ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 1321 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
170-тармақтың бірінші бөлігінің «Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы» ашық жолағында жасасқан шарттың талаптарына сәйкес жеткізілетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) атаулары көрсетіледі;» деген он жетінші абзацы алынып тасталсын;
188-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңның немесе мәслихат шешімінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламентіне немесе мәслихатқа енгізілген күннен бастап бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ұсынған деректер негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның нұсқауы бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесі жоспарлы тағайындауларды азайту жоспарланатын бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар), ерекшеліктер бойынша төлемдер жүргізуді тоқтата тұрады.»;
257-тармақта:
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдардың тиісті қаулылары қабылданғаннан кейін екі апта мерзімде іске асырылуына тиісті жергілікті бюджеттерде қаражаты көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар туралы жиынтық ақпаратты ағымдағы жылға және жоспарлы кезеңге арналған жылдық сомаларды объектілер бөлігінде көрсете отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және тиісті республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне жібереді.
Жергілікті атқарушы органдарға бір бюджеттік бағдарлама шегінде жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттерінің есебінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың сомасын бюджеттік инвестициялық жобаның сметалық құнын арттырумен байланысты шығыстарға, сондай-ақ жаңа бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыруға қайта бөлуге тыйым салынады.»;
мынадай мазмұндағы сегізінші және тоғызыншы бөліктермен толықтырылсын:
«Осы тармақтың төртінші бөлігін қоспағанда, бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) шеңберінде және бір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, бір аудан (облыстық маңызы бар қала) шегінде бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша бюджет қаражатының үнемделуі пайда болған жағдайда:
облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары Республикалық бюджет комиссиясының қарауынсыз республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен келісім бойынша;
аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары тиісті бюджет комиссиясының қарауынсыз облыстың жергілікті атқарушы органымен келісім бойынша жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында соманы көшіруді жүзеге асырады.
Көрсетілген жағдайларда жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Нысаналы даму трансферттері жөніндегі нәтижелер туралы келісімдерге енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды 10 жұмыс күні ішінде келіседі. Нысаналы даму трансферттері жөніндегі нәтижелер туралы келісімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін тиісті жергілікті атқарушы органдар белгіленген тәртіппен жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдардың қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.»;
262-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде жоғары тұрған бюджеттің бюджет қаражатының қалдығы есебінен пайдалануға (түгел пайдалануға) рұқсат етілген нысаналы трансферттердің сомасы және ол ағымдағы қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған жағдайда тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшісінің кассалық шығыстарын қалпына келтіру жолымен ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына дейін қайтаруға жатады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде жергілікті бюджеттердің бюджет қаражатының қалдығы есебінен пайдалануға (түгел пайдалануға) рұқсат етілген нысаналы трансферттердің сомасы және ол ағымдағы қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған жағдайда тиісті бюджетті түзету және бюджетті атқару жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органның «Пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару» түсімдер кодына аударуы жолымен ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кешіктірмей жоғары тұрған бюджеттің кірісіне қайтаруға жатады.»;
269-тармақта:
1) тармақшада:
төртінші абзацтағы екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Нысаналы даму трансферттері бойынша жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ағымдағы қаржы жылына ұсынған бюджеттік өтінімге сәйкес нысаналы даму трансферттері шеңберінде іске асырылатын инвестициялық жобалардың атауы бойынша тізбесі көзделеді. Бұл ретте жалғаспалы сипаттағы объектілерді іске асырған жағдайда ағымдағы қаржы жылында орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі көрсетіледі, ал олар аяқталған жағдайда ағымдағы қаржы жылында аяқталған инвестициялық жобалардың атаулары көрсетіледі.»;
алтыншы абзацтағы «, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелерді ұстауға, оларды материалдық-техникалық жарақтандыруға және ғимараттардың, құрылыстардың күрделі жөнделуіне бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қоспағанда,» деген сөздер алынып тасталсын;
2) тармақшаның екінші абзацындағы «түсімдерінің жоспары мен» деген сөздер алынып тасталсын;
5) тармақша мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Нысаналы даму трансферттері бойынша қаржы жылы ішінде жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың сомасын объектілер арасында қайта бөлген жағдайда талдамалық жазбада оларды қайта бөлу себептері көрсетіледі.»;
93-қосымшада:
4-бөлімнің 4.1-тармақшасында:
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«- өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде жоғары тұрған бюджеттің бюджет қаражатының қалдығы есебінен пайдалануға (түгел пайдалануға) рұқсат етілген нысаналы трансферттердің сомасын және ол ағымдағы қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған жағдайда тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшісінің кассалық шығыстарын қалпына келтіру жолымен ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына дейін қайтаруға;»;
мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«- өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде жергілікті бюджеттердің бюджет қаражатының қалдығы есебінен пайдалануға (түгел пайдалануға) рұқсат етілген нысаналы трансферттердің сомасын және ол ағымдағы қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған жағдайда тиісті бюджетті түзету және бюджетті атқару жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органның «Пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару» түсімдер кодына аудару жолымен ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кешіктірмей жоғары тұрған бюджеттің кірісіне қайтаруға міндеттенеді»;
Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы Үлгі келісімге 3-қосымша мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе: Јкім жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттері бойынша есептілікті ұсынған кезде «Түпкілікті нәтиже» деген жол аяқталған бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша толтырылады.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina