ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 969 Қаулысы
"Гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған «Гендiк түрлендiрiлген (трансгендiк) өсiмдiктер мен жануарлардан алынған тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап он екi ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 21 қыркүйектегi
№ 969 қаулысымен
бекiтiлген

«Гендiк түрлендiрiлген (трансгендiк) өсiмдiктер мен жануарлардан алынған тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентi

1. Қолданылу аясы

1. Осы «Гендiк түрлендiрiлген (трансгендiк) өсiмдiктер мен жануарлардан алынған тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентi (бұдан әрi - Техникалық регламент) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiне, Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы, «Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi заңдарына сәйкес әзiрленген және гендiк түрлендiрiлген (трансгендiк) өсiмдiктер мен жануарлардан алынған тамақ өнiмдерiн әзiрлеу, өндiру, айналымы, кәдеге жарату және жою кезiнде оның қауiпсiздiгiне қойылатын барынша аз қажеттi талаптарды белгiлейдi.
2. Осы Техникалық регламент Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметiнiң бiрыңғай тауар номенклатурасының (КО СЭҚ БТН) 02, 03, 09, 13, 18 және 21 тауар топтарына, 0401-0406, 0407 00, 0408 19 810 0, 0408 19 890 0, 0408 99 800 0, 0409 00 000 0, 0410 00 000 0, 0712-0714, 0801-0806, 0811-0813, 0814 00 000 0, 0901, 0902, 0903 00 000 0, 0904, 0905 00 000 0, 0906, 0907 00 000 0,0908-0910, 1101 00, 1102, 1103, 1105-1108, 1208, 1210, 1212, 1501 00, 1501 00-1503 00, 1504, 1506 00 000 0, 1507-1517, 1601 00, 1602, 1603 00, 1604, 1605, 1701, 1702, 1704, 1801 00 000 0, 1803, 1804 00 000 0, 1805 00 000 0, 1806, 1901, 1902-1905, 2001-2003, 2005-2009, 2101-2104, 2105 00, 2106 тауарлық позициясына, кiретiн гендiк түрлендiрiлген (трансгендiк) өсiмдiктер мен жануарлардан алынған тамақ өнiмдерiне қолданылады.
3. Техникалық реттеу объектiлерi:
1) бiр немесе бiрнеше гендiк түрлендiрiлген (трансгендiк) өсiмдiктердi және жануарларды толық не iшiнара қамтитын немесе олардан алынған;
2) өзiнiң құрамы гендiк түрлендiрiлген (трансгендiк) өсiмдiктерден және жануарлардан өндiрiлген ингредиенттердi қамтитын тамақ өнiмi болып табылады.
4. Гендiк түрлендiрiлген (трансгендiк) өсiмдiктер мен жануарлардан алынған тамақ өнiмдерi үшiн төрт әлеуеттi қауiптi (проблемалық) фактор белгiленген:
1) енгiзiлген гендер (гендiк өнiмдер);
2) «бөгде» және «туған» гендер арасындағы өзара әрекет;
3) «жаңа» гендердi тарату;
4) гендiк түрлендiрiлген технологияларға тән алдын ала болжанбаған («белгiсiз») әсерлер.
5. Жүргiзiлген қауiп-қатердi бағалауды ескере отырып, қауiп-қатердi жоюға немесе гендiк түрлендiрiлген (трансгендiк) өсiмдiктер мен жануарлардан алынған тамақ өнiмдерiн әзiрлеу, өндiру және айналымы кезiнде оны рұқсат етiлген деңгейге дейiн азайтуға арналған шаралар кешенi айқындалады.
6. Рұқсат етiлген қауiп-қатерлердi айқындау кезiнде:
қауiп-қатерлердi бағалау нәтижелерi;
өзгерген тiрi организмдердi қолдану аясы есепке алынады.
7. Гендiк түрлендiрiлген (трансгендiк) өсiмдiктер мен жануарлардан алынған тамақ өнiмдерiнiң қауiп-қатерлерiн бағалау зертханалық зерттеулер барысында қауiп-қатерлердi кешендi бағалау ретiнде жүзеге асырылады және мыналарды:
1) негiзгi компоненттердiң қауiп-қатерiн бағалауды, метаболиттердi айқындауды, тамақ өнiмдерiн өндiру технологиясының нәтижелерiн, тағамдық өзгерiстi;
2) өзгерген тiрi организмдер құрамына кiретiн белоктардың физикалық-химиялық қасиеттерiн бағалауды (рН, су дисперсияларының ерiгiштiгi, реологиялық қасиеттерi, суды ұстап қалу және майды ұстап қалу қабiлетi, гельдiң пайда болуының күрделi шоғырлануы, эмульсиялық тұрақтылығы);
3) өзгерген тiрi организмдердiң физикалық-химиялық қасиеттерiн, олардың тағамдық және биологиялық құндылықтарын, сондай-ақ тамақ өнiмi қауiпсiздiгiнiң гигиеналық айғақтарын бағалауды;
4) өзгерген тiрi организмдердiң микроорганизмдерге медициналық-биологиялық әсерiн бағалауды қамтиды. Өзгерген тiрi организмдердiң медициналық-биологиялық әсерiн айқындау жануарларға жүргiзiлген тәжiрибелер нәтижелерi негiзiнде жүзеге асырылады. Ол уыттылықты, эмбриуытты, гонадотроптық, тератогендiк, мутагендiк әсерлердi, иммундық модульдеушi, аллергиялық қасиеттердi, макроорганизмнiң әртүрлi биотоптарының микробиоценозға әсер етуiн бағалауды, гемотологиялық және биохимиялық зерттеулер жүргiзудi көздейдi.
8. Тағамдық мақсаттарға арналған өзгерген тiрi организмдер үшiн болуы мүмкiн уыттылықтың және айқын заттардың патогенетикасымен байланысты басқа да ерекшелiктерiнiң, иммунологиялық әсердiң, адамның асқазан-iшек жолында микроорганизмдер болуының және олардың өмiр сүруге қабiлеттiлiгiнiң, антибиотикорезистенттiктiң және өзгерген тiрi организмдердiң гендерiн ауыстырып қондырудың қауiпсiздiгiн бағалау жүргiзiледi.
9. Гендiк түрлендiрiлген (трансгендiк) өсiмдiктер мен жануарлардан алынған тамақ өнiмдерiнiң адамның денсаулығына және Қазақстан Республикасының қоршаған ортасына қауiп-қатерiн бағалау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен аккредиттелген немесе аттестатталған зертханаларда жүзеге асырылуы тиiс.
10. Гендiк түрлендiрiлген (трансгендiк) өсiмдiктер мен жануарлардан алынған тамақ өнiмдерiн сәйкестендiру:
1) көзбен қарау;
2) тұтыну (топтық, көлiктiк) қаптамасында ұсынылған терминологияға және ақпаратқа енгiзiлген сипаттамалық белгiлердi бағалау;
3) нормативтiк, техникалық, өзге де iлеспе құжаттарда немесе тамақ өнiмнiң нақты түрлерiн жеткiзуге арналған шарттарда-келiсiмшарттарда көзделген көрсеткiштер бойынша ұсынылған ақпаратты бағалау әдiстерiмен жүргiзiледi.
11. Гендiк түрлендiрiлген (трансгендiк) өсiмдiктер мен жануарлардан алынған тамақ өнiмдерiн сәйкестендiру осы Техникалық регламентке қосымшаға сәйкес схема бойынша жүргiзiледi.
12. Осы Техникалық регламенттiң 10-тармағында көрсетiлген әдiстердiң кез келгенiмен алынған ақпарат жеткiлiксiз болған кезде белоктардың физикалық-химиялық қасиеттерi бойынша зертханалық (полимераздық тiзбек реакциясы әдiсiмен) бағалау және сынау жүргiзедi.
13. Сәйкестендiрудi қамтамасыз ету мақсатында гендiк түрлендiрiлген (трансгендiк) өсiмдiктер мен жануарлардан алынған тамақ өнiмдерiне арналған iлеспе құжаттар мынадай ақпаратты:
1) өндiрушiнiң атауы мен мекенжайын;
2) өзгерген тiрi организмдер үшiн атауы және сәйкестендiру деректерiн;
3) мыналар:
тамақ өнiмдерi және тағамдық қоспалар ретiнде және өндiру кезiнде пайдалану үшiн және (немесе) азық және азықтық қоспалар ретiнде және өндiру кезiнде пайдалану үшiн өзгерген тiрi организмдердi қолданудың рұқсат етiлген саласын қамтуы тиiс.

2. Терминдер мен анықтамалар

14. Осы Техникалық регламентте мынадай негiзгi терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) бастапқы контейнер - гендiк түрлендiрiлген (трансгендiк) өсiмдiктер мен жануарлардан алынған тамақ өнiмдерiн тiкелей қоршайтын контейнер (тасымалдау ыдысы, қаптама);
2) «бұзылмайтын» - қысым, күш, әсер, температура және ылғалдылық тәрiздi тасымалдаудың саналы түрде күтiлетiн жағдайында тұтастықты сақтау мүмкiндiгi;
3) гендiк түрлендiрiлген (трансгендiк) өсiмдiктер мен жануарлар - тамақ өнiмi ретiнде не тамақ өнiмiн ендiру үшiн бастапқы материал ретiнде пайдаланылуы мүмкiн өзгерген тiрi организмдер;
4) екiншi (сыртқы) контейнер - бастапқы контейнердi тiкелей қоршайтын контейнер (тасымалдау ыдысы, қаптама);
5) компонент (ингредиент) - жануардан немесе өсiмдiктен алынатын зат немесе өнiм, сондай-ақ тамақ өнiмiн дайындау немесе өндiру кезiнде пайдаланылатын және дайын өнiмде бастапқы немесе өзгерген түрде болатын тағамдық қоспалар;
6) «мөр соғылған» - тасымалданатын және тасымалдаудың стандартты рәсiмi кезiнде жабық күйде қалуы мүмкiн өзгерген барлық тiрi объектiлердi немесе репродуктивтi материалды (оның iшiнде тозаң) ұстап тұру қабiлетi;
7) өзгерген тiрi организмдер - гендiк инженерия әдiстерiн пайдалану нәтижесiнде алынған генетикалық материалдың жаңа комбинациясына ие, тұқым қуалайтын генетикалық материалды өндiруге немесе беруге қабiлеттi кез келген тiрi организмдер (микроорганизмдер);
8) сәйкестендiру деректерi - өзгерген тiрi организмдердi (генетикалық түрлендiрiлген объектiлер) айқындауға мүмкiндiк беретiн толық ақпаратты қамтитын деректер;
9) тасымалдау - тауарларды (өнiмдi) жөнелту пунктiнен мақсатты пунктке көшiру;
10) уәкiлеттi орган - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк орган.

3. Қазақстан Республикасы нарығындағы айналым шарттары

15. Гендiк түрлендiрiлген (трансгендiк) өсiмдiктер мен жануарлардан алынған тамақ өнiмдерiнiң айналымы осы Техникалық регламентке, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 27 маусымдағы № 630 қаулысымен белгiленген Генетикалық түрлендiрiлген объектiлердiң айналымы ережесiне сәйкес жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган беретiн Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкпен қоса жүредi.
16. Қазақстан Республикасының аумағында тiркеу сынақтарын өткiзу үшiн қажеттi үлгiлердi әкелу (импорттау) жағдайларын қоспағанда, генетикалық түрлендiрiлген объектiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде тiркелмеген гендiк түрлендiрiлген (трансгендiк) өсiмдiктер мен жануарлардан алынған тамақ өнiмiнiң айналымына жол берiлмейдi.
17. Тiркеу сынақтарын өткiзу үшiн қажеттi гендiк түрлендiрiлген (трансгендiк) өсiмдiктер мен жануарлардан алынған тамақ өнiмiнiң үлгiлерiн әкелу (импорттау) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 19 ақпандағы № 165 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк тiркелуге тиiстi тамақ өнiмдерiн әкелу (импорттау) ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.
18. Гендiк түрлендiрiлген (трансгендiк) өсiмдiктер мен жануарлардан алынған тамақ өнiмдерiн қадағалауды (қауiп-қатерлердi басқаруды) қамтамасыз ету мақсатында өндiрушiлер (өткiзушiлер) тiршiлiк циклдың барлық сатыларында:
1) өнiмнiң (постнарық мониторингi) қайда және қай жерден сатылғандығын қадағалау жүйесiнiң болуы;
2) өнiмнiң сәйкестендiру деректерiне қатысты ақпарат беру;
3) сипаттамасында өзгерген тiрi организмдер туралы ақпарат болуы немесе егер өнiм өзгерген тiрi организмдерден өндiрiлген болса, ақпаратты 5 жыл бойы сақтау және тиiстi уәкiлеттi органдар үшiн олардың талабы бойынша оның қолжетiмдi болуын қамтамасыз етедi. Қадағалауды қамтамасыз ету жауапкершiлiгi осы тамақ өнiмiн өндiрушiден басталады.
19. Гендiк түрлендiрiлген (трансгендiк) өсiмдiктер мен жануарлардың айналымы кезiнде пайдаланылатын көлiк құралдары тасымалдау кезiнде оларды кез келген жоғалтудан немесе кездейсоқ шығудан қорғауды қамтамасыз етуi тиiс.
20. Тасымалданатын гендiк түрлендiрiлген (трансгендiк) өсiмдiктер, оның iшiнде өзгерген тiрi микроорганизмдердi қамтитын өсiмдiктер «мөр соғылған», «бұзылмайтын» бастапқы контейнерлердiң iшiнде толық болуы тиiс.
21. Тасымалдау ғимараттың iшiнде болатын жағдайларды қоспағанда, тасымалдау рәсiмдерi өзгерген тiрi организмдердi қадағалауды қамтамасыз ету мақсатында құжатталған болуы тиiс.

4. Тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар

22. Гендiк түрлендiрiлген (трансгендiк) өсiмдiктер мен жануарлардан алынған тамақ өнiмiн өндiру, тасымалдау және өткiзу «Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңында және осы Техникалық регламентте белгiленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
23. Гендiк түрлендiрiлген (трансгендiк) өсiмдiктер мен жануарлардан алынған тамақ өнiмi уытты, аллергиялық, иммундық-модульдеушi, гендiк-уыттылық әсер бермеуi, өндiру функциясына, гормондық реттеуiшке әсер етпеуi, сондай-ақ азаматтардың өмiрi мен денсаулығына олардың дәстүрлi ұқсастарына қарағанда үлкен дәрежеде өзге де зиян келтiрмеуi тиiс.
24. Гендiк түрлендiрiлген (трансгендiк) өсiмдiктер мен жануарлардан алынған тамақ өнiмi қауiпсiздiгiнiң гигиеналық көрсеткiштерi (органолептикалық, санитариялық-гигиеналық, санитариялық-химиялық, биохимиялық, микробиологиялық, уытты, паразитологиялық, радиологиялық, энергетикалық және тағамдық құндылығы) тамақ өнiмiнiң жекелеген түрi үшiн белгiленген қолданыстағы техникалық регламенттер немесе санитариялық ережелердiң талаптарына сәйкес болуы тиiс.
25. Қазақстан Республикасында дайындалған және айналымға алғаш рет түсетiн гендiк түрлендiрiлген (трансгендiк) өсiмдiктер мен жануарлардан алынған тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi нарыққа шыққанға дейiн осы Техникалық регламенттiң 1-бөлiмiнде белгiленген талаптарға сәйкес, сондай-ақ Монреальда 2000 жылғы 29 қаңтарда қол қойылған Биологиялық түрлiлiк туралы конвенцияға Биоқауiпсiздiк жөнiндегi Картахен хаттамасында көзделген талаптарға сәйкес оның қауiпсiздiгiн ғылыми негiзде растау жолымен дәлелденген болуы тиiс.
26. Қазақстан Республикасында гендiк түрлендiрiлген (трансгендiк) өсiмдiктер мен жануарлардан алынған тамақ өнiмiн өндiру (алу) мемлекеттiк экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың он қорытындылары болған кезде жүзеге асырылады. Жоғарыда аталған қорытындылар болмаған кезде гендiк түрлендiрiлген (трансгендiк) өсiмдiктер мен жануарлардан алынған тамақ өнiмiн пайдалануға тыйым салынады.
27. Қазақстан Республикасының аумағында гендiк түрлендiрiлген (трансгендiк) өсiмдiктер мен жануарлардан алынған тамақ өнiмiн арнайы мақсаттағы өнiмдер, балаларға арналған тамақ және (немесе) оларды өндiруге арналған шикiзаттар (ингредиенттер) ретiнде пайдалануға тыйым салынады.
28. Өзгерген тiрi организмдер жоғалған немесе босатылған, оның iшiнде алушыға жеткiзiлмеген жағдайда жоғалған өзгерген тiрi организмдердi табу және (немесе) ұстап тұру, не орнына қою немесе өзгерген тiрi организмдердi өмiр сүруге қабiлетсiз етудi қамтамасыз ететiн қажеттi шаралар дереу қабылдануы тиiс.
29. Тасымалдау кезiнде өзгерген тiрi организмдердi сыртқы контейнерден тыс кез келген абайсызда босату (оның iшiнде төгiлуi немесе ағып кетуi) зарарсызданған (дезактивтенген) болуы тиiс.
30. Тасымалдау кезiнде босатылмаған өзгерген тiрi организмдердi кез келген жоғалту немесе кездейсоқ шығару (оның iшiнде жоғалту, төгу, ағу немесе босату) дереу уәкiлеттi органға хабарлануы тиiс.
31. Кәдеге жаратуға мына себептер бойынша сапасыз және қауiптi деп танылған:
1) осы Техникалық регламенттiң талаптарына сәйкес келмейтiн;
2) жарамсыздықтың айқын белгiлерi бар;
3) шығарылу орны, сапасы мен қауiпсiздiгiн растайтын өндiрушiнiң (дайындаушының) немесе өнiм берушiнiң құжаттары жоқ
4) Қазақстан Республикасының Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы заңнамасында және осы Техникалық регламентте көзделген мәлiметтердi қамтитын таңбалаулары жоқ
5) жарамдылық мерзiмi белгiленбеген немесе асып кеткен;
6) адамдар мен жануарлардың аурулары мен уланулары пайда болу және таралу қаупiн тудыратын, адамның және жануарлардың өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға тiкелей қауiп төндiретiн гендiк түрлендiрiлген (трансгендiк) өсiмдiктер мен жануарлардан алынған тамақ өнiмi жатады.
32. Жоюға мына себептер бойынша сапасыз және қауiптi деп танылған:
1) мемлекеттiк тiркеуден өтпеген;
2) кәдеге жаратуға жарамсыз гендiк түрлендiрiлген (трансгендiк) өсiмдiктер мен жануарлардан алынған тамақ өнiмi жатады.
33. Гендiк түрлендiрiлген (трансгендiк) өсiмдiктер мен жануарлардан алынған тамақ өнiмiн кәдеге жаратуды және жоюды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 15 ақпандағы № 140 қаулысымен бекiтiлген Адамның өмiрi мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауiп төндiретiн тамақ өнiмдерiн кәдеге жарату және жою ережесiне және осы Техникалық регламентке сәйкес өндiрушi (дайындаушы) немесе сатушы жүзеге асырады.
34. Тасымалданғаннан кейiн ол сертификатталған үй-жайда тұрған кезден басқа жағдайларда қаптау әдiстердiң кез келгенiмен (будың қысымымен стерилдеу (автоклавта) немесе басқа термиялық өңдеу немесе химиялық өңдеу немесе өртеу не уәкiлеттi орган жазбаша түрде бекiткен кез келген басқа әдiспен) зарарсыздандырылуы тиiс.

5. Қаптауға және таңбалауға қойылатын талаптар

35. Гендiк түрлендiрiлген (трансгендiк) өсiмдiктер мен жануарлардан алынған тамақ өнiмiн қаптау және таңбалау Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 21 наурыздағы № 277 қаулысымен бекiтiлген «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгi жапсыруға және оларды дұрыс түсiруге қойылатын талаптар» техникалық регламентiнiң және осы Техникалық регламенттiң талаптарына сәйкес келуi және шынайы болуы, тұтынушыны жаңылыстырмауы және оның құрамы мен қасиеттерi туралы қате түсiнiк бермеуi тиiс.
36. Гендiк түрлендiрiлген (трансгендiк) өсiмдiктер мен жануарлардан алынған тамақ өнiмi туралы ақпарат, егер өзгерген тiрi организмдердiң құрамы осындай компонентте 0,9 және одан астам пайыз қамтыған болса, оларды қолдану арқылы алынған (немесе) компоненттерден тұратын тамақ өнiмдерiнде болуы туралы мәлiметтi қамтуы тиiс. Бұл ретте өзгерген тiрi организмдер үшiн «Осы өнiм генетикалық түрлендiрiлген организмдердi қамтиды» деген сөздер жеке сөйлеммен көрсетiлуi, соңғы тұтынушыға сату кезiнде қаптама өнiмдерi үшiн - заттаңба, қапталмаған өнiмдер үшiн - өнiм туралы нұсқауларда көрсетiлуi тиiс.
Кездейсоқ немесе техникалық түзетiлмейтiн қоспа болып табылатын өзгерген тiрi организмдердi қолдану арқылы алынған құрамы 0,9 және одан астам пайыз компоненттi қамтитын тамақ өнiмдерi өзгерген тiрi организмдерге жатпайды.
37. Гендiк түрлендiрiлген (трансгендiк) өсiмдiктер мен жануарлардан алынған тамақ өнiмiн таңбалау «генетикалық түрлендiрiлген» немесе «генетикалық түрлендiрiлуден алынған (шикiзатты көрсету)» немесе «осы өнiмнiң құрамы генетикалық түрлендiрiлген организмдердi қамтиды» делiнiп:
бiр компоненттi өнiмдер үшiн - көрiнетiн бiр бөлiгiнде анық, ажыратылатын қарiппен өнiмнiң атауын;
көп компоненттi өнiмдер үшiн - тамақ өнiмiнiң құрамын таңбалау кезiнде - тiкелей тиiстi ингредиенттен кейiн, не жалпы топтық атаумен бiрiккен ингредиенттердiң тiзiмiнен кейiн. Мәтiнге бiр мәнде түсiнiлетiн, нақты ингредиентке не тамақ өнiмi құрамының көрсеткiшiнен кейiн тiкелей орналасқан ингредиенттердiң тiзiмiне қатысты, құрам туралы ақпарат жазылған қарiппен көрiнетiн бөлiкке жасалған «генетикалық түрлендiрiлген» немесе «генетикалық түрлендiрiлгеннен (шикiзат көрсетiледi) алынған» деген сiлтемемен таңбалауға жол берiледi.
38. Өзгерген тiрi микроорганизмдердi пайдалана отырып (немесе) алынған тамақ өнiмдерi үшiн мынадай:
құрамы өзгерген тiрi микроорганизмдердi қамтитын тамақ өнiмi үшiн - «Өнiм өзгерген тiрi микроорганизмдердi қамтиды»;
құрамы өмiр сүруге қабiлетсiз өзгерген тiрi микроорганизмдердi қамтитын тамақ өнiмi үшiн - «Өнiм өзгерген тiрi микроорганизмдердi пайдалану арқылы алынған»;
технологиялық өзгерген тiрi микроорганизмдерден (бактериялар, грибоктар, вирустар және кейбiр көп жасушалы организмдер) босатылған тамақ өнiмi үшiн немесе өзгерген тiрi микроорганизмдерден босатылған компоненттердi пайдалану арқылы алынған тамақ өнiмi үшiн - «Өнiм өзгерген тiрi микроорганизмдердi пайдалану арқылы алынған компоненттердi қамтиды» деген ақпарат болуы мiндеттi.
39. Қаптау материалдары, сондай-ақ гендiк түрлендiрiлген (трансгендiк) өсiмдiктер мен жануарлардан алынған тамақ өнiмiн өлшеп-орау және қаптау тәсiлдерi олардың қоршаған ортаға кездейсоқ шығуын болдырмау мақсатында тасымалдау және сақтау кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуi тиiс.
40. Тасымалдау ғимараттың iшiнде болатын жағдайларды қоспағанда, осы Техникалық регламенттiң 28-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде уақтылы шаралар қабылдау мақсатында сыртқы контейнерде тасымалдауға жауапты адамның аты, мекенжайы және байланыс деректерi болуы тиiс.

6. Сәйкестiктi растау

41. Қазақстан Республикасының тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган беретiн Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң болуы Гендiк түрлендiрiлген (трансгендiк) өсiмдiктер мен жануарлардан алынған тамақ өнiмiн растау болып табылады.

7. Қолданысқа енгiзу мерзiмi мен шарттары

42. Осы Техникалық регламент алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап он екi ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Техникалық регламентке
қосымша

Гендiк түрлендiрiлген (трансгендiк) өсiмдiктер мен жануарлардан алынған тамақ өнiмдерiн сәйкестендiру схемасы

__________
| Жоқ |
----------
|
_____________ ГТО айқындау |
| Тамақ өнiмi |-------------------------------------|
------------- |
|
_________
ГТО сәйкестендiру | Бар |
---------
|
------------------------------------------------|
| | |
| | |
| | |
_________________ ______________________ ____________________
|Тағам мақсатында | | Тiркеу жүйесiнен | | Тағам мақсатына |
| рұқсат етiлген | | өтпеген | | тыйым салынған |
----------------- ---------------------- --------------------
|
|
| _________________
| _________|Таңбалануға жатады|
__________________ | ------------------
| Санын айқындау |__________|
------------------ |
| _________________
----------| Таңбалануға |
| жатпайды |
-----------------


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina