Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1149 Қаулысы
Қазақстан Республикасының кеден органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидасын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 216-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кеден органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов