Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 858 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада: 04 «Бiлiм беру» деген функционалдық топта: 225 «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi» деген әкiмшi бойынша: 005 «Бiлiм және ғылым объектiлерiн салу және реконструкциялау» деген бағдарламада: «Астана қаласы» деген бөлiмде: «Астана қаласындағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп интернат» деген жолда «1 467 072» деген сандар «1 205 460» деген сандармен ауыстырылсын; «Алматы қаласы» деген бөлiмде: «Қазақстан Республикасының орталық ғылыми кiтапханасы» РМҚК ғимараттарының кешенiн реконструкциялау» деген жолда «714 494» деген сандар «951 636» деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: « Алматы қаласында Қазақ мемлекеттiк қыздар педагогикалық университетiнiң 450 орындық жатақханасын салу | 24 470 | ». 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов
|