ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 888 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

«2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына және «Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Астана қаласында халықаралық маңызы бар iс-шараларды дайындау және өткiзу, сондай-ақ саяси және әлеуметтiк тұрақтылыққа қауiп төндiретiн жағдайларды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 6812575413 (алты миллиард сегiз жүз он екi миллион бес жүз жетпiс бес мың төрт жүз он үш) теңге сомасында, оның iшiнде:
1) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес iс-шараларды орындау үшiн Астана қаласының әкiмдiгiне аудару үшiн 5734745713 (бес миллиард жетi жүз отыз төрт миллион жетi жүз қырық бес мың жетi жүз он үш) теңге сомасында, оның iшiнде:
нысаналы даму трансферттерi түрiнде 3748183633 (үш миллиард жетi жүз қырық сегiз миллион бiр жүз сексен үш мың алты жүз отыз үш) теңге сомасында, оның iшiнде:
көлiк инфрақұрылымын дамытуға 300000000 (үш жүз миллион) теңге сомасында;
«Астана халықаралық әуежайы» акционерлiк қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға 3448183633 (үш миллиард төрт жүз қырық сегiз миллион бiр жүз сексен үш мың алты жүз отыз үш) теңге сомасында;
автомобиль жолдарын жөндеуге және автобустар сатып алуға ағымдағы нысаналы трансферттер түрiнде 1986562080 (бiр миллиард тоғыз жүз сексен алты миллион бес жүз алпыс екi мың сексен) теңге сомасында қаражат;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiне осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Астана қаласының әкiмдiгiне аудару үшiн санитарлық автокөлiк және арнайы жабдық сатып алуға ағымдағы нысаналы трансферттер түрiнде 159592700 (бiр жүз елу тоғыз миллион бес жүз тоқсан екi мың жетi жүз) теңге сомасында қаражат;
3) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiне осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Астана қаласының әкiмдiгiне аудару үшiн көлiк құралдары мен арнайы жабдық сатып алуға ағымдағы нысаналы трансферттер түрiнде 346882000 (үш жүз қырық алты миллион сегiз жүз сексен екi мың) теңге сомасында қаражат;
4) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiне осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес көлiк құралдары мен арнайы жабдық сатып алуға 327815000 (үш жүз жиырма жетi миллион сегiз жүз он бес мың) теңге сомасында қаражат;
5) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiне радиотолқынды сканерлердi сатып алуға 243540000 (екi жүз қырық үш миллион бес жүз қырық мың) теңге сомасында қаражат бөлiнсiн.
2. Осы қаулыда көрсетiлген орталық мемлекеттiк органдар мен Астана қаласының әкiмдiгi осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен бөлiнген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 3 қыркүйектегi
№ 388 қаулысына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен бөлiнетiн қаражат есебiнен орындалатын iс-шаралар тiзбесi

Р/с

Атауы

Сомасы (мың теңге)

Нысаналы даму трансферттерi

1

№ 23 көшеден әуежайға жолындағы айналма айырымға дейiн Сарыарқа көшесiн салу

300 000,0

2

«Астана халықаралық әуежайы» акционерлiк қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға

3 448 183,6


Барлығы:

3 748 183,6

Ағымдағы нысаналы трансферттер

1

Белгiлеу, жол қозғалысын ұйымдастыру

150 000,0

2

Елшiлiктерге және қонақ үйлерге баратын жолдарды, орамiшiлiк жолдарды, көлiк тұратын орындарды, кiреберiс жолдарын орташа (ағымдық) жөндеу бойынша жұмыстар

522 000,0

3

Автобустар сатып алу (40 бiрлiк)

1 314 562,1


Барлығы:

1 986 562,1


Жиыны:

5 734 745,7

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 3 қыркүйектегi
№ 883 қаулысына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнiң қаражаты есебiнен сатып алатын автокөлiк пен арнайы жабдықтың тiзбесi

Атауы

Саны (дана)

Сомасы (мың теңге)

Санитарлық автокөлiк

9

155 774,7

Оттегi баллоны бар өкпенi жасанды желдету портативтi аппараты

2

3 818,0

Барлығы:


159 592,7

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 3 қыркүйектегi
№ 888 қаулысына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнiң қаражаты есебiнен сатып алатын автокөлiк иен арнайы жабдықтың тiзбесi

Р/с

Атауы

Саны (дана)

Сомасы (мың теңге)

1

Автокөлiк:

50

272 307


Өкiлдiк санаттағы жеңiл автокөлiк

3

37 932


Жеңiл автокөлiк

32

156 350


Жоғары өтiмдi жеңiл автокөлiк

5

11 475


Автобус

7

30 100


Шағын автобус

3

36 450

2

Арнайы қарайтын құрал:

117

20 900


Стационарлық металды детектор

15

15 000


Портативтi қол металл детекторы

86

4 300


Қарау айнасы

16

1 600

3

«Модульдi нұсқадағы» стационарлық бекет

6

6 000

4

Байланыс құралдары:

816

47 675


Гарнитурасы бар жиынтықта алып жүретiн конвенциальды радиостанциялар

120

11 280


Жабық түрдегi гарнитурасы бар жиынтықта алып жүретiн конвенциальды радиостанциялар

115

16 905


Цифрлық транкты радиостанцияларға арналған гарнитуралар

55

1 485


Конвенциальды радиостанцияларға арналған гарнитуралар

425

5 100


Автокөлiкке арналған ұтқыр радиостанциялар

50

2 850


Сәулелi матрицасы бар сигналды-дауыс зорайтқыш құрылғы

50

9 100


Радио сигналдың қуатын күшейтуге арналған жиынтықта ретранслятор

1

955


Барлығы:


346 882

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 3 қыркүйектегi
№ 888 қаулысына
4-қосымша

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнiң қаражаты есебiнен сатып алатын автокөлiк пен арнайы жабдықтың тiзбесi

Р/с

Атауы

Саны (бiрлiк)

Сомасы (мың теңге)

1

Негiзгi және арнайы өрт сөндiру автомобильдерi

6

234 933


Авариялық-құтқару автомобилi АСА-20

1

29 990


Шұғыл ден қою автомобилi АБР-1,0-0,4

1

39 990


Шұғыл ден қою автомобилi АБРVW

1

35 061


Түтiн жою автомобилi ТЖК

1

84 720


Газтүтiннен қорғайтын қызметiнiң автомобилi АГ

1

30 562


Штабтық автомобилi ША

1

14 610

2

Байланыс құралдары

1 617

74 494


Диспетчерлiк коммутаторлық консоль

1

26 450


Ұтқыр радиостанция

30

1 796


Алып жүретiн радиостанциялар

300

30 300


Литий-ионды аккумулятор 2000 mАh

1 200

14 280


Автомобилдiң борт желiсiнiң желiлiк емес кедергi фильтрi 12В

80

739


Радио және телефон сөйлесуiн жазу жүйесiнiң платасы

6

929

3

Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдары, жасырын жануды анықтайтын аспаптар және қауiпсiздiк датчиктерi

59

18 388


Тұйық тiзбектi тыныс алу аппараттар жиынтығы (4-сағат жұмыс iстеу уақытымен)

18

13 500


Жылувизор

1

2 288


Қолмен iске қосудың термодатчигi бар жылжымайтын жағдайдағы дабылқаққыш

40

2 600

Барлығы:


327 815


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina