ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

Страницы 1 2

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қазандағы N 1129 Қаулысы
Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 сәуiрдегi № 302 қаулысыменбекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi мүдделi министрлiктермен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп, Бағдарламада көзделген iс-шаралардың тиiсiнше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн.
3. Жауапты орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ұлттық холдингтер, кәсiпорындар мен ұйымдар (келiсiм бойынша) «Салалық бағдарламаларды әзiрлеу және мониторингiлеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекiтiлген Салалық бағдарламаларды әзiрлеу және мониторингiлеу ережесiне сәйкес Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат берсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЭЛЕКТР
ЭНЕРГЕТИКАСЫН ДАМЫТУ ЖӨНIНДЕГI
2010 - 2014 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

БАҒДАРЛАМА

Астана 2010 жыл

МАЗМҰНЫ

Бағдарламаның паспорты
Кiрiспе
Ағымдағы жағдайды талдау
Сала жай-күйiнiң ағымдағы жағдайын бағалау
Күштi және әлсiз жақтарды, бұл сала үшiн қауiптер мен мүмкiндiктердi талдау
Саланы дамытудың негiзгi проблемалары, үдерiстерi мен алғышарттары
Қолданыстағы нормативтiк құқықтық базаның, қолданыстағы практика мен саланың дамуын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды iске асыру нәтижелерiнiң сипаттамасын қоса алғанда, саланы дамытуды мемлекеттiк реттеудiң қолданыстағы саясатын талдау
Орын алып отырған проблемалы мәселелердi шешу жөнiндегi Қазақстан Республикасының жағдайларына бейiмдеуге болатын шетелдiк оң тәжiрибеге, сондай-ақ жүргiзiлген маркетингтiк зерттеулердiң нәтижелерiне шолу
Бағдарламаның мақсаттары, мiндеттерi, нысаналы индикаторлары мен оны iске асырудың нәтижелерiнiң көрсеткiштерi
Бағдарламаның мақсаты
Нысаналы индикаторлар
Бағдарламаның мiндеттерi
Нәтижелер көрсеткiштерi
Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, мiндеттерге, нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге жауапты мемлекеттiк және өзге де ұйымдар
Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi
Қажеттi ресурстар
Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
Ескертпе
Қосымшалар

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 29 қазандағы
N 1129 қаулысымен
бекiтiлген

1. Бағдарламаның паспорты

Бағдарлама Қазақстан Республикасында электр энергетикасы
атауы дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған
бағдарлама

Әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы
негiздеме 14 сәуiрдегi № 302 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан
Республикасын үдемелi
индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi
2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк
бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар
жоспары

Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
әзiрлеуге және технологиялар министрлiгi
iске асыруға
жауапты
мемлекеттiк
орган

Бағдарлама Электр энергетикасы саласын тиiмдi дамыту
мақсаты жолымен экономиканың орнықты және теңгерiмдi
өсуiн қамтамасыз ету

Мiндеттерi Шоғырландырушы қуаттардың қолданыстағыларын
жаңғырту, қайта жаңарту және жаңаларын салу.
Электр желiлiк объектiлердi салу, жаңғырту,
қайта жаңарту. Көмiр саласын дамыту.
Электр энергиясы нарығының құрылымын
жетiлдiру.
Теңгерiмге жаңартылатын энергия
көздерiн тарту

Iске асыру мерзiмi 2010-2014 жылдар

Нысаналы
индикаторлары 1. Тұтыну болжамы 96,8 млрд. кВтс кезiнде
электр энергиясын өндiрудi 2014 жылы 97,9
млрд. кВтс жеткiзу.
2. Көмiр өндiру көлемiн 2014 жылға қарай 123
млн. тоннаға дейiн қамтамасыз ету.
3. 2014 жылы жалпы электр тұтыну көлемiндегi
жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану үлесi
1 %- дан астамды құрайды.

Қаржыландыру Республикалық бюджет және ұлттық компаниялар
көздерi мен мен мемлекет қатысатын ұйымдардың қаражатын көлемi қоса алғанда, кәсiпорындардың, ұйымдардың
қаражаты

2. Кiрiспе

Қазақстан Республикасының электр энергетикасын дамыту жөнiндегi 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрi — Бағдарлама) тұжырымдамалық сипатқа ие және Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары мен Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны iске асыратын стратегияның негiз құраушы бөлiгiнiң бiрi ретiнде әзiрлендi.
Электр энергетикасы базалық салалардың бiрi бола отырып, кез келген мемлекеттiң экономикалық, әлеуметтiк саласында маңызды рөл атқарады. Сондықтан электр энергетикасы Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларының бiрi ретiнде айқындалып, жаңа тиiмдiлiгi жоғары технологиялар мен елдiң жалпы iшкi өнiмiндегi (бұдан әрi - ЖIӨ) энергия қажетсiнудi тұрақты төмендету базасында электр энергетикасының орнықты дамуы кезiнде энергетика - экономика - табиғат - қоғам серпiндi теңдестiрiлген жүйе ретiнде қарастырылады.
Экономиканы әртараптандыру мен өнеркәсiптiң шикiзаттық емес салаларын және ауыл шаруашылығын дамытуға күш салынып жатыр. Әлемнiң барынша бәсекеге қабiлеттi 50 елiнiң қатарына кiру мiндетi қойылған.

3. Ағымдағы жағдайды талдау

Сала жай-күйiнiң ағымдағы жағдайын бағалау

Қазақстанның бiрыңғай электр энергетикалық жүйесi Ресейдiң БЭЭЖ-мен және Орталық Азияның бiрiккен энергетикалық жүйесiмен (БЭЖ) қосарлас жұмыс iстейдi.
Қазақстанның БЭЭЖ үш шартты аумаққа бөлiнген:
Солтүстiк (Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары).
Оңтүстiк (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстiк Қазақстан облыстары);
Батыс (Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары).
Қазақстан бойынша барынша жоғарғы энергия тұтыну 1990 жылы тiркелдi (104,7 млрд. кВт.сағ). Одан кейiн 1999 жылы 50 млрд. кВт. сағ. дейiн энергия тұтынудың төмендеуi орын алды. 2000 - 2008 жылдар арасында электр тұтынудың шамамен орташа есеппен жылына 5% серпiнмен тұрақты өсуi байқалды.
2010 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанның электр станцияларының жалпы белгiленген қуаты 19 127,9 МВт. құрады. 2009 жылы 135,2 МВт жаңа өндiрушi қуаттар iске қосылды, оның iшiнде:
Ақтөбе облысында қуаты 33,8 МВт болатын «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның Жаңажол ГТЭС-сi пайдалануға берiлдi.
Қарағанды облысында «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-тiң қуаты 55МВт болатын К-55-90 типiндегi № 1 бу турбинасы пайдалануға берiлдi.
Қарағанды облысында Балқаш ЖЭО № 1, 2 турбиналарының қуаттары нақтыланды (30 МВт ұлғайтылды).
Алматы облысында қуаты 4,4 МВт Қаратал ГЭС-3 iске қосылды.
Павлодар облысында Екiбастұз ЖЭО-да Р-12-3,4/0,5 типтi қуаттылығы 12 МВт бу турбинасы пайдалануға берiлдi.

1. Электр энергетикасы саласының құрылымы

Қазақстан Республикасының бiрыңғай электр энергетикасы жүйесi (ҚР БЭЭЖ) республика тұтынушыларын сенiмдi де сапалы энергиямен қамтамасыз ететiн электр станцияларының, электр беру желiлерiнiң және қосалқы станцияларының жиынтығын бiлдiредi.
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы мына секторларды қамтиды:
электр энергиясын өндiру;
электр энергиясын беру;
электр энергиясымен жабдықтау;
электр энергиясын тұтыну;
электр энергетикасы саласындағы өзге де қызмет.

2. Электр энергиясын өндiру секторы

2010 жылғы 1 қаңтарға Қазақстандағы электр энергиясын өндiрудi әртүрлi меншiк нысанындағы, құрамына 63 электр станциялары кiретiн 40 энергия өндiрушi ұйым жүзеге асырады. Қазақстанның электр станцияларының жалпы белгiленген қуаты 19 127,9 МВт, қолдағы қуаты - 14 821,0 МВт құрайды.
Электр станциялары ұлттық электр станциясына, өнеркәсiптiк, өңiрлiк мақсаттағы және кәсiпорындарды жылумен қамтамасыз ететiн электр станцияларына бөлiнедi.
Ұлттық маңызы бар электр станцияларына Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме нарығында тұтынушыларға электр энергиясын өндiретiн және сататын мына iрi жылу электр станциялары жатады:
Екiбастұз ГРЭС-1;
Екiбастұз ГРЭС-2 станциясы;
Еуразиялық Энергетикалық Корпорациясы (Ақсу ГРЭС-i);
«Қазақмыс Корпорациясы» ГРЭС-i;
Жамбыл ГРЭС-i,
сондай-ақ ҚР БЭЖ жүктеме кестесiн реттеу үшiн және қосымша пайдаланылатын жоғары қуатты гидроэлектр станциялары:
«Қазмырыш» АҚ-тың Бұқтырма ГЭК-i,
Өскемен ГЭС,
Шүлбi ГЭС.
Өнеркәсiптiк мақсаттағы электр станцияларға мұнай-газ секторының өз қажеттiлiктерiн өтеуге бағытталған ГТЭС, электр және жылу энергиясын аралас өндiретiн ЖЭО жатады, олар iрi өнеркәсiптiк кәсiпорындар мен жақын орналасқан елдi мекендердi электрмен және жылумен қамтамасыз етедi:
«Теңiзшевройл» ЖШС-тың ГТЭС;
«Петро Қазақстан Құмкөл Рессорсиз» АҚ-ның Құмкөл ГТЭС;
«Қарашығанақ Петроллеум Оперейтинг Компании Б.В» компаниясының ГТЭС;
«Қарағанды-Жылу» ЖШС-тың ЖЭО-3;
«Арселор Миттал Темiртау» АҚ-ның ЖЭЦ-2; БАС ЖЭО
Рудный ЖЭО («ССТӨБ» АҚ);
«Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-тiң Балқаш ЖЭО, Жезқазған ЖЭО;
«Қазақстан Алюминийi» АҚ-ның Павлодар ЖЭО-1;
Шымкент ЖЭО-1, 2 («Оңтүстiкполиметалл» АҚ) және басқалары.
Өңiрлiк маңызы бар электр станциялары - бұл өңiрлiк электр желiлiк компаниялары мен энергия беру компаниялары РҚАылы электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын аумақтарға кiрiктiрiлген, сондай-ақ жақын орналасқан қалаларды жылумен қамтамасыз ететiн ЖЭО.

3. Электр энергиясын беру секторы

Қазақстан Республикасының электр желiлерi электр энергиясын беруге және (немесе) таратуға арналған кернеуi 10-1150 кВ болатын қосалқы станциялар, бөлу құрылғылары мен оларды өзара байланыстыратын электр беру желiлерiн бiлдiредi.
Қазақстан Республикасының БЭЭЖ-де жүйе құраушы желiсi рөлiн ұлттық электр желiсi атқарады, ол республиканың өңiрлерi мен шектес мемлекеттердiң (Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы) энергия жүйелерi арасындағы электрлiк байланысты, сондай-ақ электр станцияларының электр энгергиясын берудi және оны көтерме тұтынушыларға таратуды қамтамасыз етедi. Қосалқы станциялар, тарату құрылғылары, өңiраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желiлерi мен ҰЭЖ құрамына кiретiн кернеуi 220 В және одан жоғары электр станцияларының электр энергиясын берудi жүзеге асыратын электр беру желiлерi «KEGOC» АҚ Қазақстандық электр желiлерiн басқару компаниясының теңгерiмiнде. 220 кВ және одан төмен кернеулi өңiрлiк тораптар бойынша диспетчерлеудi және басқаруды 21 өңiрлiк электр желiлiк компаниялары жүзеге асырады.

4. Электрмен жабдықтау секторы

Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығының электрмен жабдықтау секторы энергиямен жабдықтау ұйымдарынан (бұдан әрi - ЭЖҰ) тұрады, олар электр энергиясын энергия өндiрушi ұйымдардан немесе орталықтандырылған сауда-саттықта сатып алып, оны одан әрi түпкiлiктi тұтынушыларға сатуды жүзеге асырады. Республикада барлығы 45 ЭЖҰ жұмыс iстейдi.

5. Электр энергетикасы саласындағы өзге де қызмет

Энергия объектiлерiнiң, жекелеген энергия қондырғыларының құрылысы мен iске қосу жөнiндегi қызметтер және электр энергетикасы нарығы субъектiлерi үшiн мамандандырылған жөндеу қызметтерiн көрсету қызметiн құрылыс-монтаждау ұйымдары мен мамандандырылған жөндеу кәсiпорындары жүзеге асырады.
Өндiру және тұтынушыларды энергиямен жабдықтау үшiн жаңа тиiмдi энергия үнемдеушi және экологиялық таза технологияларын енгiзу проблемасын шешуiмен ғылыми-зерттеу және жобалау-зерттеу институттары айналысады.
Энергия өндiретiн ұйымдар да, электр желiлiк компаниялар мен тұтынушылар да (Қазақстан Республикасында электр энергиясы мен қуаттың көтерме нарығына қатысушылар) Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының мүшелерi болып табылады.
Қауымдастықтың негiзгi мiндеттерi:
қызметi электр энергетикасы саласымен тiкелей немесе өзге де түрде байланысты болатын барлық ұйымдарға қолдау көрсету;
электр энергетикасы саласына қатысты мемлекеттiк бағдарламаларды, заңдар мен нормативтiк актiлердi әзiрлеуге қатысу;
мүшелерiнiң мүдделерi Қазақстан Республикасының атқару, сот және басқа да мемлекеттiк органдарының шешiмдерiне тәуелдi болған жағдайларда олардың атынан сөз алу және қорғау.
Қазақстанның электр қуатының резервтер пулы мекемесiн (бұдан әрi - ЭҚРПУЛ) Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығының субъектiлерi құрған, оның негiзгi мақсаты шарттық негiзде тұтынушы-құрылтайшыларды өндiрушi қуаттардың немесе Қазақстан Республикасының электр беру желiлерi iстен шыққан жағдайда үздiксiз энергиямен қамтамасыз етуге арналған қуаттар резервiн ұсыну.
ЭҚРПУЛ қатысушылары мыналар болып табылады:
өндiрушi компаниялар;
ҰЭК;
«KEGOC» АҚ
көтерме тұтынушылар.

6. Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығы

Электр энергиясының нарығы екi деңгейден: электр энергиясының көтерме және бөлшек нарықтарынан, жылу энергиясы нарығы бiр деңгейден - бөлшек нарықтан тұрады.
Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме нарығының функционалдық құрылымы мыналарды қамтиды:
нарық қатысушыларының арасында жасалатын екi жақты шарттар негiзiнде жұмыс iстейтiн электр энергиясын сатудың орталықсыздандырылған нарығы, олардың негiзiнде электр энергиясына арналған шарттық баға айқындалады;
электр энергиясын сатудың орталықтандырылған нарығы, онда электр энергиясын сатып алу - сатудың қысқа мерзiмдi (спот-сауда-саттық), орта мерзiмдi (апта, ай) және ұзақ мерзiмдi (тоқсан, жыл) мәмiлелерi жүзеге асырылады;
нақты уақыт режимiнде электр энергиясын өндiру-тұтынудың нақты және шарттық шамалары арасындағы операциялық тәулiкте пайда болатын сағаттық теңгерiмсiздiктердi нақты және кейiннен қаржылық реттеу мақсатында қызмет ететiн теңгерiмдеушi нарық, Қазақстанның БЭЭЖ-де қажеттi қуаттар резервтерi қалыптасқанға дейiн бұл нарықтың жұмысы имитациялық режимде жүредi;
жүйелiк және көмекшi қызметтер нарығы, онда ҚР БЭЭЖ жұмысының сенiмдiлiгiн белгiленген мемлекеттiк стандарттармен қамтамасыз ету және электр энергиясы сапасы үшiн ҚР БЭЭЖ-дiң Жүйелiк операторы жүйелiк қызмет көрсетудi және Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығының субъектiлерiнен көмекшi қызметтер сатып алуды жүзеге асырады.
Қуаты 1 МВт төмен электр энергиясын тұтынушылар мен оларға бәсекелестiк жағдайда электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын энергиямен қамтамасыз ететiн компаниялар электр энергиясының бөлшек нарығының қатысушылары болып табылады.

7. Электр энергиясы нарығындағы операторлар

ҚР БЭЭЖ-дiң жүйелiк операторы мынадай негiзгi функцияларды орындайды:
шартқа сәйкес Қазақстанның ҰЭЖ-i бойынша электр энергиясын беру жөнiндегi жүйелiк қызметтердi көрсетедi, оған техникалық қызмет көрсетудi және оны пайдалануға әзiрлiкте ұстауды қамтамасыз етедi;
ҚР БЭЭЖ жұмыс режимдерiне орталықтандырылған жедел-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыра отырып, техникалық диспетчерлеу бойынша жүйелiк қызметтер көрсетедi;
ҚР БЭЭЖ жұмысының сенiмдiлiгiн қамтамасыз етедi;
электр энергиясын өндiру-тұтынуын теңгерiмдеудi ұйымдастыру бойынша жүйелi қызметтер көрсетедi;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен электр энергиясының теңгерiмсiздiгiн қаржылық реттеудi жүзеге асырады;
энергия өндiрушi ұйымдар арасындағы қуат резервтерiнiң көлемiн, құрылымын, таралуын және Қазақстанның БЭЭЖ-де қуат резервтерiнiң пайдаланылуын айқындайды;
электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығы мен жүйелiк және қосалқы қызметтер нарығының жұмыс iстеуiн ұйымдастыруды жүзеге асырады;
қосарлас жұмыс режимдерiн басқару және тұрақтылығын қамтамасыз бойынша шектес мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен өзара әрекет етедi;
бiрыңғай ақпараттық жүйе, электр энергиясының коммерциялық есебiнiң автоматтандырылған жүйесiн жасау, электр энергиясының көтерме сауда нарығының барлық субъектiлерiн релелiк қорғау және аварияға қарсы автоматиканың ұштасқан құрылғыларын жасау бойынша техникалық және әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
электр энергиясы теңгерiмiнiң ұзақ мерзiмдi болжамын әзiрлеудi жүзеге асырады.
2008 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығы iске қосылады.
ҚР БЭЭЖ орталықтандырылған диспетчерлiк басқаруды Жүйелiк оператордың Ұлттық диспетчерлiк орталығы жүзеге асырады.
Субъектiлердiң электр энергиясы нарығына ашық кемсiтусiз қол жеткiзуiн қамтамасыз ету және электр энергиясының ағымдағы нарықтық бағаның объективтi индикаторын қалыптастыру мақсатында электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы жұмыс iстейдi.

Күштi және әлсiз жақтарды, бұл сала үшiн мүмкiндiктер мен қауiп-қатердi талдау

1. Күштi жақтары

Электр энергетикасы саласының күштi жақтарына мыналар жатады:
арзан көмiрдi пайдаланатын жылу электр станцияларында электр энергиясын өндiрудiң жоғары үлесi (2009 жылы жалпы өндiрiс көлемiнiң шамамен 74%-ы)
кернеуi 220-500-1150 кВ жүйе құрушы электр беру желiлерiнiң дамыған схемасы;
жедел диспетчерлiк басқарудың орталықтандырылған жүйесi;
жаңартылатын энергияның айтарлықтай әлеуетiнiң болуы (1,0 трлн.кВт.сағ жоғары);
Қазақстанның БЭЭЖ-нiң Орталық Азияның БЭЖ-мен және Ресейдiң БЭЖ-мен қосарлас жұмыс iстеуi;
электр энергиясының көтерме сауда - бөлшек сауда нарығының тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн нормативтiк-құқықтық база жасалды;
электр энергиясын экспорттау мүмкiндiгi және транзиттiк әлеуеттiң болуы;
отын-энергетика ресурстарының елеулi қорының болуы.

2. Әлсiз жақтары

Электр энергетикасы саласының әлсiз жақтарына:
өндiрушi жабдықтардың парктiк ресурсын айтарлықтай ендiру, бұл жұмыс iстеп тұрған электр станцияларының электр энергиясын өндiру мүмкiндiктерiн шектейдi (ұлттық маңызы бар ЖЭС қалдық парктiк ресурс 18-30 % құрайды);
гидроэлектр станцияларының өндiрушi қуаттар құрылымындағы төмен үлесiне байланысты (12% жуық) ең ұшқары жүктемелердi жабу үшiн маневрлi өндiрушi қуаттардың тапшылығы;
өндiрушi қуаттар таралуының әркелкiлiгi (Қазақстанның БЭЭЖ орнатылған қуаттарының 42% Павлодар облысында шоғырланған);
өңiрлiк электр желiлiк компаниялардың электр желiлерi тозуының жоғары деңгейi (~ 65-70%);
жаңа электр станцияларын салуды қамтамасыз ететiн тетiктiң жоқтығы;
Қазақстанның БЭЭЖ-нен электр байланысының жоқтығына байланысты Қазақстанның БЭЭЖ Батыс аймағының (Батыс Қазақстан, Атырау облыстары) Ресейден жеткiзiлетiн электр энергиясына тәуелдiлiгi жатады.

3. Мүмкiндiктерi

Электр энергетикасы саласының мүмкiндiктерiне:
Батыс аймақты КР БЭЭЖ негiзгi бөлiгiмен бiрiктiру;
елдiң жекелеген өңiрлерiнде энергетикалық қауiпсiздiкке қол жеткiзу;
қуат нарығын iске қосу;
Республика өңiрлерiн iшкi энергетикалық ресурстармен жеткiлiктi қамтамасыз ету;
елдiң экспорттық және транзиттiк мүмкiндiктерiн арттыру;
электр энергетикасы объектiлерiн дамытуға инвестиция тарту үшiн саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру жөнiнде шаралар қабылдау.

4. Қауiп-қатерлер

Электр энергетикасы саласының негiзгi қауiп-қатерi:
жұмыс iстеп тұрған электр станцияларында иелiк және қондырылған қуат арасындағы қуат алшақтығының ұлғаюы және негiзгi жабдықтардың iстен шығуы;
жабылмайтын электр энергиясы тапшылығының пайда болуы;
елдiң шектес мемлекеттердiң электр энергиясына тәуелдiлiгi.

Саланы дамытудың негiзгi проблемалары, үдерiстерi мен алғышарттары

1. Жабдықтардың жай-күйi

2010 жылдың 1 қаңтарына Қазақстанда электр станцияларының белгiленген қуаты 19,1 мың МВт, қолдағы қуат — 14,8 мың МВт. құрады.
Қуаттың алшақтығы мен шектеу - 4,3 мың МВт. құрады, оның iшiнде:
1,1 мың МВт - су шығыны бойынша шектеуге және төменгi бьефтiң жоғары тiреуiне, сондай-ақ су ағысы бойымен шағын СЭС жұмыс iстеуiне байланысты ГЭС-те;
1,5 мың МВт - жұмыс iстеуге қабiлетсiз жағдайдағы № 1, 2, 8 энергия блоктарды консервациялауға байланысты ЕМАЭС-1-де;
1,7 мың МВт — жылу электр станцияларының негiзгi және қосалқы жабдықтарының қанағаттандырғысыз жай-күйде болуы мен жылу тұтынудың жетiспеушiлiгiне және жобалық емес отынды жаққандықтан.
Бүгiнгi күнi өндiрушi қуаттардың 41% жуығы 30 жылдан астам пайдаланылды.
Электр қуаты және энергиясына перспективтi қажеттiлiктiң өсуiн жабу үшiн электр станцияларын дамыту мынадай негiзгi бағыттар бойынша жүзеге асыру көзделуде:
жұмыс iстеп тұрған электр станцияларының жабдықтарын техникалық қайта жарақтандыру мен қайта жаңғырту;
жұмыс iстеп тұрған электр станцияларында жаңа қуаттарды iске қосу;
жаңа электр станцияларын салу (ЖЭО, КнЭС, СЭС, ГТЭС)
теңгерiмге дәстүрлi емес жаңартылатын энергия көздерiн енгiзу (ЖЭС, КЭС).
2014 жылға қарай электр жүктемесiнiң 15,4 мың МВт дейiн артуы күтiлуде. Электр жүктемесiнiң артуын жабу үшiн жұмыс iстеп тұрған электр станцияларын кеңейту мен техникалық қайта жарақтандыру, сондай-ақ жаңасын салу жөнiндегi iс-шаралар қажет.
Саланың жүйе құрушы инфрақұрылымы ретiнде Ұлттық электр желiсiн оңалту жөнiндегi шаралар қажет. Бұдан басқа, ҚР БЭЭЖ маңызды торабы болып табылатын және алдыңғы кезеңдегi салымның болмауы себептi қанағаттандырғысыз жағдайдағы Екiбастұз МАЭК-1 500 кВ АТҚ оңалту қажет.

2. Электр энергетикасы саласындағы бәсекелестiктi дамыту

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын iске асыру мақсатында 2004 жылы өңiрлiк электр желiлiк компаниялардың электр энергиясын сатып алу-сату жөнiндегi қызметi оны беру жөнiндегi қызметiнен бөлiнген болатын және энергиямен жабдықтау ұйымдары, оның iшiнде электр энергиясына кепiлдiк беретiн жеткiзушiлер құрылды.
Кепiлдiк беретiн жеткiзушiлермен және өзара бөлшек сауда тұтынушыларына электр энергиясын жеткiзгенi үшiн бәсекелесетiн жеке тәртiппен энергиямен жабдықтаушы ұйымдар құрылады және осылайша бөлшек сауда нарығында бәсеке қамтамасыз етiлетiн болады деп болжанды.
Сонымен қатар, ҰЖҰ арасында нақты бәсеке құру мүмкiн болмады және бөлшек сауда нарығында өңiрлiк электр желiлiк компаниялар құрған ЭЖҰ (ЭКЖ) үстем болды.
Сондай-ақ, электр энергиясының көтерме сауда нарығы бәсекелестiктiң төменгi деңгейiнде сипатталады, осы нарықтағы олардың нарықтық үлесiнiң жыл сайынғы нығаюымен компаниялардың бiрнеше топтарымен олигополизацияланды.
Көбiнесе қалыптасқан жағдай өндiрушi станциялар, энергия берушi ұйымдардың ЭЖҰ-мен аффилирленгенiмен түсiндiрiледi, бұл бәсекенi дамытуға және инфрақұрылымға тең қол жеткiзуге кедергi жасайды.
Бұдан басқа бөлшек сауда нарығында бәсекенi дамытуға кедергi жасайтын шешiлмеген мәселе:
өңiрлiк деңгейде ЭКЕАЖ құрудың аяқталмағаны;
электр энергиясы нарығындағы жекелеген ЭЖҰ басқа ЭЖҰ электр энергиясын қайта сатуға мәжбүрлейтiн қызметi болып табылады.
Осыған байланысты көрсетiлген нарықтағы бәсекелестiктi дамыту жұмыстарын жалғастыру керек.

3. Қазақстандық қамту

2009 жылы электр энергиясын тұтыну 77,95 млрд.кВт.сағ., өндiру 78,43 млрд.кВт.саг., экспорт пен импорттың көлемi тиiсiнше 1,87 млрд.кВт.саг. және 1,4 млрд.кВт.сағ. құрады. Электр энергиясын тұтыну бөлiгiнде қазақстандық өнiмнiң үлесi 90% астамды құрайды, ағымдағы бағдарлама шеңберiнде жоспарланатын iс-шаралар есебiнен 2014 жылға қарай электр энергиясын тұтыну үлесiн арттыру және оны 98% жақындату жоспарланып отыр.
Электр энергетикасы саласында 75 мыңнан астам адам жұмыс iстейдi, оның iшiнде: энергия өндiрушi, энергия берушi және энергиямен жабдықтаушы ұйымдарда 45 мыңнан астам адам жұмыс iстейдi. Бұдан басқа сервистiк қызмет саласында (iске қосу-реттеу, құрылыс-монтаж, жобалау-iздестiру, сараптық және т.б.) 30 мыңнан астам адам жұмыс iстейдi. Қазiргi уақытта республикада: трансформаторлар (Кентау трансформатор зауыты), кәбiл өнiмi (Павлодар қаласындағы Қазақэнергокәбiл, Талдықорған қаласындағы Азия Электрик және т.б.) өндiрiсi бар, шетелдiк өндiрушiлердiң негiзiнде (ABB, Siemens) тарату шкафтарын құрастыру, тiректер, оқшауланған өнiм және т.б. жолға қойылған.
Энергетика саласы үшiн кадрлар даярлау 80 кәсiптiк техникалық оқу орындарында 11 мамандық 24 бiлiктiлiк бойынша жүзеге асырылуда, онда 23,9 мыңнан астам адам оқып жатыр.
Энергетика саласындағы жобаларды iске асыру үшiн 2010-2014 жылдары кадрларға болжамды қажеттiлiк 6,5 мың адам, ал оқу орындары 23,4 мың адам даярлайтын болады.
Кадрларды жаңа мамандықтар мен бiлiктiлiктер бойынша («Лифттер
бойынша электр механигi», «Термошы», «Стропальщик», «Энергетикалық
жабдықтарды қараушы-жүргiзушi», «Жоғары вольтты жабдықтарды
жөндеушi», «Дефектоскопшы» және т.б.) қайта даярлау Талғар агробизнес
колледжiнiң, Көксу ауыл шаруашылығы колледжiнiң, Атырау қаласы
политехникалық колледжiнiң, Көксу ауыл шаруашылық колледжiнiң, Атырау
қаласындағы политехникалық колледждiң базасында және Атырау қаласындағы № 2 және № 6 кәсiптiк лицейлерiнiң, Алматы қаласындағы № 6 және № 9 кәсiптiк лицейлердiң базасында жүзеге асырылады.
Сонымен қатар ҚР БҒМ-мен және ҚР Еңбекминiмен бiрлесiп электр энергетикасы саласындағы кәсiптiк стандарттарды әзiрлеу, сондай-ақ кадрлардың бiлiктiлiк деңгейiн арттыру мәселесiн пысықтау жоспарланып отыр.
Жаңартылатын энергетика саласында жоғары технологиялық өндiрiстер және Қазақстан Республикасының кәсiпорындарында өнеркәсiптiк енгiзу тетiктерiн құру. Жел энергетикалық қондырғылар құрастыру және дайындау технологияларын дамыту бойынша айқын негiз қажет. Дамытудың негiзгi бағыты халықаралық тәжiрибенi, технологияларды және бiлiмдi пайдалану, сондай-ақ Қазақстанда жаңартылатын энергетиканы дамыту мақсатында халықаралық ынтымақтастық болуы мүмкiн. Балама энергетика технологияларын өндiру бойынша жобаларды (жел қондырғыларын, жел және су турбиналарын, электр генераторларын, күн батареяларын және т.б.) iске асыру жаңа жұмыс орындарын ашуға және шығарылатын өнiмнiң қазақстандық қамтуын ұлғайтуға мүмкiндiк бередi.

4. Жаңартылатын энергия көздерiн теңгерiмге тарту

Қазақстан жаңартылатын энергия көздерiнiң зор әлеуетiне ие.
Отын-энергетика ресурстарын үнемдеу, қоршаған ортаға терiс әсердi төмендету және Киото хаттамасы бойынша қабылданған мiндеттемелердi орындау, сонымен қатар Қазақстанның БЭЭЖ-нен электр байланысы нашар өңiрлердi электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды дамыту қажет.

4.1 Жел энергетикасы

Қазақстан Республикасы өзiнiң географиялық жағдайы бойынша солтүстiк
жартышардың желдiк белдеуiнде орналасқан және Қазақстанның едәуiр аумағында негiзiнен солтүстiк-шығыс, оңтүстiк-батыс бағыттарында айтарлықтай әуе ағымдары байқалады. Қазақстанның бiрқатар аудандарында желдiң орташа жылдық жылдамдығы 6 м/с астамды құрайды, ол осы аудандарды жел энергетикасын дамыту үшiн тартымды етедi.
Сараптамалық бағалау бойынша Қазақстанның жел энергетикалық әлеуетi жылына 929 млрд. кВт. caғ. бағаланады.
Жел энергетикасы жөнiндегi БҰҰ Даму бағдарламасы жобасының шеңберiнде жүргiзiлген Қазақстанның өңiрлерi бойынша жел энергетика әлеуетiн зерттеу, Оңтүстiк аймақта (Алматы, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан облыстары), Батыс аймақта (Маңғыстау және Атырау облыстары), Солтүстiк аймақта (Ақмола облысы) және Орталық аймақта (Қарағанды облысы) ЖЭС салу үшiн жақсы жел әлеуетiнiң барын көрсеттi.
Жел энергетикасын дамытуға басты кедергi құрылысқа арналған жоғары үлестiк күрделi шығын және электр энергиясына жоғары тариф болып табылады. Алайда, қуат көздерiне бағаның тұрақты өсуi, өндiрушi қуаттардың жаңғырту мен жаңартуға инвестициялар тарту жағдайларында дәстүрлi көздерден және жел электр станциясынан электр энергиясына баға арасындағы айырмашылық қысқаратын болады.

4.2. Гидроэнергетика

Қуаты кемiнде 35 мВт құрайтын шағын су электр станциялары (ГЭС) ерекше маңызға ие. Шағын ГЭС дамытуда ең үлкен перспектива айтарлықтай әлеуетке ие, бiрақ бұл ретте электр энергиясын солтүстiк облыстардан импорттайтын Республиканың оңтүстiк облыстарында бар.
Елдiң оңтүстiк облыстарының тау өзендерiнде гидроэнергия ресурстарының шамамен 65 %-ы шоғырланған. Алынған зерттеулерге сәйкес Қазақстан Республикасының жалпы су әлеуетi жылына 170 млрд. кВт.сағ., техникалық тұрғыдан iске асыру мүмкiндiгiн - 62 млрд. кВт.сағ, оның iшiндегi шағын ГЭС әлеуетi шамамен 8,0 млрд. кВт.сағ. бағалауға болады.
Шағын ГЭС пен шағын бөгетсiз ГЭС электр энергиясын өндiрудiң төмен өзiндiк құны бар, сондай-ақ басқа энергия көздерiмен салыстырғанда қоршаған ортаға түсетiн жүктеме мейлiнше аз болады.
ГЭС каскадын құру құрылыстың толық көлемде аяқталуын күтпей, қуаттарды кезең-кезеңмен iске қосуды жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi, бiрiншi агрегаттардың iске қосылуы мен электр энергиясын алуды жеделдетедi, сондай-ақ қор қайтарымы мен қаржы салымдарының тиiмдiлiгiн арттырады.

4.3. Күн энергетикасы

Қазақстанның табиғи жағдайы күн энергетикасын дамыту үшiн қолайлы. Елдiң оңтүстiк аудандарында жүргiзiлген зерттеулердiң қорытындысы бойынша күн сағаттарының саны жылына 2200-2300 сағатқа жетедi, бұл өз кезегiнде күн батареяларының панельдерiн, фото электр көздерiнiң портативтi жүйелерi мен суды күнмен қыздырғыштарды пайдалануға мүмкiндiк туғызады.

5. Электр энергетикасы нарығы

Қуаттарды қалпына келтiру мен дамытуға инвестициялар тарту үшiн қолайлы жағдай жасау мақсатында 2008 жылдың соңында заңнамалық деңгейде электр станциялары (энергия өндiрушi ұйымдар) үшiн шектi, есептiк және жеке тарифтердi көздейтiн баға белгiлеудiң жаңа тетiгi енгiзiлдi.
Осы тетiк электр станцияларына Үкiмет қаулысымен 7 жылға бекiтiлген шектi тарифтер негiзiнде өздерiнiң қаржы қаражатын жоспарлауға мүмкiндiк бердi.
Облыстар бойынша электр желiлерiнiң жай-күйi жоғары тозу деңгейiмен (70% дейiн) сипатталады, ауылдық электр желiлерi бойынша тозу одан да жоғары, ал Өңiрлiк Электр желiлерi Компаниялары электр желiлерiн дамыту жөнiндегi жұмыстарды жүргiзе, жаңадан iске қосылып жатқан әлеуметтiк-мәдени және тұрғын үй-коммуналдық құрылыс объектiлерiн қоса алмайды, өйткенi олардың тарифтерiнде инвестициялық құрамдас жоқ.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген Электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрi дамыту жөнiндегi тұжырымдамалар өздерiнде энергия өндiретiн және энергиямен жабдықтайтын ұйымдар үшiн орталықтандырылған сауда-саттықта электр энергиясының белгiлi бiр көлемiн сатып алу мiндеттiлiгiнiң белгiленген нормаларын қамтиды. Тұжырымдамада1 айқындалған талаптар орындалған жоқ, бұл электр энергиясы нарығының оңтайлы құрылымын қалыптастыруға мүмкiндiк бермедi. Тұжырымдамада анықталған нарықтың оңтайлы құрылымы Қазақстан Республикасында электр энергиясының орталықтандырылған нарығының үлесiн арттыруға және тиiсiнше орталықсыздандырылған нарықтың үлесiн азайтуға алып келуi тиiс. Бұл шаралар нарықта айқын баға белгiлеуге және электр энергиясына әдiл баға белгiлеуге алып келуi тиiс.
Споттық сауда-саттық қарбалас сәтте өндiрiлетiн электр энергиясы нарықтағы ағымдық жағдайды, аптаның күнiне, жыл мезгiлiне қарай әрдайым қымбатқа түсетiнiн ескере отырып, өндiрудiң/тұтынудың тәулiктiк кестесiнiң ауыспалы (шектi) бөлiгiн қалыптастырудың тиiмдi құралы бола алады.

1 1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 18 ақпандағы № 190 қаулысымен бекiтiлген «Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрi дамыту тұжырымдамасы»;
2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 3 сәуiрдегi № 465 қаулысымен бекiтiлген «Қазакстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрi жетiлдiру тұжырымдамасы»;

Дегенмен, мұндай нарық негiзiне салынған орталықтанған нарықтыққа еркiн қатысу қағидасы, әртүрлi себептерге, оның iшiнде сұранысқа ие болмаған қуаттардың болуына байланысты бiрқатар өндiрушi компаниялардың аффилиирленгенi тиiмдi жұмыс iстейтiн споттық нарықты қалыптастыруға мүмкiндiк бермедi. Осы нарықтағы сату көлемi жылдық барлық сату көлемiнен кемiнде 1% құрады, ол объективтi баға индикаторы ретiнде қызмет ете алмайды. Спот сауда-саттық негiзiнен электр станцияларындағы қуаттардың iстен шыққан жағдайларында сұранысқа ие болды. Еркiн қатысу бәсекелi споттық электр энергиясы нарығын құруға, баға белгiлеудiң қалыпты нарықтық тетiгiн жолға қоюға мүмкiндiк бермедi.
Бәсекенiң жеткiлiксiздiгi 2007 жылға қарай көтерме сауда нарығында қалыптасқан бағалар әлеуеттi инвесторларға өндiрудiң қалпына келтiрiлуi мен дамуына инвестиция құюға ынталандырмады.
Жаңа құрылыстарды ауқымды инвестициялау үшiн жеке тетiктер және есептiк тарифтер заңнамада көзделген.
Бiрақ, банктер кредиттерiн тарту кезiнде банктер мемлекет тарапынан электр энергияны мемлекеттiк кепiлдiк түрiнде инвестициялардың қайтуын қамтамасыз ететiн баға бойынша сатып алу кепiлдiгiн белгiлеудi талап етедi.
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасының бәсекелi электр энергиясы нарығының нормативтi-құқықтық базасы мынандай: электр қамтамасыз етудiң сенiмдiлiгi, электр энергияны жеткiзуге өнiмнiң дайындығы, нарық субъектiлерiнiң өзара кепiлдiктерi тәрiздi нарықтық экономикасы дамыған елдердiң жалпай қабылданған коммерциялық шарттарын қамтымайды.
Осы шарттардың болмауы Қазақстанның қолданыстағы бәсекелi электр энергиясы нарығының жаңа өндiрушi қуаттарды салуда инвестиция үшiн қажеттi ынтаны тудырмайды, бұл меншiктi өндiрушi қуаттардың тапшылығының туындауына алып келедi.
Электр энергиясы нарығының нысаналы моделiнде тетiгi инвесторларға кепiлдiктер жасау РҚАылы жаңа электр станциялар құрылысын және жұмыс iстеп тұрғандарын жаңғыртуды/кеңейтудi қамтамасыз ететiн қуат нарығын енгiзу көзделген.
Қолданыстағы заңнамаға қуат нарығын енгiзу бөлiгiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу көзделедi.
Қуат нарығының негiзi мақсаты тұтынушылардың талап ететiн жүктемесi мен генераторлардың энергия жүйеге беретiн қуатының арасындағы теңгерiм болып табылады.
Қуат нарығының операторы ретiнде «KEGOC» АҚ ұйғарылды.

Қолданыстағы нормативтiк-құқықтық базаның, қолданыстағы практика мен саланың дамуын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды iске асыру нәтижелерiнiң сипаттамасын қоса алғанда, саланы дамытуды мемлекеттiк реттеудiң қолданыстағы саясатын талдау

Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк реттеу мынадай мақсаттарда жүзеге асырылады:
энергия тұтынушылардың сұраныстарын барынша толық қанағаттандыру және электр және жылу энергиясы нарығына қатысушыларды тұтынушыларға электр және жылу энергиясын жеткiзушiлердi таңдау мүмкiндiгiне кепiлдiк беретiн, нарықта бәсекелi шарттар тудыру РҚАылы қорғау құқығы; Қазақстан Республикасының электр энергетикалық кешенiнiң қауiпсiз, сенiмдi және тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы электр энергетикалық кешенiн елдiң шаруашылық-экономикалық және әлеуметтiк кешендерiнiң өмiршеңдiгiн қамтамасыз ететiн аса маңызды жүйесi ретiнде басқару бiр тұтастығы.
Қазiргi уақытта электр энергетикасы саласында мынадай заңдар мен нормативтi-құқықтық актiлер күшке ие:
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi № 588 Заңы,
«Табиғи монополиялар мен реттелетiн нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi № 272 Заңы,
«Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шiлдедегi № 165-VI Заңы,
«Шектi тарифтердi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 25 наурыздағы № 392 қаулысы,
«Жаңартылатын энергия көздерiн қолдануға мониторинг жүргiзу ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 5 қазандағы № 1529 қаулысы,
«Жаңартылатын энергия көздерiн қолдану объектiлерiнiң құрылыстарының техника-экономикалық негiздемелерiн және жобаларын келiсу және бекiту мерзiмдерi мен ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2190 қаулысы;
«Электр энергиясын пайдалану ережесiн және Жылу энергиясын пайдалану ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 10 бұйрығы;
«Электр және жылу желiлерiне қосылудың ең жақын нүктелерiн анықтау және объектiлердi жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануға қосу ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрiнiң 2009 жылғы 1 қазандағы № 270 бұйрығы;
«Электр энергияны бiлiктi энергия өндiретiн ұйымдардан сатып алу ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң 2009 жылғы 29 қыркүйектегi № 264 бұйрығы;
«Жүйелiк оператордың қызмет көрсету, жүйелiк және көмекшi қызметтер нарығының ұйымдастыру және жұмыс iстеу ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi мiндетiн атқарушының 2004 жылғы 10 қыркүйектегi № 213 бұйрығы;
«Қазақстан Республикасының электр энергетикасының көтерме сауда нарығының қызмет ету ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң 2004 жылғы 27 тамыздағы № 197 бұйрығы;
«Теңгермелi электр энергиясы нарығының қызмет ету ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi мiндетiн атқарушының 2007 жылғы 11 қарашадағы № 269 бұйрығы;
«Қазақстан Республикасындағы электр энергиясының орталықтандырылған саудаларын ұйымдастыру және оларды жүзеге асыру ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2007 жылғы 29 тамыздағы № 228-НҚ бұйрығы;
«Электр энергия көтерме нарығын қалыптастыру және ұйымдастыру ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң 2004 жылғы 30 қыркүйектегi № 232 бұйрығы.
Iрi электр энергетикалық қуаттарды салуға тартылған инвестицияларды қамтамасыз ету үшiн ҚР ТМРА ҚР ИЖТМ-мен бiрлесiп, «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне электр энергетикасы және табиғи монополиялар және реттелетiн нарық субъектiлерiнiң инвестициялық қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасын әзiрлеу бойынша жұмысты жүргiзiп жатыр.

Орын алып отырған проблемалы мәселелердi шешу жөнiндегi Қазақстан Республикасының жағдайларына бейiмдеуге болатын шетелдiк оң тәжiрибеге, сондай-ақ жүргiзiлген маркетингтiк зерттеулердiң нәтижелерiне шолу

Әлемдiк тәжiрибенi зерделеу электр энергетиканы дамытуға барлық шығындарды жабу үшiн бiр ғана бәсекелi нарықтың жеткiлiктi бола алмайтынын көрсеттi. Көптеген елдерде электр энергиясын жеткiзушiлерге нарықтық құннан үстеме төлемдер жасаудың тетiктерi ұсынылды: Ұлыбританияда барлық жеткiзушiлерге арналған бiрыңғай үстеме бар, Латын Америкада (Панама, Никарагуа, Гватемала) жеке қуат нарықтары бар, АҚШ-та (PJM нарықтары, Жаңа Англия) қуат нарығында аукциондар 2008 жылдан бастап өткiзiлуде, Ресей де әлемдiк тәжiрибенi үш жылға жуық зерделедi және осы жылы Ұзақ мерзiмдi қуат нарығы туралы тұжырымдама қабылданған болатын және алғашқы бәсекелi қуат iрiктеудi жүргiзу күтiлуде (2010 жылғы қыркүйек).
Жасалып жатқан қуат нарығы өзiне шоғырландырушы қуаттарды дамыту мақсатында электр энергетикасы саласын уақытылы инвестициялау үшiн тетiктi бiлдiредi.
Қазiргi уақытта әлемнiң дамыған электр энергиясы нарықтарындағы электр энергиясы нарығының оңтайлы құрылымы мынадай түрде көрiнедi:
тәулiктiк кестенiң базалық бөлiгiн қалыптастыру үшiн 90 пайызға дейiнгi электр энергиясы орталықтандырылған және орталық нарықта ұсынылған ұзақ мерзiмдi келiсiмшарттарда еркiн бағалар бойынша сатып алынады;
тәулiктiк кестенiң ауыспалы бөлiгiн қалыптастыру үшiн 10 пайызға жуық электр энергия мiндеттi түрде электр энергиясының спот сауда-саттықта сатып алынуға тиiс, ал 5 пайызға дейiн электр энергия теңгермелi нарықтан сатып алынуы мүмкiн.
Оның пайдасына дәлел споттық сауда-саттық электр энергиясының көтерме сауда нарығының қажеттi сегментi болып табылатынына шетелдiк нарықтар тәжiрибесi кепiл болады. Осылайша, тиiмдi жұмыс iстейтiн энергетикалық биржалар ең алдымен ашық баға реттегiш болып табылады, өйткенi споттық сауда-саттық бағасына қазiргi кезде нарықта бар барлық сыртқы және iшкi факторлар әсер етедi, бұл: маусымдылық, қуаттардың апатты iстен шығуы және тағы басқалар. Қазiргi уақытта, озық шетелдiк электр энергетика нарықтарындағы споттық сауда-саттық электр энергияның сатылу көлемi көтерме нарықта сатудың барлық көлемiнiң 20 %-дан (PJM нарығында, АҚШ) 70%-ға дейiн (NORD POOL, Скандинавия) құрайды. Мысалы, Ресей Федерациясында Үкiметтiң қаулысымен электр энергияны споттық сауда-саттықта кезең-кезеңмен еркiн бағамен мiндеттi түрде сату нормалары 15 % -дан бастап одан әрi ұлғаюмен белгiленген.
Электр энергиясын споттық сауда-саттықта сатып алудың бiрқатар артықшылықтары бар:
1) сауда-саттық биржа қағидаттарымен түсiнiктi де ашық баға белгiлеумен өткiзiледi;
2) мәмiлелер жасау үшiн әртүрлi байланыс жүйелерiн және ең алдымен internet — технологияларды пайдалану;
3) мәмiлелердi орындаудың қаржылық кепiлдiгiнiң болуы;
4) нарық субъектiлерiнiң электр энергиясына қажеттiлiгiн дәл жоспарлау мүмкiндiгi, осылайша екiжақты келiсiмшарттардан электр энергияны тәулiктiк жеткiзу/тұтыну кестесiнiң базалық бөлiгi қалыптасады, ал нарықтың көмекшi сегменттерiнiң көмегiмен (споттық сауда-саттық, теңгермелi нарық) нарық субъектiлерi жүктемелердiң дәлме-дәл 100 %-ға (шарықтау шегi, жартылай шарықтау шегi) жоспарлау мүмкiн емес бөлiгiн жабады, бұл келiсiмшарттық емес көлемнiң шығынын азайтуға мүмкiндiк бередi.
5) инвесторларға салынған қаражатты қайтару бойынша қосымша кепiлдiктер бередi.
Органикалық отынды пайдалану қазiргi уақытта әлемдiк энергетиканың негiзiн құрайды. Халықаралық энергетика агенттiгiнiң (ХЭА) деректерi бойынша 2006 жылы әлемдiк электр энергияны өндiру 16691 ТераВатт құрады. Органикалық отынды пайдалана отырып, өндiрiлген электр энергияның үлесi шамамен 66,4 %, iрi гидростанциялардың үлесi 15,9 %, атом энергетикасы 15,8 %, жаңартылатын энергия көздерi 1,9 % құрайды. Сонымен қатар, 21 ғасырдың басында энергетиканы дамытуға энергетика ресурстарын тұтынудың артқан кезiнде қазынды отын ресурстарының шектеулiлiгi мен бөлудiң әркелкiлiгi, елдердiң энергетикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге, парник газдардың шығарындылары бойынша экологиялық шектеулерге ұмтылысы сияқты факторлар әсерiн тигiзiп отыр. Осы факторлар энергетикалық теңгерiмдегi жаңартылатын энергия көздерiнiң үлесiн арттыру қажеттiгiне алып келедi. Халықаралық энергетикалық агенттiктерi мен институттардың зерттеулерi көрсеткенiндей, 2050 жылы әлемдiк энергетикалық теңгерiмдегi жаңартылатын энергия көздерiнiң үлесi энергияға артып отырған сұранысты қанағаттандыру және атмосферадағы парник газдардың құрамын тұрақтандыру үшiн шамамен 18%-ды немесе одан жоғары құрауы мүмкiн. Дамыған елдер жаңартылатын энергия көздерiн дамыту жөнiндегi бағдарламаларды қабылдауда. Осылайша, Еуропалық Одақ 2020 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерiнен электр энергияны өндiру үлесiн 20 %-ға дейiн ұлғайту туралы шешiм қабылдады (iрi су электр станцияларын есептеусiз). Қазақстанда iрi су электр станцияларында өндiрiлген электр энергияның үлесi шамамен 12% құрайды.
Жаңартылатын энергия көздерiнiң iшiндегi ең серпiндi дамып келе жатқан коммерциялық түрлерiнiң бiрi жел энергетикасы болып табылады. 2009 жылы жел электр станцияларының (ЖЭС) қондырылған қуаты шамамен 160 000 МВт құрады, ЖЭС-те жылына шамамен 340 млрд. электр энергия немесе әлемдiк электр энергияны тұтыну көлемiнiң 2% өндiрiлдi. Жел энергетикасы жылына 20-30% дейiн қуаттың тұрақты артуын көрсетiп келедi
Қазiргi уақытта әлемнiң шамамен 16 елiнiң электр энергетикасы құрылымында ЖЭС бар. Әлемнiң 43 елiнде таяу және орта мерзiмдi перспективада қуаты жүз және мың МВТ қондырғылары бар жел энергетикасын дамытудың Ұлттық Бағдарламасы бар. Бұл Бағдарламалар, әдеттегiдей, жел энергиясы құрылымының өзiндiк базасын дамытуды көздейдi, бұл жел қондырғылары жабдықтарының құнын төмендетуге мүмкiндiк бередi.
Мысалы, немiс құқықтық негiзiнiң шеңберiнде Германия өзiнiң электрмен жабдықталуының 30%-ын ЖЭК есебiнен қамтамасыз етудi жоспарлап отыр. Жаңартылатын энергетикаға жәрдемдi қаржылай қолдау жоспарында, Германияда төрт тетiк пайдаланады: тiкелей инвестициялық қолдау, жеңiлдiк тарифтерi, жеңiлдiктi қарыздар мен салықтық жеңiлдiктер пайдаланылады. Қаржылық бастамалар мен Қолдау бағдарламалары ұлттық деңгейде, сондай-ақ федералдық жерлер деңгейiнде жүзеге асырылады, бұл ретте кейбiр жергiлiктi билiк орындары, сондай-ақ электр энергияны жергiлiктi жеткiзушiлер қосымша қолдау сызбаларын әзiрледi.
Жаңартылатын энергия көздерiн қолдануда айтарлықтай дамыған елдердiң бiрi Нидерланды Корольдiгi. Күн технологиялары экспорттық өнiм болып табылады. Малиде бұл күн энергия орталығын ойдағыдай жасауға мүмкiндiк бердi. Ubbink Solar компаниясының панельдерiнен түсетiн күннiң мол энергиясы аккумуляторларда сақталады және шағын-желi РҚАылы тұрғындарға жiберiледi.
Испанияда Жаңартылатын энергия көздерi жөнiндегi жоспарын Испанияның Министрлер Кеңесi бекiттi, оның мақсаты 2010 жылдың аяғына қарай елдегi тұтынылатын энергияның 12% жаңартылатын энергия көздерi есебiнен өндiру болып табылады. Испания жел энергиясын пайдаланып энергия өндiру бойынша көшбасшылардың бiрi. Елде жаңартылатын энергия көздерiнен барлық пайдаланылатын энергияның 27% жел турбиналары өндiредi.
Зерделенген халықаралық тәжiрибенi назарға ала отырып, ЖЭС саласында қойылған мақсаттарға қол жеткiзудi қолдайтын ең озық тиiмдi тәжiрибенi қолдану мәселесiн қарау қажет.

4. Бағдарламаның мақсаттары, мiндеттерi, нысаналы индикаторлары мен оны iске асырудың нәтижелерiнiң көрсеткiштерi.

Бағдарламаның мақсаты

Электр энергетикасы саласын тиiмдi дамыту жолымен республика экономикасының тұрақты және теңгермелi өсуiн электр энергиямен қамтамасыз ету.

Нысаналы индикаторлар

2014 жылы электр энергияны өндiрудi 96,8 млрд. кВтс тұтыну болжамымен 97,9 млрд. кВтс-қа дейiн жеткiзу.
Көмiр өндiру көлемiн 2014 жылға қарай 123,0 млн. тоннаға дейiн қамтамасыз ету.
2014 жылы өндiрiлетiн электр энергия көлемiн жаңартылған энергия көздерiмен жылына 1 млрд.кВтч-га жеткiзу.
Жалпы электр тұтыну көлемiндегi жаңартылатын энергия көздерiнiң үлесi 2015 жылға қарай 1,0 %-дан астамды құрайды.

Бағдарламаның мiндеттерi

Экономиканың тұрақты және теңгермелi өсуiн электр энергетикасы саласын тиiмдi дамыту жолымен қамтамасыз етуге кол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттердi iске асыру қажет:
Шоғырланған қуаттардың қолданыстағыларын жаңғырту, қайта құру және жаңаларын салу;
Электр желiлiк объектiлердi салу, жаңғырту және қайта құру.
Көмiр саласын дамыту.
Электр энергиясы нарығының құрылымын жетiлдiру.
Қуаттар нарығын iске қосу.
Спот-нарықты электр энергиясының белгiлi бiр көлемiн споттық сауда-саттықтарда сату-сатып алу нормаларын заңнамалық бекiту жолымен дамыту.
Жаңартылатын энергия көздерiн теңгерiмге енгiзу.

Нәтижелер көрсеткiштерi

2014 жылы электр энергиясын өндiрудi 96,8 млрд. кВтс тұтыну болжамымен 97,9 млрд. кВтс-қа дейiн жеткiзу.
Қазақстанның 2009-2014 жылдарға арналған электр энергиясының болжамдық теңгерiмi 1-қосымшада келтiрiлген.
Жалпы электр тұтыну көлемiндегi жаңартылатын энергия көздерiнiң үлесi 2014 жылға 1,0 % астам құрайды.
Қазақстанның 2009-2014 жылдарға арналған ЖЭС электр энергиясының әзiрлеу 2-қосымшада келтiрiлген.
2011 жылы Алматы облысының Шелек дәлiзi ауданында бiрiншi кезеңде қуаты 50 МВт жел электр станцияларын кезең-кезеңмен салу басталады.
Алматы облысының Жоңғар қақпасы ауданында бiрiншi кезеңде қуаты 50 МВт, Шығыс Қазақстан облысында қуаты 24 МВт, Маңғыстау облысында қуаты 40 МВт, Қарағанды облысында қуаты 10 МВт жел электр станцияларын салу бойынша жобаларды iске асыру.
Сондай-ақ Алматы, Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстарында қуаты 100 МВт кем емес, шағын ГЭС құрылыс жобаларын әзiрлеу және iске асыру женiндегi жұмыстарды жалғастыру күтiлуде.
Көмiр өндiру көлемiн 2014 жылға қарай 123,0 млн. тоннаға дейiн қамтамасыз ету.
Көмiр өндiрудiң болжамдық теңгерiмi 3-қосымшада келтiрiлген.
Көмiрге сұранысты қанағаттандыру мақсатында көмiрдiң өсуi 2009 жылғы 94,3 млн. тоннадан 2014 жылға қарай 123,0 млн. тоннаға дейiн жоспарланып отыр. 2015 жылға қарай Қазақстан Республикасының тұтынушыларының көмiрге деген болжамды қажеттiлiгi 94,2 млн. тоннаны, оның iшiнде елдiң энергия өндiрушi кәсiпорындарының - 68,2 млн. тоннаны құрайды.
Энергетикалық көмiр ресурстары жылу электр станцияларының қажеттiлiктерiн толығымен қамтамасыз етедi. Коммуналдық сектор мен халықтың сұранысын қанағаттандыру үшiн Шұбаркөл және Майкүбi кен орындарында, сондай-ақ «Қаражыра» разрезiнде күлi аз көмiр өндiрудi арттыру жоспарланып отыр.

Өнеркәсiптiк және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету

Электр энергиясын және жылу өндiрудiң кез келген түрi қоршаған ортаға әсер етедi. Қоршаған орта үшiн мүлде зиянсыз энергия өндiру технологиялары тiптi жоқ.
Органикалық отынды жағу кезiнде электр энергиясын өндiру газ тәрiздi (қышқыл) заттар, тозаң, сондай-ақ парниктi газдар шығарындыларының атмосфераға түсуiне әкеп соғады.
Өндiрiстiк қажеттiлiктерге су ресурстарының едәуiр көлемi, көбiнесе табиғи көздерден, кейде iшуге жарайтын сапасында пайдаланылады. Күл-қож қалдықтар жинақтау үшiн едәуiр аумақты қажет етедi. Су энергетикасы жердi иелiктен айыруға және су басуға, ландшафттың өзгеруiне, өсiмдiктер мен жануарлар үшiн жағдайдың өзгеруiне алып барады.
Жел энергетикасы ландшафттың өзгеруiне алып келедi, шу әсерiн тудырады, жағымсыз көру сезiмiн туындатады.
Ядролық энергетика - бұл ең алдымен ықтимал апаттардың қауiп-қатерi, радиоактивтi қалдықтарды көму, суды салқындататын химикаттармен ластау.
Қазiргi уақытта Қазақстанда жалпы электр энергиясын өндiрудiң 85% дейiн органикалық отынды, негiзiнен жергiлiктi көмiрдi, аз дәрежеде - көмiрсутек шикiзатын жағу РҚАылы өндiрiледi. Электр станцияларын республика аумағы бойынша орналасуы тiптi әркелкi: көмiр жағатын электр станциялардың негiзгi бөлiгi Солтүстiк аймақта орналасқан. Батыс және Оңтүстiк аймақтарда электр станциялардың саны және олардың қуаты анағұрлым кем, пайдаланылатын отын - батыс аймақта — газ, оңтүстiк аймақта - отынның барлық түрлерi - көмiр, газ, мазут.
БЭЖ көздерiнiң қоршаған ортаға терiс антропогендiк ықпалының алдын алу және жою, адам тұратын қалыпты орта жасау, саланы дамытудың экологиялық стратегиясын әзiрлеу үшiн бiрiншi кезекте саладағы қазiргi экологиялық жағдайға нақты және объективтi баға беру қажет.
Республика қалаларының әуе бассейндерiнiң жоғары ластануы мұнай өңдеу, металлургия және химия өнеркәсiбi, электр энергетикасы, автомобиль және темiржол транспорты кәсiпорындарынан ластайтын заттардың шығарындыларымен, сондай-ақ сейiлу үшiн қолайсыз климаттық жағдайларға негiзделген. Экономикалық қызмет түрлерi бойынша атмосфералық ауаға зиянды заттар шығарындылары көздерiнiң құрылымында өңдеу және металлургия өнеркәсiбiнiң, сондай-ақ электр энергиясын өндiрудiң үлес салмағы жоғары.
Республикадағы өндiрiстiң жалпы құлдырауы осы уақытқа дейiн тұтас Республика бойынша және БЭЭЖ көздерiнен зиянды заттар шығарындыларының қысқаруына алып келдi. Сонымен қатар энергетика кешенi көздерiнен шығарындылардың үлес салмағы соңғы үш жылда 2007-2009 ж.ж. тұрақты болып қалуда: 41-42 %.
ЖЭО шығарындылары энергетика кешенi көздерiнен шығарындылардың жалпы көлемiнде 70 % дейiн шешушi болып табылады.
БЭЭЖ көздерiнен ластайтын заттар шығарындыларының өңiрлiк құрылымы 4-қосымшада көрсетiлген.
Кесте деректерi шығарындылардың өңiрлiк құрылымында Солтүстiк аймақтың энергия көздерiнiң шығарындылары (92%), ал олардың iшiнде Қарағанды (39-42%) және Павлодар (38-39%) облыстарының шығарындылары басым екенiн куәландырады.
БЭЭЖ көздерiнен ластайтын заттар шығарындыларының сапалы құрылымы соңғы үш жылда елеулi өзгерiстерге ұшыраған жоқ: мынадай ластайтын заттардың шығарындылары басым:
қатты - 35%;
күкiрт диоксидi - 31%;
көмiртек тотығы - 19%;
азоттотығы- 14%.
Әрине, шығарындылардың сапалы құрамы ең алдымен энергия көзiндегi пайдаланылатын отын түрiмен анықталады.
Басым түрде көмiр пайдаланылатын Солтүстiк аймақта шығарындылардың құрамы Республика бойынша тұтастай алғандағы құрылымға ұқсас, сондықтан Солтүстiк аймақ Республика бойынша энергия көздерiнен жиынтық шығарындыларды анықтайды. Солтүстiк аймақтағы шығарындылардың ең iрi көздерi - «Испат-Кармет» ААҚ (36%), «ЕЭК» ААҚ (15,5%).
Оңтүстiк аймақта күкiрт диоксидiнiң (41%) қатты бөлшектердiң (33%) және азот тотығының (20%) шығарындылары басым. Оңтүстiк аймақта шығарындылардың сапалы құрылымы талданған кезеңде негiзiнен мұнда көмiр, мазут, газ жағылатын АПК энергия көздерiнiң, сондай-ақ мазутпен жүмыс iстейтiн шығарындылар есебiнен қалыптасты.
Негiзiнен табиғи газ жағатын Батыс аймақта көмiрсутектiң (35%) және азот тотығының (34%) шығарындылары басым.
Есеп беру деректерiн талдау көрсеткендей, газдарды тазарту тек күлден ғана жүзеге асырылады, басқа газ тазарту қондырғылары жоқ. Қазандық агрегаттар көбiнесе ылғал күлтұтқыштармен жабдықталған, мұнда күлмен қатар күкiрт диоксидiнiң елеусiз мөлшерi ұсталады.
БЭЭЖ энергия көздерiнде Республика бойынша орта есеппен күлдi тұту дәрежесi 2000 жылғы 95,9%-дан 2009 жылы 97,5%-ға дейiн ұлғайды. Күлдi тұту тиiмдiлiгiн арттыру негiзiнен эмульгаторларды пайдалануға енгiзумен байланысты.
Қазiргi уақытта шығарындыларды мемлекеттiк реттеу және бақылау Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 1232 қаулысымен бекiтiлген «Жылу электр станцияларының қазандықтарына отынның әр түрiн жағу кезiнде қоршаған ортаға шығатын эмиссияларға қойылатын талаптар» техникалық регламентiне сәйкес жүзеге асырылады. Бүгiнгi күнi Премьер-Министрдiң Кеңсесiнде жоғарыда көрсетiлген Техникалық регламентке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы қаулының жобасы жатыр. Қаулы жобасында:
қайта жаңғыртуға жатпайтын жұмыс iстеп тұрған қазандық қондырғылар,
қайта жаңғыртуға жататын жұмыс iстеп тұрған қазандық қондырғылар,
күл қожын жоюды жайластыру мен сызбасы қалыптасқан жағдайларда қолданыстағы жылу электр станцияларында iске қосылатын қазандық қондырғылар,
еркiн аумақтардағы жаңа ЖЭС-те iске қосылатын қазандық қондырғылар үшiн шығарындылар бойынша талаптарды саралауға енгiзу ұсынылады.
Осы ұсыныстар:
электр станцияларының техникалық регламентте белгiленген: алдымен ескi күлтұтқыштарды жаңасына ауыстыру (электр сүзгiлерi мiндеттi емес) есебiнен күл шығарындылары бойынша және азот тотығының шығарындылары бойынша (қазандық iшiндегi техникалық әдiстер есебiнен) неғұрлым жоғары талаптарға кезең-кезеңiмен өтуiн қамтамасыз етуге,
қолданыстағы ЖЭО жағдайында қазандық қондырғыларды қайта жаңғырту мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге,
барынша аз шығынмен шығарындыларды азайту проблемасын шешуге,
жаңа қазiргi заманғы қазандық қондырғылардың iске қосылуын жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.
5-қосымшада энергия көздерi үшiн үлестiк шығарындылары (кг/шот) тұтас алғанда Республика бойынша, сондай-ақ жеке аймақтар бойынша, 6-қосымшада - Қазақстан Республикасында бар электр энергиясын өндiрудiң әрқилы түрлерi үшiн ЛЗ үлестiк шығарындыларының көрсеткiштерi берiлген.
Қазақстан Республикасы энергия көздерiнiң экологиялық тиiмдiлiгiн бағалау үшiн 7-қосымшада шет елдердiң үлестiк шығарындыларының стандарты берiлген.
Берiлген мәлiметтердi салыстыру Қазақстанда энергия көздерiнде қазiргi деңгейде қатты бөлшектердiң үлестiк шығарындыларының жоғарылығын көрсетедi, бұл сөзсiз әлемде ұқсасы жоқ жоғары күлдi Екiбастұз көмiрiн пайдаланумен байланысты. Азот қышқылы мен күкiрт диоксидi шығарындылары орташа алғанда сала бойынша қазiргi даму кезеңiнде рұқсат шегiнде деп санауға болады, алайда, қолданыстағы ҚР Денсаулық сақтау министрлiгiнiң азот және күкiрт диоксидтерi шығарындыларының жиынтық зиянды ықпалы туралы талабын ескере отырып, саланың даму перспективасы әсiресе iрi өнеркәсiптiк орталықтарда, барлық ластайтын заттардың шығарындыларын азайтумен қатар жүруге тиiс.

Электр энергетикасындағы энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгi

Қазақстанның ҮЭЖ-iн дамыту бойынша iске асырылып жатқан жобалар шеңберiнде «KEGOC» АҚ мына жобалардың iске асырылуын жүзеге асырып жатыр.
Бiрiншi кезекте бұл ҰЭЖ-дi жаңғыртудың ауқымды жобасы, оны iске асыру 2000 жылы басталған. Қазiргi уақытта Компания жаңғырту жобасының екiншi кезеңiн iске асыруға кiрiстi, оны аяқтау 2016 жылға жоспарланып отыр. Жобаның жиынтық құны 95,8 млрд.теңге.
2008 - 2009 жылдары мына жобаларды iске асыру аяқталды:
«500 кВ «Қазақстанның Солтүстiк-Оңтүстiгi» транзитiнiң екiншi электр беру желiсiн салу» жобасы, құны 43,7 млрд.теңге;
«500 кВ «Солтүстiк Қазақстан-Ақтөбе облысы» өңiраралық электр беру желiсiн салу» жобасы, құны 19,9 млрд.теңге.
Көрсетiлген жобалар шеңберiнде тек ҰЭЖ және жалпы Қазақстанның бiрыңғай энергия жүйесi жұмысының сенiмдiлiгiн көтеруге мүмкiндiк берiп қоймай, сондай-ақ экология және энергия тиiмдiлiгiн көтеру жоспарында әсер беретiн мынадай инновациялық технологиялар қолданылған:
1. ҰЭЖ жаңғырту жобасының бiрiншi кезеңi шеңберiнде май және ауа ағытқыштары қазiргi заманғы элегаз ағытқыштарына ауыстыру жүргiзiлдi.
Элегаз ағытқыштарының май және ауа ағытқыштарынан айырмашылығы ауа дайындау жүйесiн және трансформаторлық майды пайдалануды талап етпейдi, бұл өз мұқтаждығына электр энергиясы шығынын азайту есебiнен қосалқы станциялардың энергия тиiмдiлiгiн арттырады, сонымен қатар
қоршаған ортаға түскен жағдайда экологияға қауiп тудыратын ағытқыштарда трансформатор майын пайдалануды алып тастау есебiнен жабдықтардың экологиялығы артады.
Қазiргi уақытта «KEGOC» АҚ қосалқы станцияларында 601 бiрлiк 35-500 кВ элегаз ағытқыштары орнатылды (42%). «ҰЭЖ жаңғырту. I-кезең» жобасы бойынша орнатылған элегаз ағытқыштарын қолдану Компанияның қосалқы станцияларында пайдаланылатын трансформатор майының көлемiн 21 204 тоннадан 18 982 тоннаға дейiн немесе 2 222 тоннаға қысқартуға және 2002 жылдан бастап кезең iшiнде қосалқы станциялардың өз мұқтажына электр энергиясының үлестiк шығынын 10% немесе жылына 10 млн.кВт.сағ. төмендетуге мүмкiндiк бердi.
Элегаз (алтыфторлы күкiрт SF6) - түссiз, иiсi мен дәмi жоқ, улы емес, жанғыш емес газ, оқшау және биологиялық зиянсыз газ, қоршаған орта үшiн қауiптi емес.
Киото Хаттамасына сәйкес есеп және реттеу мына парник газдары үшiн жүзеге асырылады: көмiртегi диоксидi (СО2), метан (СН4), азот шала тотығы (N2О), гидрофторкөмiртегiлер, перфторкөмiртегiлер және күкiрт гексафторидi (SF6-элегаз), олар тiкелей парниктiк әсерге ие. Шағын ықпалынан парниктi газ шығарындыларын есептеу әдiстемесiнде (ҚР Қоршағанортаминiнiң 2009 жылғы 24 қарашадағы бұйрығымен бекiтiлген) элегаздан басқасы жоғарыда көрсетiлгендердiң барлығы қаралады және есепке алынады.
2. «ҰЭЖ жаңғырту II-кезең» жобасы бойынша Қазақстан жағдайында тағы бiр инновациялық технология - вакуумды ағытқыштар - қолдану болжанады. Вакуумды ағытқыштар өртке және жарылысқа қауiпсiз, өзiнiң жұмыс қабiлетiн қоршаған ортаның iс жүзiндегi кез келген температурасында сақтайды. Вакуумды ағытқыштардың артықшылығына қосу-ағыту номиналды токтардың үлкен ресурстарын, оларды агрессивтi ортада пайдалану мүмкiндiгiн, коммутациясының жоғары жылдамдығын жатқызуға болады. Бұл ең «таза» ағытқыштың типi - тарату жабдықтарының ластануында және экология үшiн қауiптi емес заттардың бөлiнуiнде ешқандай қиындық жоқ, олар iс жүзiнде дыбыссыз жұмыс iстейтiндiгiн қосымша атап өту қажет.
Жалпы алғанда жаңғыртудың екiншi кезеңi бойынша саны 999 дана 6-35 кВ вакуумды ағытқыштар мен 216 дана кернеуi 110-500 кВ элегазды ағытқыштармен жаңа ағытқыштар орната отырып, 6-500 кВ ауа және май ағытқыштарды ауыстыру көзделген, бұл Компанияның қосалқы станцияларында орнатылған қазiргi заманғы элегазды және вакуумды ағытқыштардың жалпы көлемiн барлық ағытқыштар санынан 76% дейiн жеткiзуге мүмкiндiк бередi.
Экологиялық тиiмдiлiк Компанияның қосалқы станцияларының жабдықтарында пайдаланылатын трансформатор майының көлемiн тағы да 6000 тоннаға күтiлетiн төмендетуден көрiнедi. Күтiлетiн энергия үнемдеу тиiмдiлiгi ҚС өзiндiк мұқтаждығына электр энергиясының үлестiк шығынын қосымша 3-4% немесе жылына шамамен 3 млн. кВт.сағ. төмендетуге тең.
«KEGOC» АҚ қосалқы станцияларын жаңғырту шеңберiнде 20 жыл және одан астам электр механикалық, ұқсастық және электрондық базада (микросхеманы қолдана отырып) жұмыс iстеп келген ескiрген РҚА құрылғыларды Siemens жетекшi әлемдiк компаниясының жаңа буынды қазiргi заманғы тез әсер еткiзетiн микропроцессорлық РҚА құрылғыларына ауыстыру жүргiзiлуде.
Микропроцессорлық құрылғылардың негiзгi артықшылықтары:
бұрын қолданылған РҚА құрылғыларымен салыстырғанда мәнi 30 мсек жетпейтiн жұмыс iстеу уақыты;
қалыпты режимiнiң параметрлерiн өлшеу (тоқ бойынша ағаттығы
2%, кернеу бойынша 3%);
авариялық режимдердiң деректерiн тiркеу (параметрлердiң цифрлы осциллографияландыру), зақымның орнын анықтаудың iшкi орнатылған функциясы;
жұмыс қабiлетiнiң диагностикалау және сыртқы өлшеу және басқару тiзбектерiн бақылау;
қосалқы станцияның релелiк қалқандарда алып жатқан алаңын бiрнеше рет азайту;
энергия тұтынуды төмендету;
пайдалануға еңбек шығынын азайту, нәтижесi ретiнде қызмет көрсетушi персоналдың санын азайту болып табылады.
Бүгiнде Компанияның 67 қосалқы станцияларының 45 қосалқы станцияларында релелiк қорғаудың микропроцессорлық құрылғыларына көшу бойынша жұмыстар аяқталды.
«500 кВ «Қазақстанның Солтүстiк-Оңтүстiгi» транзитiнiң екiншi электр беру желiсiн салу» жобасын iске асыру шеңберiнде 500 кВ «Ағадыр» және «ОҚМАЭС» қосалқы станцияларында 500 кВ басқармалы шунттаушы реактор орнатылды және пайдалануға берiлдi, онда магнит сымды магниттеу РҚАылы реактордың қуатын басқарудың инновациялық қағидаты қолданылды,
Бұл ретте ТМД-да бiрiншi рет үш фазалық орындауда БШР қолданылды, ол олардың құнын азайтуға және пайдалану сипаттамаларын арттыруға мүмкiндiк бердi. Бұл жабдық реактивтi қуат ағындарын жұмсақ реттеуге мүмкiндiк бередi, ол өз кезегiнде кернеудiң деңгейiн тұрақтандырады, электр энергиясының сапасын арттырады және Солтүстiк-Оңтүстiк транзитi бойынша электр энергиясын беру кезiндегi жүктемелiк шығындарды төмендетуге ықпал етедi.
«500 кВ «Солтүстiк Қазақстан-Ақтөбе облысы» өңiраралық электр беру желiсiн салу» жобасын iске асыру шеңберiнде бiрiншi рет ТМД кеңiстiгiнде қуаты 400 MBA 220 кВ фаза бұрылмалы трансформатор қолданылды.
«KEGOC» АҚ «Өлке» қосалқы станциясында қолданылған ФБТ электр желiлерi бойынша қуат ағындарын ықтиярсыз Қазақстанның Бiрыңғай энергия жүйесiнiң энергиясы артық Солтүстiк аймағынан электр энергиясын Ақтөбе облысына бағыттай отырып, қайта үлестiруге мүмкiндiк бередi. Осы инновациялық жобаны iске асырудың нәтижесiнде нақты нарықтық тетiк жұмыс iстеп кеттi, онда Ақтөбе өңiрi тұтынушыларында Қазақстан мен Ресейдiң электр энергиясын жеткiзушiлер арасында таңдайтын мүмкiндiгi бар.
Компанияның тағы бiр инновациялық даму бағыты Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесiн құру болып табылады.
Аталған жүйе басқалардың қатарында желi бойынша электр энергиясын беру кезiндегi сапалы есептi және үздiксiз шығындарды мониторингiлеудi қамтамасыз етуге және оларды жою мақсатында электр энергиясы шығындарының жоғары ошақтарын айқындауға мүмкiндiк бередi.
«KEGOC» АҚ үшiн инновациялық технологияларды одан әрi енгiзу бойынша қызметiнiң перспективалық бағыттары құрамдастырылған ағытқыштар, ықшам электр беру желiлерi болып табылады:
а) құрамдастырылған ағытқыштар өзiнде ағытқыш пен ажыратқыш
бiрiктiретiн коммутациялық күрылғы болып табылады. Негiзгi
артықшылықтары мыналармен анықталады:
дәстүрлi жабдықтардағы АТҚ құрастыруынан ең азы 50% АТҚ асты алатын алаңы қысқарады. Тиiсiнше АТҚ үшiн жер, жабдықтар және материалдарды сатып алу, құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған шығындар төмендейдi;
жабдықтардың iстемеу жиiлiгi 4 есе және жоспарлы қызмет көрсетуi мен жөндеуi 10 есе қысқарады. Тиiсiнше қосалқы бөлшектердi сатып алуға, еңбек шығындарына арналған шығындар төмендейдi;
қосалқы станцияның АТҚ кестесiнiң қарапайымдылығы мен көрнекiлiгi.
б) жоғары өткiзу қабiлеттiлiгi бар ықшам электр беру желiлерi (ЫЭЖ) фаза аралық қашықтықтарды ЭОЕ рұқсат берiлетiн ең кiшi мөлшерге дейiн азайту, индуктивтiк кедергiсiн азайтатын сымдарды бөлу және фазаның эквиваленттi радиусын ұлғайту есебiнен берiлетiн қуатты ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Әлемде осындай ӘЖ қолданудың табысты тәжiрибесi бар, мысалы, Швециядағы ӘЖ-420 кВ нақты қуаты 1885 МВт, яғни дәстүрлi конструкциядағы ӘЖ-500 кВ екi есе жоғары, Қытайдағы ӘЖ-550 кВ нақты қуаты 1600 МВт және т.б.
ЫЭЖ артықшылығы берiлетiн қуат бiрлiгiне үлестiк күрделi салымның төмендеуi болып табылады, сондай-ақ әуе желiсi астына жер учаскесi алаңының қысқаруын ескеру қажет.
Электр энергетикасындағы энергия тиiмдiлiгiн және энергия үнемдеудi арттырудың негiзгi iс-шаралары:
электр энергиясын құрамдастырылған өндiрiсiнде жұмыс iстейтiн энергия үнемдеушi технологиялар мен жабдықтарды кең масштабты енгiзуде негiзделген шоғырландырылған қуаттарды техникалық қайта жарақтандыру, газ турбиналық және бу-газ қондырғыларын енгiзу;
энергетикалық теңгерiмнiң құрылымын өзгерту және оның әртараптануын арттыру;
көмiр мен мазутты жағудың прогрессивтiк және экологиялық таза технологияларын пайдалануға дайындау, отын мен энергия көздерiнiң жаңартылатын және балама түрлерiн қолдану мен дамытуға бағдарлау;
пайдаланылған турбина газдарын электр станцияларының бу қазандарына тастайтын газ турбиналық қондырғылары бар жұмыс iстеп тұрған электр станциялары құрылысы жобаларын iске асыру;
ауыспалы жүктемесi бар тетiктерде реттегiш электр жетегiн енгiзе отырып, электр станциялары мен қазандардың және басқа да қазiргi заманғы құралдар мен құрылғылардың өз мұқтаждықтарының схемасы мен жұмыс режимдерiн оңтайландыру жөнiндегi iс-шаралар кешенiн жүргiзу;
энергетика саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру, мүмкiн мемлекеттiк кепiлдiктердi пайдалана отырып, жеке инвестициялар тарту үшiн жағдайлар жасау;
Желiлердегi электр энергиясының шығындары мен электр энергиясы мен отын энергиясын өндiруге арналған үлестiк отын шығындары дамыған елдер деңгейiнен 25-30%-ға асатынын, сондай-ақ, электр станциялары мен қазандықтардың отын тұтынуы жылына орташа 38 млн. қ.ш.о. құрайтынын ескере отырып, энергия үнемдеу әлеуетi энергия өндiрiсi кезеңiнде жылына кемiнде 10 млн. қ.ш.о. құрайды.
Осылайша, электр энергетикасы саласындағы электр үнемдеу әлеуетi жылына 16 млн. қ.ш.о. құрайды.


Страницы 1 2
Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina