Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 қазандағы № 1016 Қаулысы
Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу қағидасын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 234-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов