Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 1320 Қаулысы
Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөнінде комиссия құру туралы Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов