Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 қыркүйектегі № 953 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 20, 175-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
|