Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қарашадағы № 1224 Қаулысы
"Венада 1968 жылғы 8 қарашада қол қою үшін ашық Жол белгілері мен сигналдары туралы конвенцияны толықтыратын Еуропалық келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: «Венада 1968 жылғы 8 қарашада қол қою үшін ашық Жол белгілері мен сигналдары туралы конвенцияны толықтыратын Еуропалық келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов