Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1119 Қаулысы
Кедендік бақылау мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы кеден органдарының су және әуе кемелерін пайдалану қағидасын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 196-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Кедендік бақылау мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы кеден органдарының су және әуе кемелерін пайдалану қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов