Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1284 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына, «Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкiметiҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiне Сингапурдағы (Сингапур) 2010 жылғы I Жасөспiрiмдердiң Олимпиада ойындарында жоғары жетiстiктерге жеткенi үшiн қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерiн көтермелеуге 2010 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шұғыл шығындарға арналған резервiнен 8265600 (сегiз миллион екi жүз алпыс бес мың алты жүз) теңге сомасында қаражат бөлiнсiн. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен бөлiнген қаражаттың, пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1284 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерiн Сингапурдағы (Сингапур) 2010 жылғы I Жасөспiрiмдердiң Олимпиада ойындарындағы жоғары нәтижелерi үшiн көтермелеу мөлшерлерi Р/с № | Орын | Спорт түрi | Жарыс бағдарламасы | Спортшының Т.А.Ә. | Сингапурдағы (Сингапур) I Жасөспiрiмдердiң Олимпиада ойындарындағы Қазақстан Республикасының жүлдегерлерiне арналған бiржолғы төлемдер | Жаттықтырушының Т.А.Ә. | Сингапурдағы (Сингапур) I Жасөспiрiмдердiң Олимпиада ойындарындағы Қазақстан Республикасы жүлдегерлерiнiң жаттықтырушыларына арналған бiржолғы төлемдер | Барлығы, доллармен * | Барлығы, теңгемен * | доллар | теңге | доллар | теңге | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 1 | 1 | Грек-рим күресi | 69 кг | Қандыбаев Жәнiбек Жұмасейiтұлы | 10000 | 1476 000 | Науатов Кенже Қазыкейұлы | 5000 | 738000 | 15000 | 2214000 | 2 | 1 | Ауыр атлетика | 63 кг | Жаппарқұл Жазира Әбдiрахманқызы | 10000 | 1476 000 | Төлегенов Рашид Рахманұлы | 5000 | 738000 | 15000 | 2214000 | 3 | 2 | Ауыр атлетика | 58 кг | Чиншанло Зульфия Салахарқызы | 5000 | 738000 | Ни Виктор Геннадьевич | 3000 | 442800 | 8000 | 1180800 | 4 | 2 | Таеквондо | 55 кг | Мамаев Нұрсұлтан Қамбарұлы | 5000 | 738000 | Аманқұлов Бауыржан Икрамханұлы | 3000 | 442800 | 8000 | 1180800 | 5 | 3 | Грек-рим күресi | 42 кг | Баймағанбетов Ақан Бекболатұлы | 3000 | 442800 | Төкенов Қонысбек Кәрiмұлы | 2000 | 295200 | 5000 | 738000 | 6 | 3 | Ауыр атлетика | 77 кг | Сыбай Рүстем Серiкұлы | 3000 | 442800 | Пя Евгений Леонидович | 2000 | 295200 | 5000 | 738000 | Жиыны | 56000 | 8265600 | *2010 ж. 29.10. жағдай бойынша доллар бағамы 147,6 теңгенi құрайды.
|