ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1292 Қаулысы
Кеден одағы шеңберіндегі даулар бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына жүгінуі және олар бойынша сот ісін жүргізу ерекшеліктері туралы шартқа қол қою туралы ұсынысты Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кеден одағы шеңберінде даулар бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына жүгінуі және олар бойынша сот ісін жүргізу ерекшеліктері туралы шартқа қол қою туралы ұсыныс Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов

Жоба

Кеден одағы шеңберіндегі даулар бойынша шаруашылық жүргізуші
субъектілердің Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың
Сотына жүгінуі және олар бойынша сот ісін жүргізу
ерекшеліктері туралы шарт

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер,
халықаралық құқықтың жалпы танылған принциптері мен нормаларын басшылыққа ала отырып,
2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру туралы шартты және 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының Комиссиясы туралы шартты негізге ала отырып,
Кеден одағы шеңберінде жасалған халықаралық шарттарды Кеден одағына мүше мемлекеттердің біркелкі қолдануын қамтамасыз ету мақсатында,
2010 жылғы 5 шілдедегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Соты Статутының 14-бабы 3-тармағын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы уағдаласты:

1-бап

Осы Шарттың мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
«шаруашылық жүргізуші субъект» - Кеден одағына мүше мемлекеттің немесе үшінші мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға не Кеден одағына мүше мемлекеттің немесе үшінші мемлекеттің заңнамасына сәйкес кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға;
«сот шығасылары» - сарапшыларға, куәгерлерге және аудармашыларға төлеуге жататын ақшалай сома, адвокаттар мен Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотында шаруашылық жүргізуші субъектінің мүдделерін білдіретін өзге тұлғалардың қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығыстар және істің Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотында қаралуына байланысты ол бойынша Тараптар шеккен басқа да шығыстар;
«Кеден одағы комиссиясының актілері» - Кеден одағы комиссиясының міндетті сипаты бар және кәсіпкерлік және өзге экономикалық қызмет саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдері.

2-бап

1. Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Соты (бұдан әрі - Сот) шаруашылық жүргізуші субъектілердің өтініштері (бұдан әрі - өтініштер) бойынша:
1) Кеден одағы комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) актілеріне немесе олардың жекелеген ережелеріне дау айту туралы;
2) Комиссияның әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы істерді қарайды.
2. Комиссияның актілеріне немесе олардың жекелеген ережелеріне не Комиссияның әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айту үшін олардың Кеден одағы шеңберінде жасалған халықаралық шарттармен берілген кәсіпкерлік және өзге экономикалық қызмет саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына әкеп соқтырған осы халықаралық шарттарға сәйкессіздігі негіз болып табылады.
3. Егер дәл сол нысана туралы және дәл сондай негіздер бойынша бұрын қаралған іс бойынша Соттың күшіне енген шешімі болса, Сот өтінішті қарауға қабылдамайды.

3-бап

1. Егер шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын халықаралық шарттарды және Кеден одағының комиссиясы актілерін қолдану мәселелері істің мәні бойынша шешілуіне елеулі ықпал етсе, Кеден одағына мүше мемлекеттің сот билігінің жоғарғы органы бұл мәселелер бойынша қорытынды шығару туралы сұраумен Сотқа жүгінуге құқылы.
2. Кеден одағына мүше мемлекеттің сот билігінің жоғарғы органында дауды қарау кезінде іске қатысушы тұлға өзінің халықаралық шарттармен және Кеден одағының комиссиясы актілерімен кепілдік берілген құқықтары бұзылды деп пайымдаса, осы органға қорытынды туралы сұрау жіберу туралы қолдаухатпен жүгінуге құқылы.
3. Егер қорытынды туралы сұраумен жүгіну туралы мәселе Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ол бойынша шешім шағымдануға жатпайтын Кеден одағына мүше мемлекеттің сот билігінің жоғарғы органының қарауындағы істе мәлімделсе, қорытынды сұралатын мәселелер істің мәні бойынша шешілуіне елеулі әсер етуі және Соттың бұдан бұрын ұқсас сұрау бойынша қорытындылар шығармауы шартымен осы орган Сотқа жүгінуге міндетті.

4-бап

1. Комиссияға шаруашылық жүргізуші субъект алдын ала жүгінгеннен кейін ғана Сот өтінішті қарауға қабылдайды.
Егер Комиссия келіп түскен өтініш бойынша екі ай ішінде шаралар қабылдамаса, шаруашылық жүргізуші субъект Сотқа жүгінуге құқылы.
2. Сотқа өтініш беру Комиссия актілерінің қолданылуын тоқтата тұру үшін негіз болып табылмайды.

5-бап

1. Сотқа жіберілетін өтініште:
1) жеке тұлғаның аты-жөні, оның кәсіпкер ретінде тіркелуі туралы деректер немесе заңды тұлғаның атауы және осындай ретінде оның тіркелуі туралы деректер;
2) елдің ресми атауын, пошталық мекенжайын (хат алмасу үшін мекенжай), сондай-ақ телефон, факс нөмірін, электрондық поштаның мекенжайын (егер ондай болған жағдайда) коса алғанда, жеке тұлғаның тұрғылықты жері немесе заңды тұлғаның орналасқан жері;
3) Комиссияның дау айтылатын актісінің атауы, нөмірі, қабылданған күні, жарияланған көзі не Комиссия әрекетінің (әрекетсіздігінің) сипаты;
4) шаруашылық жүргізуші субъектінің пікірінше, Комиссияның дау айтылатын актісімен не Комиссияның әрекетімен (әрекетсіздігімен) бұзылған құқықтары мен заңды мүдделері;
5) шаруашылық жүргізуші субъектінің Комиссия актісін және/немесе Комиссия әрекетін (әрекетсіздігін) Кеден одағы шеңберінде жасалған халықаралық шарттармен өзіне берілген кәсіпкерлік және өзге экономикалық қызмет саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерін бұзады деп тану туралы талабы;
6) Комиссияға жүгінуі туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.
2. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) Комиссияның дау айтылатын актісінің мәтіні;
2) заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің көшірмесі;
3) Комиссияға жүгінуін растайтын құжаттар;
4) баж төленгенін растайтын құжат;
5) шаруашылық жүргізуші субъектінің талаптарын негіздейтін өзге де құжаттар.
3. Сот іс бойынша тараптарды өтінішті қарауға қабылдау туралы не бас тарту негізін көрсете отырып, өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабардар етеді.

6-бап

Істі қараудың кез келген сатысында Сот шешімінің орындалуын қамтамасыз ету немесе Кеден одағы шеңберінде жасалған халықаралық шарттарда көзделген шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерінің ықтимал бұзылуын болдырмау мақсатында Сот іс бойынша тараптың қолдаухаты бойынша немесе жеке бастамасы бойынша ақылға қонымды, оның ішінде қамтамасыз ету сипатындағы уақытша шараларды қабылдауға құқылы.

7-бап

1. Шаруашылық жүргізуші субъектінің Сотқа жүгінуіне баж салынады.
2. Шаруашылық жүргізуші субъект бажды Сотқа өтініш бергенге дейін төлейді.
3. Шаруашылық жүргізуші субъектінің өтініште көрсетілген талаптарын Сот қанағаттандырған жағдайда, бажды қайтару жүзеге асырылады.
4. Баждың мөлшерін, төлем валютасын, есепке алу, пайдалану және қайтару тәртібін Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесі (мемлекет басшылары деңгейінде) анықтайды.

8-бап

Іс бойынша әрбір тарап өздерінің сот шығасыларын өздері өтейді.

9-бап

1. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қатысуымен істерді қарау үшін Сот Кеден одағына мүше әр мемлекеттен бір судьядан қосылатын Сот Алқасын (бұдан әрі - Сот Алқасы) құрады.
2. Істі қарау мерзімі Сот өтінішті алған күннен бастап үш айдан аспайды.
3. Егер осы Шарттың 9-бабында көзделген тәртіппен Сот Алқасының шешіміне шағым жасалмаса, ол Сот шешімі болып табылады.
4. Сот Комиссия актісіне не Комиссия әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы істерді қарау кезінде сот отырысында:
1) дау айтылатын Комиссия актісінің немесе оның жекелеген ережелерінің, не дау айтылатын Комиссия әрекетінің (әрекетсіздігінің) Кеден одағы шеңберінде жасалған халықаралық шарттарға сәйкестігін;
2) Комиссияның дау айтылатын актіні немесе оның жекелеген ережелерін қабылдауға өкілеттігін;
3) Кеден одағы шеңберінде жасалған халықаралық шарттармен берілген кәсіпкерлік және өзге экономикалық қызмет саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылу фактісін тексеруді жүзеге асырады.

10-бап

1. Егер Сот Алқасының шешіміне іс бойынша тараптар Соттың Аппеляциялық палатасына шағымданбаса, ол шығарылған күнінен бастап он бес күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.
2. Сот Алқасының шешімімен Кеден одағы шеңберінде жасалған халықаралық шарттармен берілген өзінің құқықтары мен заңды мүдделері оларды дұрыс қолданбауға байланысты бұзылды деп пайымдайтын таран Сот алқасының күшіне енген шешіміне Соттың Аппеляциялық палатасына шағымдануға құқылы.
3. Алпеляциялық палатаның құрамына Сот Алқасының шешімі шағымдалып отырған істі қарауға қатыспаған Кеден одағына мүше мемлекеттер Соттарының судьялары кіреді.
4. Соттың Аппеляциялық палатасының шешімі Соттың шешімі болып табылады және ол шығарылған күнінен бастап күшіне енеді.
5. Сот шешімі түпкілікті және шағымдануға жатпайды.
6. 2010 жылғы 5 шілдедегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Соты Статутының 23-бабында көзделген тәртіппен Сот шешімі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қаралуы мүмкін.
7. Сот шешіміне не оның жекелеген ережелеріне іс бойынша тараптардың өтініші бойынша Соттың өзі ғана ресми түрде, сондай-ақ өз бастамасы бойынша түсініктеме беруі мүмкін.

11-бап

1. Комиссия актілеріне немесе олардың жекелеген ережелеріне дау айту туралы істерді қарау нәтижелері бойынша Сот:
1) дау айтылатын актіні немесе оның жекелеген ережелерін Кеден одағы шеңберінде жасалған халықаралық шарттарға сәйкес деп тану туралы;
2) дау айтылатын актіні немесе оның жекелеген ережелерін Кеден одағы шеңберінде жасалған халықаралық шарттарға сәйкес емес деп тану туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
2. Кеден одағы шеңберінде жасалған халықаралық шарттарға сәйкес емес деп танылған Комиссия актісінің не оның жекелеген ережелерінің қолданылуы Сот шешімі күшіне енген сәттен бастап тоқтатылады және Комиссия осы актіні немесе оның жекелеген ережелерін Кеден одағы шеңберінде жасалған халықаралық шарттарға сәйкес келтіреді.
3. Комиссияның әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы істерді қарау нәтижелері бойынша Сот:
1) дау айтылатын әрекетті (әрекетсіздікті) Кеден одағы шеңберінде жасалған халықаралық шарттарға сәйкес емес және кәсіпкерлік және өзге экономикалық саладағы шаруашылық жүргізуші субъектінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзады деп тану туралы;
2) дау айтылатын әрекетті (әрекетсіздікті) Кеден одағы шеңберінде жасалған халықаралық шарттарға сәйкес және кәсіпкерлік және өзге экономикалық саладағы шаруашылық жүргізуші субъектінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайды деп тану туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
4. Сот шығындарды өндіріп алу туралы талапты немесе мүліктік сипаттағы өзге де талаптарды қараусыз қалдырады.

12-бап

1. Кеден одағы шеңберінде жасалған халықаралық шарттарда көзделген шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделері Комиссия актісімен немесе әрекетімен (әрекетсіздігі) бұзылғандығын анықтаған Соттың күшіне енген шешімін Комиссия ақылға қонымды, бірақ Сот шешімі күшіне енген күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде орындауға міндетті.
2. Комиссия Сот шешімін орындамаған жағдайда, шаруашылық жүргізуші субъект оны орындау жөнінде шаралар қабылдау туралы қолдаухатпен Сотқа жүгінуге құқылы.
3. Сот шаруашылық жүргізуші субъектінің қолдаухаты бойынша ол түскен күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Үкімет басшылары деңгейіндегі Мемлекетаралық Кеңесіне (Кеден одағының жоғарғы органы) олар осы мәселе бойынша шешім қабылдауы үшін жүгінуге міндетті.

13-бап

1. Осы Шартпен реттелмеген бөлігінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің өтініштері бойынша істерді қарау рәсімі шаруашылық жүргізуші субъектінің өтініштерін қарау жөніндегі Сот Регламентімен (бұдан әрі - Регламент) анықталады.
2. Регламентті Сот Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Парламентаралық Ассамблеясымен келісім бойынша әзірлейді және бекітеді.

14-бап

Осы Шарттың ережелерін қолдануға немесе түсіндіруге байланысты даулар Тараптар арасындағы консультациялар мен келіссөздер жолымен шешіледі.

15-бап

Осы Шартқа өзгерістер Тараптардың өзара келісімі бойынша енгізіледі және хаттамалармен ресімделеді.

16-бап

Осы Шарт оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарий алған күннен бастап отызыншы күні күшіне енеді.
Осы Шарттың түпнұсқа данасы осы Шарттың депозитарийі бола отырып, әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінде сақталады.
Осы Шарт БЎЎ Жарғысының 102-бабына сәйкес Біріккен Ўлттар Ўйымының Хатшылығында тіркеуге жатады.

___________ қаласында 2010 жылғы «___» _________ орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.

Беларусь Республикасы үшін

Қазақстан Республикасы үшін

Қырғыз Республикасы үшін

Ресей Федерациясы үшін

Тәжікстан Республикасы үшін

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina