пайдалану бойынша басшылықта қауiпсiз пайдалану үшiн кажет үлгiнi және тексеру жиiлiгiн, тез тозатын бөлшектердi және оларды ауыстыру үшiн өлшемдердi көрсетуге мiндеттi.

4.4. Пайдалану кезiндегi қауiпсiздiкке қойылатын талаптар

74. Темiр жол жылжымалы құрамының берiктiлiк, тұрақтылық және техникалық жай-күйi бойынша барлық элементтерi ең жоғары жылдамдықтағы поездардың қауiпсiз және ырғақты қозғалысын қамтамасыз етуi тиiс.
75. Жылжымалы құрам және темiр жол көлiгi инфрақұрылымы мынадай қозғалыс жылдамдығымен тасымалдау процесiнiң қауiпсiздiгiн (темiр жол көлiгi қауiпсiздiгi) қамтамасыз етуi тиiс:
жүк поездары - сағатына 120 км дейiн,
жолаушы, пошта, багажды және жүрдек жүк поездары - сағатына 200 км дейiн,
жүрдек жолаушы поездары қозғалыс кестесiмен бекiтiлген поездардың қозғалыс массасына, ұзындығына және аралығына сағатына 200 км жоғары.
76. Темiр жол көлiгiнiң қауiпсiздiгi бойынша рұқсат етiлетiн нақты учаскелерiндегi поездардың жүру жылдамдығын нақты жай-күйiн негiзге ала отырып темiр жолдарды пайдаланушы белгiлейдi.
77. Темiр жол жылжымалы құрамы және құрамдас бөлiктерi тағайындалған қызмет мерзiмi және/немесе ресурс ағымында қауiпсiздiкте болуы тиiс, оларды пайдалануда душар болатын күштер мен қауырттылықтарға шыдамды болуы тиiс.
78. Темiр жол жылжымалы құрамын пайдалану кезiнде жолаушылардың және қызмет көрсететiн персоналды қорғау қамтамасыз етiлуi тиiс.
79. Темiр жол көлiгiн консервациялау және кәдеге жарату бойынша жұмыстар өндiрiс қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғау бойынша шешiмдердi қамтамасыз ететiн жобалау құжаттамаларының негiзiнде жүзеге асырылады.
80. Темiр жол жылжымалы құрамының және оның құрамдас бөлiктерiнiң құрылысы, қолданылатын материалдары мен заттары темiр жол жылжымалы құрамы қызметiнiң тағайындалған қызмет мерзiмi өтуi бойынша олардың қауiпсiз кәдеге жаратуына немесе өңдеу мүмкiндiгiне есептелуi тиiс.

5. Инфрақұрылым қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар

81. Темiр жол қызметiнiң қауiпсiздiгi инфрақұрылымның құрылысының жақындату габариттерiмен және темiр жол жабдықтарының жақындату габариттерiмен олардың арасындағы жол, жарықтандыру, электрмен қамтамасыз ету және техника құрылғыларының орналасу қажеттiгiн ескере отырып қамтамасыз етiлуi тиiс.
82. Ағымдағы желiлерде оларды қайта құрғанға дейiн мынадай жер жабынының енiне рұқсат етiледi: бiр жолды желiлерде - 5,5 м, екi жолды - 9,6 м, тау және құрғақ топырақта кемiнде: бiр жолды желiлерде - 5.0 м. екi жолды желiлерде - 9,1 м.
Үстiңгi жер төсемiнiң ең аз енi жолдың әрбiр жағынан 0,4 м болуы кажет. Қисық учаскелерде кемiнде 2000 м радиусы бар жер жабыны белгiленген нормалар бойынша кеңейтiледi.
Су жайылатын жерлерде жер төсемiнiң жиегi қатты желдерде толқынның ең үлкен биiктiгiнен кемiнде 0,5 м биiк болуы қажет.
83. Жолдың тiк және қисық учаскелерiнде рельстердiң iшкi араларындағы жол енiнiң номиналды мөлшерiнiң радиусы 350 м және одан астам болғанда - 1520 мм. Анағұрлым қисық жолдарда жолдың енi:
радиусы 349 м-ден 300 м дейiн - 1530 мм;
радиусы 299 м және одан кем - 1535 мм.
Рельстi шпалды торы кешендi ауыстырылмаған тiк және қисық учаскелердi радиусы 650 м астам жолдың енiнiң номиналды мөлшерi 1524 мм болуға рұқсат етiледi. Мұнымен бiрге анағұрлым қисық жолдың енi мынадай болуы тиiс:
радиусы 650-ден 450 м дейiн - 1530 мм;
радиусы 449-дан 350 м дейiн - 1535 мм;
радиусы 349 және одан кем - 1540 мм.
Алып тастауды талап етпейтiн жол енiнiң номиналды мөлшерiнен бастап ауытқу шамалары жолдың тiк және қисық учаскелерiнде тарылуы бойынша 4 мм аспауы, кеңеюi бойынша +8 мм, ал қозғалыс жылдамдығы сағатына 50 км және одан кем белгiленген учаскелерде - тартылуы бойынша 4 мм, кеңеюi бойынша +10 мм болуы қажет.
1512-ден кем емес және 1548 мм асатын жолдың енiне рұқсат етiлмейдi.
84. Жолдың қисық учаскелерiнде рельс жолының басқа жолдан жоғарылауы қозғалыстың белгiленген жылдамдықтарында және қисық учаскелердегi радиусымен вагондардың рельс жолдарындағы орнықтылығын қамтамасыз етуi қажет.
85. Басты және станциялық жолдарды жобалау кезiнде қуаттылығы мен жағдайы бойынша рельстердi және бағытты ауыстыруларды таңдау берiлген жүк кернеулерi, осьтiк кернеулер, қозғалыс жылдамдығы барысында поездардың қауiпсiз қозғалысын қамтамасыз етуi қажет.
86. Сигнал берудiң шағын жүйесiнде және электрмен жабдықтаудың құрылғы байланысы негiзгi және қордағы қуат көздерiнен сигнал беру, орталықтандыру, блоктау, өтпе жолды сигнал беру құрылғыларын қуатпен қамтамасыз етуi қажет.
Негiзгi қуат көзiнен қордағы куат көзiне ауысу уақыты немесе керiсiнше 1,3 секундтан аспауы қажет.
Тұрақты тоқта электрлендiрiлген желiлердiң тартымды қосалқы станцияларында, сондай-ақ электрлi жылжымалы құрамда сигнал беру, орталықтандыру және блоктау қондырғыларын және байланыс жабдықтарының қалыпты iс-әрекетiн бұзатын түйiспелi ток желiсiне кiрiп кетуден қорғауы болуы тиiс.
Байланыс желiсi, әуе желiлерi және бағдаршамдар тетiктерiнiң, сондай-ақ сигнал белгiлерiнiң өзара орналасуы машинистiң жұмыс орнынан сигнал мен белгiлердiң көрiнуiн қамтамасыз етуi тиiс.
87. Кернеулi қатынас желiсiнiң бөлiктерiнен 5м аз қашықтықта орналасқан, барлық металл конструкциялар, сондай-ақ байланыс желiсiнiң және айнымалы токтың әуе желiсiнiң электр-магниттiк ықпал аймағында орналасқан және ұстауға қол жетiмдi барлық металл конструкциялар жерге қосылуы тиiс.
Электрленген жолдардың үстiнде орналасқан темiр жол өтпелерi мен жаяу жүргiншiлер көпiрлерiнде кернеулi байланыс желiсiнiң бөлiктерiн қоршау үшiн адамдар өтетiн жерлерде сақтандыру қалқандары және тұтас төсемелер орнатылуы тиiс.
Жұмыс iстейтiн электр қондырғыларда оларға бөгде адамдардың кiрiп кетуiн болдырмау үшiн қоршау болуы тиiс.
Қол жетiмдi электрмен жабдықтау құрылғыларында ескерту жазулар болуы тиiс (белгiлер, плакаттар).
Электрмен жабдықтау құрылғылары қысқа тұйықталу тогынан, артық жүктелуден және атмосфералық артық кернеуден және электр коррозиясынан қорғалуы тиiс.
Байланыс желiсi ажыратқыштарының қолмен басқарылатын жетектерi оларды заңсыз қосуға және ажыратуға бөгет болатын құрылғылармен жарақтануы тиiс.
Электрмен жабдықтау құрылғылары жер асты коммуникацияларына тартымдық токтардың өтуiнiң қауiпсiздiк деңгейiн төмендететiн құралдарымен жабдықталуы тиiс.
88. Темiр жол көлiгi және жылжымалы құрам саласында техникалық реттеудiң стационарлық объектiлерiнiң пайдаланатын материалдарын таңдау жану жағдайында от пен түтiннiң таралуы мен әсерiн шектеудi, ал өрт жағдайында материалдар зиянды және қауiптi түтiндер, булар, газдардың шығарындыларын шектеуi тиiс.
89. Қызмет көрсететiн қызметкерлер және жолаушылардың пайдалануы үшiн арналған кез келген құрылғы жолаушылардың денсаулығы мен қауiпсiздiгiне зиян келтiрмей осы құралдың қауiпсiз жұмысын қамтамасыз етуi тиiс.
90. Адамдар жиналған жерлерде қосалқы (авариялық) шығатын жерлер көзделуi және белгiленуi, авариялық жарықтандыру жүйелерi көзделуi кажет.
91. Стационарлық объектiлердiң және жылжымалы құрамның кiру есiктерiн ашу және жабу жүйесi жолаушылар мен қызметкерлердiң қауiпсiздiгiне кепiлдiк беруi тиiс.

6. Сәйкестiктi растау

92. Осы Техникалық регламент қосымшасына сәйкес темiр жол көлiгi мен оның құрамдас бөлiктерi сертификаттау жөнiндегi аккредиттеу органның өтiнiм берушiсiнiң өтiнiмi бойынша шарттық негiзде жүзеге асырылатын мiндеттi сертификаттау нысанында сәйкестiктi растауға жатады.
«Сәйкестiктi растау рәсiмдерi» техникалық регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысымен мiндеттi сертификаттау тәртiбi (схемалары мен нысандары) мен жүргiзуi белгiленген.
93. 1520 мм жолтабанда халықаралық қатынаста қатынауға арналған жылжымалы темiр жол құрамы жекеленген халықаралық техникалық регламенттер мен келiсiмдер бойынша мiндеттi сертификаттау нысанында сәйкестiгiн растауға жатады.
94. Шетел мемлекеттерiнiң сәйкестiк сертификаттары, өнiмдердi сынау хаттамасы, сәйкестiк белгiлерi халықаралық келiсiмге сәйкес танылады.
95. Тиiстi техникалық регламенттерде анықталған тәуекел дәрежесi бiршама аз болатын функционалдық қосалқы жүйелердiң жеке құрамдас бөлiктерi сәйкестiгiн декларациялау түрiнде сәйкестiгiн растауы тиiс.
96. Сәйкестiктi декларациялауды жүзеге асыратын өтiнiш берушiлерге мыналар енедi: әзiрлеушiлер, жеткiзушiлер, құрылыс және монтаждау ұйымдары, жөндеу кәсiпорындары, пайдаланушы ұйымдар, инфрақұрылым иелерi.

7. Өтпелi ережелер

97. Осы Техникалық регламент алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«Темiр жол көлiгiнiң және оған
байланысты инфрақұрылымның
қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар»
техникалық регламентiне
қосымша

Қауiпсiздiк талаптары белгiленетiн темiр жол көлiгiнiң
тiзбесi

СЭҚ ТН коды

Позициянын атауы

Қос. өлш. бiр.

1

2

3

8601

Электр қуатының сыртқы көзiнен қоректенетiн, немесе аккумуляторлық темiржол локомотивтерi:

8601 10 000 0

- электр қуатының сыртқы көзiнен қоректенетiн

дана

8601 20 000 0

электр аккумуляторларынан қоректенетiн

дана

8602

Өзге де темiр жол локомотивтерi; локомотивтiк тендерлер:

8602 10 000 0

дизельдi электр локомотивтерi

дана

8602 90 000 0

өзгелерi

дана

8603

8604 тауар позициясына енгiзiлгендерден басқа, жолаушы, тауар немесе жол жүгiн таситын моторлы темiр жол немесе трамвай вагондары, ашық платформалар:

8603 10 000

- электр қуатының сыртқы көзiнен қоректенетiн:

8603 10 000 1

- - кем дегенде 250 км/сағ. пайдалану жылдамдықпен темiр жол электрлi поездардың құрамында қозғалысқа арналған

дана

8603 10 000 9

- - өзгелерi

дана

8603 90 000 0

- өзгелерi

дана

8604 00 000 0

Өздiгiнен жүретiн немесе өздiгiнен жүрмейтiн, темiр жол немесе трамвай жолдары жөндеу немесе техникалық қамтамасыз ету үшiн пайдаланылатын техникалық құралдар (мысалы, шеберхана, вагондары, крандар, шпал ұрғыш машиналар, жол түзеткiш машиналар, бақылау - өлшегiш вагондары және жолдарды тексеруге арналған көлiк құралдары)

дана

8605 00 000

Өздiгiнен жүрмейтiн жолаушылардың темiр жол немесе трамвай вагондары, өздiгiнен жүрмейтiн (8604 тауар позициясына енгiзiлгендерден басқа) жол жүгiн, почта таситын және өзге де арнайы темiр жол немесе трамвай вагондары:

8605 00 000 1

- барынша пайдалану жылдамдығы кемiнде 250 км/сағ. темiр жол электр поездары құрамында жүруге арналған -----

дана

8605 00 000 9

- өзгелерi

дана

8606

Жүк таситын өздiгiнен жүретiн темiр жол немесе трамвай вагондары:

8606 10 000 0

- барлық түрдегi цистерна вагондары

дана

8606 30 000 0

- 8606 10 қосалқы позициясына енгiзiлгендерден басқа, өздiгiнен түсiргiш вагондар

дана

- өзгелерi:

8606 91

- - жабық және жабылатын:

8606 91 100 0

- - - жоғары радиоактивтi материалдарды арнайы тасуға арналған

дана

8606 91 800 0

- - - өзгелерi:

дана

8606 92 000 0

- - ашық, 60 см асатын ашылмайтын бортты

дана

8606 99 000 0

- - өзгелерi

дана

8607

Темiр жол локомотивтерiнiң немесе трамвайдың моторлы вагондарының немесе жылжымалы құрамның бөлiктерi:

- арбашықтар, қозғалғыш теңгеру арбашықтар, осьтар және доңғалақтар, және олардың бөлшектерi:

8607 11 000 0

- - бастайтын арбашықтар және қозғалғыш теңгеру арбашықтар

-

8607 12 000 0

- - өзге де арбашықтар, қозғалғыш теңгеру арбашықтар

-

8607 19

- - бөлiктердi қоса алғанда, өзгелерi:

- - - жиналған немесе бөлшектелiнген түрде, доңғалақтар және оның бөлшектерi:

8607 19 010

- - - - шойыннан тұтас құйылған немесе болаттан тұтас құйылған:

8607 19 010 1

- - - - - қолданыста болған

-

8607 19 010 9

- - - - - өзгелерi

-

8607 19 110

- - - - штампталған болат:

8607 19 110 1

- - - - - қолданыста болған

-

8607 19 110 9

- - - - - өзгелерi

-

8607 19 180

- - - - өзгелерi

8607 19 180 1

- - - - - қолданыста болған

-

8607 19 180 9

- - - - - өзгелерi

-

- - - арбалардың, жүретiн теңгергiш арбалардың және ұқсас арбалардың бөлшектерi:

8607 19 910 0

- - - - шойыннан тұтас құйылған немесе болаттан тұтас құйылған

-

8607 19 990 0

- - - - өзгелерi

-

- тежегiш жабдықтар және олардың бөлшектерi:

8607 21

- - пневматикалы тежегiштер және оның бөлшектерi:

8607 21 100 0

- - - шойыннан тұтас құйылған немесе болаттан тұтас құйылған

-

8607 21 900 0

- - - өзгелерi

-

8607 29

- - өзгелерi:

8607 29 100 0

- - - шойыннан тұтас құйылған немесе болаттан тұтас құйылған

-

8607 29 900 0

- - - өзгелерi:

-

8607 30

- iлмек және басқа тiркес жабдықтары, буферлер және олардың бөлшектерi:

8607 30 010 0

- - шойыннан тұтас құйылған немесе болаттан тұтас құйылған

-

8607 30 990 0

- - өзгелерi

-

- өзгелерi:

8607 91

- - локомотивтер:

8607 91 100 0

- - - букстер және олардың бөлшектерi

-

- - - өзгелерi:

8607 91 910 0

- - - - шойыннан тұтас құйылған немесе болаттан тұтас құйылған

-

8607 91 990 0

- - - - өзгелерi

-

8607 99

- - өзгелерi:

8607 99 100 0

- - - осьтiк буксы және олардың бөлшектерi

-

8607 99 300 0

- - - шанақтар және олардың бөлшектерi

-

8607 99 500 0

- - - шассилер және олардың бөлшектерi

-

8607 99 900 0

- - - өзгелерi:

-

8609 00

арнайы арналған және көлiктiң бiр немесе бiрнеше түрлерiмен тасымалдауға жабдықталған (сұйықтықтарды немесе газдарды тасымалдау үшiн ыдыстарды қосқанда), контейнерлер:

8609 00 100 0

- радиоактивтi заттарды тасымалдауға арналған қорғасын жабындысы бар радиацияға қарсы контейнер

дана

8609 00 900

- өзгелерi:

8609 00 900 1

- iшкi көлемi 42 текше метрден 43 текше метрге дейiн контейнерлер

дана

8609 00 900 9

- - өзгелерi:

дана

7302

Темiр жол немесе трамвай жолдары үшiн қолданылатын қара металдан жасалған бұйымдары: рельстер, қосалқы рельстер және тiстi рельстер, бұрма рельстерi, қатаң кесiп өту айқаспалары, аударма штангалар және баска көлденең бiрiктiрулер, шпалдар, түйiспе жапсырмалар мен төсемдер, сыналар, тiрегiш тақталар, iлмек рельс болттары, жастықтар және тартпалар, тұғырлар, көлденең жақтаулар және рельстердi бiрiктiру немесе бекiтуге арналған басқа бөлшектер:

7302 10

- рельстер:

7302 10 100 0

- - түстi металдан бөлшектерi бар токжүргiзгiштер

-

- - өзгелерi:

- - - жаңалары:

- - - - кең ұлтандық рельстер:

7302 10 210 0

- - - - - қума метрдiң массасы 46 кг немесе одан астам

-

7302 10 230 0

- - - - - қума метрдiң массасы 27 кг немесе одан астам, бiрақ 46 кг кем емес

-

7302 10 290 0

- - - - - қума метрдiң массасы 27 кг-нан кем

-

7302 10 400 0

- - - - науасы бар рельстер

-

7302 10 500 0

- - - - өзгелерi

-

7302 10 900 0

- - - пайдаланылған

-

7302 30 000 0

- ауыстырылатын рельстер, қатаң қиылысу айқастырмалар, ауыстырылатын штангалар және өзге де көлденең қосылғыштар

-

7302 40 000 0

- түйiспе жапсырмалар және тiрек төсемдер

-

7302 90 000 0

- өзгелерi

-


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina