ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қазандағы № 1040 Қаулысы
Техникалық жабдыққа қойылатын талаптарды және оны қолдану тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 34-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Техникалық жабдыққа қойылатын талаптар және оны қолдану тәртібі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 8 қазандағы
№ 1040 қаулысымен
бекітілген

Техникалық жабдыққа қойылатын талаптар және оны қолдану тәртібі

1. Жалпы ережелер

1. Осы Техникалық жабдыққа қойылатын талаптар және оны қолдану тәртібі «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 34-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Осы Техникалық жабдыққа қойылатын талаптарда және оны қолдану тәртібінде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) абоненттік терминал - байланыс желілері бойынша дабыл беру арқылы объектінің орналасу орнын айқындауға мүмкіндік беретін спутниктік навигация жүйесінің қондырғысы;
2) диспетчерлік орталық - Қазақстан Республикасында тіркелген спутниктік навигация қызметтерін көрсету операторы;
3) штаттық режим - белгіленген уақыт параметрлеріне сәйкес көлік құралының орналасқан жері туралы дабыл берілетін абоненттік терминалдың жұмыс режимі;
4) штаттан тыс режим - көлік құралының орналасқан жерін анықтау мүмкіндігі болмаған не дабыл беру белгіленген уақыт параметрлері бұзылған жағдайдағы абоненттік терминалдың жұмыс режимі.

2. Техникалық жабдыққа қойылатын талаптар

3. Абоненттік терминал мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
1) терминалдың пайдалану сапасын сыртқы жағдай әсерінен (атмосфера әсерінен, температураның ауытқуы, жоғары ылғалдылық, дірілдеу) жұмыс істеу қалпында сақтауына мүмкіндік беретін берік материалдардан жасалған корпусының болуы;
2) рұқсатсыз алуды болдырмау мақсатында және оны көлік құралының ішіне стационарлық бекітуге сәйкестендіру құралдарын салуға мүмкіндік беретін конструкциясының болуы;
3) кедендік бақылаудағы тауарлардың өткізілуіне бүкіл бағыт бойы тұрақты дабыл беруді қамтамасыз етуі.

3. Техникалық жабдықты қолдану тәртібі

4. Кедендік тасымалдаушы кедендік бақылауда тасымалдау үшін пайдаланылатын әрбір көлік құралын абоненттік терминалмен жарақтандырады.
5. Көлік құралына қондырылған абоненттік терминал көлік құралының орналасқан жері туралы дабыл беруді Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қамтамасыз етеді.
6. Абоненттік терминал қондырылған көлік құралын пайдалану басталғанға дейін кедендік тасымалдаушыны тіркеген кеден органы абоненттік терминалға пломба салады.
Кедендік тасымалдаушының осындай қызметті жүзеге асыру үшін Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген шарттар мен міндеттерді сақтамауы, оның ішінде абоненттік терминалдың болмауы не оның ақаулы болуы, сонымен қатар сәйкестендіру құралдарын өзгерту, алып тастау, жою, зақымдау не жоғалту Қазақстан Республикасының Јкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.
7. Абоненттік терминал диспетчерлік орталықтардың біріне қосылады. Кедендік тасымалдаушы диспетчерлік орталық арқылы кеден органына көлік құралының өткізілуі туралы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді, ол:
1) көлік құралына қондырылған абоненттік терминалдың дабылдарын қабылдау мен өңдеуді;
2) абоненттік терминалдың қабылданған дабылдары негізінде көлік құралының орналасқан жерін анықтауды;
3) абоненттік терминалды қосу және сөндіру күні мен уақытын белгілеуді;
4) пароль белгілеу, есепке алу жазбаларын әкімшілендендіру арқылы ақпаратқа қол жеткізуді шектеуді;
5) кеден органына көлік құралы туралы ақпарат ұсынуды;
6) көлік құралы туралы ақпаратты 3 жыл ішінде мұрағаттау мен сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.
8. Абоненттік терминалдың техникалық параметрлері шығарушы зауыттың техникалық шарттары мен параметрлеріне сәйкес белгіленеді.
9. Штаттық режимде жұмыс істейтін кедендік бақылаудағы тауарлар өткізілетін көлік құралдарына қондырылған абоненттік терминалдардың дабылы үшін көлік құралының орналасқан жері туралы абоненттік терминалдың дабыл беру арақашықтығы 60 минуттан аспайды.
10. Абоненттік терминал штаттан тыс жұмыс істеу режимнің функциясын ұстайды, ол автоматты режимде мынадай жағдайларда енгізіледі:
1) көлік құралының орналасқан жерін анықтау мүмкін болмаса;
2) көлік құралында қондырылған абоненттік терминалдың белгіленген штаттық режимі бұзылғанда.
Абоненттік терминалдың қауіпті дабылдар беруінің басталуы штаттан тыс режим енгізілген сәттен бастап 5 минуттан аспауға тиіс.
11. Абоненттік терминал кедендік бақылаудағы тауарларды бүкіл өткізу кезеңіне жұмыс істейтін қалыпта және дабыл беру режимінде болады.
12. Абоненттік терминалды қосу тауарлар кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылғаннан кейін қамтамасыз етіледі, ал кедендік транзит кедендік рәсімі аяқталғаннан кейін абоненттік терминалды сөндіруге жол беріледі.

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina