Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қарашадағы N 1233 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына, «Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкiметiҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне осы қаулыға қосымшаға сәйкес сот актiлерiн орындау үшiн 2010 жылға арналған республикалық бюджетте соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындауға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 3557263 (үш миллион бес жүз елу жетi мың екi жүз алпыс үш) теңге бөлiнсiн. 2. Зиян келтiрген мемлекеттiк органдар заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен оқшауландырылған қаражатты өтеу жөнiнде шаралар қабылдасын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К.Мәсiмов Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 23 қарашадағы № 1233 қаулысына қосымша Орындауға жататын сот актiлерiнiң тiзбесi Р/с № | Сот органының атауы және шешiм шығарылған күн | Талапкер | Мемлекет кiрiсiне алынатын мемлекеттiк баж шегерiлген сома (теңге) | Мемлекет кiрiсiне алынатын мемлекеттiк баж (теңге) | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 1 | Ақтөбе қаласы сотының 2009 жылғы 14 желтоқсандағы шешiмi, Ақтөбе облыстық соты азаматтық iстер жөнiндегi алқасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы қаулысы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты азаматтық және әкiмшiлiк iстер жөнiндегi қадағалау сот алқасының 2010 жылғы 5 тамыздағы қаулысы | Н.Н. Доценко | 1000000 |
| 2 | Солтүстiк Қазақстан облысы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2008 жылғы 2 желтоқсандағы шешiмi, Солтүстiк Қазақстан облыстық соты азаматтық iстер жөнiндегi алқасының 2009 жылғы 4 ақпандағы қаулысы, Солтүстiк Қазақстан облыстық соты қадағалау алқасының 2009 жылғы 8 қыркүйектегi қаулысы | «Рубеж» ЖШС | 2409300 |
| 3 | Қарағанды облысы Темiртау қалалық сотының 2009 жылғы 26 мамырдағы шешiмi, Қарағанды облыстық сотының азаматтық iстер жөнiндегi алқасының 2009 жылғы 8 шiлдедегi қаулысы, Қарағанды облысының Темiртау қалалық сотының 2009 жылғы 9 қазандағы шешiмi, Қарағанды облыстық сотының азаматтық iстер жөнiндегi алқасының 2009 жылғы 9 желтоқсандағы қаулысы, Қарағанды облысының Темiртау қалалық сотының 2010 жылғы 28 мамырдағы ұйғарымы | Г.К. Закиров | 2010 жылғы 1 шiлдеден бастап 2010 жылғы 30 қыркүйектi қоса алғандағы кезеңге - 36951 |
| 4 | Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 1997 жылғы 14 тамыздағы шешiмi, Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 2002 жылғы 8 наурыздағы ұйғарымы, Алматы қалалық соты қадағалау алқасының 2004 жылғы 23 ақпандағы қаулысы, Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2007 жылғы 14 қыркүйектегi ұйғарымы | Е.И. Пак | 2010 жылғы шiлдеден бастап қыркүйектi қоса алғандағы кезеңге - 17280 |
| 5 | Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2003 жылғы 15 қыркүйектегi шешiмi, Астана қаласы сотының азаматтық iстер жөнiндегi алқасының 2003 жылғы 9 желтоқсандағы қаулысы, Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2005 жылғы 16 ақпандағы ұйғарымы, Астана қаласы қадағалау алқасының 2005 жылғы 30 маусымдағы қаулысы | Ф.М. Кәрiмов | 2010 жылғы шiлдеден бастап қыркүйектi қоса алғандағы кезеңге - 93732 |
| Жиыны: 3557263 | Жалпы сомасы: 3557263 |
|