Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 956 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Иордан Хашимит Корольдігінің Үкіметі арасындағы Дипломаттық және қызметтік паспорттардың иелерін визалардан босату туралы келісімге қол қою туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иордан Хашимит Корольдігінің Үкіметі арасындағы Дипломаттық және қызметтік паспорттардың иелерін визалардан босату туралы келісімнің жобасы мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жауапты хатшысы Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаевқа кағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иордан Хашимит Корольдігінің Үкіметі арасындағы Дипломаттық және қызметтік паспорттардың иелерін визалардан босату туралы келісімге қол қоюға уәкілеттік берілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов