ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

Страницы 1 2


Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, мiндеттерге, нәтижелердiң көрсеткiштерiне қол жеткiзу үшiн жауапты мемлекеттiк және өзге де органдар

Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi бағдарламаны iске асыруға жауапты болып табылады, сондай-ақ мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, мiндеттерге, нәтижелердiң көрсеткiштерiне табысты қол жеткiзу үшiн мына мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың: Қаржы министрлiгi, Экономикалық даму және сауда министрлiгi, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкiмдiктерi, БҰҰДБ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «KEGOC» АҚ, «ҚЭЭНҚО» АҚ, «ҚазНИПИИТЭС «Энергия» АҚ, «ҚазНИПИЭнергопром» АҚ, «ҚЭҚ» ЗТБ, «ҚазГидро» ЖШС, Қазақстандық индустрияны дамыту институтының өзара iс-қимылы қажет.

5. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi стратегиялық даму жоспарына, Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаға сәйкес экономиканың тұрақты өсуiн қамтамасыз ету үшiн электр энергетикасы саласын iлгерiндi дамыту қажет. Қазақстан экономикасы мен халқын сенiмдi электрмен жабдықтау жаңа электр энергетикалық объектiлер салумен, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтумен және қайта жаңартумен, ұлттық электр желiсiн жаңғыртумен байланысты.
Қойылған нысаналы индикаторларға табысты қол жеткiзу үшiн мынадай iс-шараларды iске асыру қажет:
1. Қолданыстағы қуаттарды жаңғырту және қайта жаңарту - 2010-2014 жылдар;
Атырау ЖЭО кеңейту, iске асырылу мерзiмi 2006-2010 ӘЖ.
Екiбастұз ГРЭС-1 № 8 энергия блогын қалпына келтiру, iске асырылу мерзiмi 2010-2014 ӘЖ.;
Екiбастұз ГРЭС-2 № 3 энергия блогын салу, iске асырылу мерзiмi 2010-2012 ӘЖ.;
Ақсу ГРЭС № 2 энергия блогын қалпына келтiру, iске асырылу мерзiмi 2011 ж.;
Шардара ГЭС жаңғырту, iске асырылу мерзiмi 2009-2015 ӘЖ.
Алматы ЖЭО-2 (3 кезек, № 8 қазан агрегаты және бойлерлiк) қайта жаңарту және кеңейту, iске асырылу мерзiм 2009-2013 ӘЖ.
2. Жаңа генерациялайтын қуаттар құрылысы, оның iшiнде:
Мойнақ ГЭС құрылысы, 2006-2011 ӘЖ.;
«Ақшабұлақ» ГТЭС құрылысы, iске асырылу мерзiмi 2010-2012 ӘЖ.;
Орал ГТЭС құрылысы, iске асырылу мерзiмi 2010-2012 ӘЖ.;
Балқаш ЖЭС құрылысы 2010-2015 ӘЖ.;
Кербұлақ ГЭС құрылысы, iске асырылу мерзiмi 2012-2016 ӘЖ.
3. Электр желiлiк объектiлердi салу, жаңғырту және қайта жаңарту:
Азиада-2011 үшiн Алматы қаласы мен Алматы облысында трансформаторлық қосалқы станциялардың құрылысы, iске асырылу мерзiмi 2009-2011 ӘЖ.
500 кВ, 220 кВ кернеумен Қазақстан ҰЭЖ-ге қоса отырып, 500 кВ Алма ҚС-ын салу, iске асырылу мерзiмi 2009-2014 ӘЖ.
Қазақстанның Ұлттық электр желiсiн жаңғырту, iске асырылу мерзiмi 2009-2016 ӘЖ.;
Мойнақ ГЭС қуат беруi, атқарылу мерзiмi 2010-2012 жылдар;
Метрополитен мен ТКШ үшiн Алматы қаласы мен Алматы облысында 10 трансформаторлы қосалқы станциялар салу және жаңғырту, iске асырылу мерзiмi 2009-2013 ӘЖ.;
Алматы қаласы мен Алматы облысының тарату желiлерiн қайта жаңарту және салу;
Алматы ЖЭО-1, ЖЭО-2 және ЖЭО-3 күл-қож жою және күл үю жүйелерiн қайта жаңарту және кеңейту, iске асырылу мерзiмi 2009-2013 ӘЖ.
Бұдан басқа, 2010-2014 жылдар аралығындағы кезеңде Қазақстанның ҰЭЖ дамыту бөлiгiнде республика үшiн стратегиялық маңызы бар жобаларды iске асыру және iске асыруға кiрiсу жоспарланып отыр:
1) Балқаш ЖЭС қуат беруi (БТЭС бiрiншi кезегi — 1320 МВт).
Жобаның мақсаты: Республиканың оңтүстiк өңiрiнде электр энергиясын тұтынуға қажеттiлiктiң өсiмiн жабу мақсатында Балқаш көлiнiң оңтүстiк-батыс жағалауында 2010-2014 жылдарға арналған ҮИИДМБ шеңберiнде құрылысы жоспарланып отырған Балқаш ЖЭС қуат беруiн қамтамасыз ету. Балқаш ЖЭС қуат беруiн энергия блоктарын жұмыс iстеп тұрған 500 кВ АТҚ тиiсiнше қайта жаңарта отырып, жұмыс iстеп тұрған 500 кВ ОҚГРЭС ҚС-ға қосу жолымен жүзеге асыру болжанады.
Жобада мыналар көзделген:
500 кВ БТЭС-ОҚГРЭС екi ӘЖ салу;
500 кВ ОҚГРЭС ҚС қайта жаңарту;
Құны шамамен - 3,7 млрд. теңге;
Жобаны iске асырудың жоспарланып отырған мерзiмi - 2010-2014 ӘЖ.
2010 жылы ТЭН әзiрлеу жоспарланып отыр,
2) 220 кВ ОБТҚС — Осакаровка ӘЖ қайта жаңарту
Жобаның мақсаты: Жоба электрмен жабдықтаудың тиiмдiлiгiн арттыруға және аумағында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 1 қыркүйектегi № 1293 қаулысымен бекiтiлген инвестициялық стратегиялық жобалардың тiзбесiнен енгiзiлген поликристаллы кремний өндiретiн зауыт құрылысының жобасын iске асыру жоспарланып отырған Астана энергия торабы мен Астана қ. индустриялық аймағының экономикасы мен халқының электр энергиясына қажеттiлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған.
Жобада мыналар көзделген:
220 кВ ЗППК (2х40МВА) ҚС салу;
220 кВ AT (2x250 MBA) ауыстыра отырып, ОБТҚС 500 ҚС қайта жаңарту;
220 кВ ЗППК ҚС-да ОБТҚС - Осакаровка 220 кВ ӘЖ (2x8 км) кiрмелерiн салу.
220 кВ ОБТҚС - Осакаровка ӘЖ қайта жаңарту. ТЭН-ге сәйкес құны - 6,7 млрд. теңге.
Жобаны iске асырудың жоспарланып отырған мерзiмi — 2010-2014 ӘЖ.
3) 500 кВ Екiбастұз-Шүлбi ӘЖ ГЭС—Өскемен құрылысы.
Жобаның мақсаты: Қалыпты және авариядан кейiнгi режимдердегi энергия тапшы Шығыс Қазақстан облысының тұтынушыларын электрмен жабдықтаудың тиiмдiлiгiн арттыру (2009-2010 ӘЖ. КҚК-де облыс бойынша 1276 МВТ ең жоғары электр жүктемесi кезiнде қуат тапшылығы 190 МВт - 15% құрады), облысты электрмен жабдықтаудың республика аумағы бойынша кернеуi 500 кВ Шығыс аймақтың Қазақстанның БЭЭЖ-бен байланысын күшейту жолымен Ресей БЭЭЖ электр желiлерi бойынша транзитке тәуелдiлiгi мәселесiн шешу. Бұл ретте, ШҚО-ны Қазақстан ВЭЭЖ-бен байланыстыратын желiлердiң өткiзу қабiлетi авариялық режимдердiң өзiнде (Рубцовск-Өскемен 500 кВ ӘЖ ажыратылған кезде) шамамен 1100 МВТ құрайды. Келешекте осы жоба Бұлақ ГЭС-i енгiзу кезiнде Шүлбi ГЭС-iнiң толық қуат беруiн қамтамасыз етедi.
Тiптi облыстың жұмыс iстеп тұрған электр станцияларының барлық орналастыру қуатын (1260 МВт) пайдалана отырып, жаңа өндiретiн қуаттарды еңгiзу болмаған кезде тапшылық 2015 жылғы деңгейде тапшылық - 320 МВт, 2020 ж. - 510 МВт, 2025 ж. - 770 МВт құрауы мүмкiн, бұл облыстың электр желiсiн Қазақстанның БЭЖ-бен байланыстыратын (Рубцовск-Өскемен 500 кВ ӘЖ ажыратылған кезде) авариялық режимдерде жұмыс iстеп тұрған желiлердiң өткiзу қабiлетiн арттырады.
Жобада мыналар көзделген:
500 кВ Екiбастұз-Шүлбi ГЭС ӘЖ (550 км) құрылысы;
500 кВ Шүлбi ГЭС - Өскемен ӘЖ (150 км) құрылысы;
500 кВ ШГЭС АТҚ құрылысы;
1150 кВ Екiбастұз ҚС 500 АТҚ кеңейту;
500 кВ Өскемен ҚС 500 АТҚ кеңейту;
Құны шамамен - 42,5 млрд. теңге
Жобаны iске асырудың жоспарланып отырған мерзiмi - 2012-2018 ӘЖ.
4) 500 кВ Кемен - Алматы мемлекетаралық ӘЖ құрылысы.
Жобаның мақсаты: Осы жобаны iске асыру орталық азиялық өңiрде қуат ағынын таратуды балама мүмкiндiктерiн қамтамасыз ететiн жаңа энергетикалық сақина құруға мүмкiндiк бередi. Аталған жобаны iске асыру мәселесiн қарастыру ниетi Астана қ. 2009 жылғы 1 желтоқсандағы Қырғызстан мен Қазақстан Үкiмет басшыларының кездесуiнде айтылды. Жоба Қазақстан үшiн мынадай оң аспектiлерге ие:
қосымша импорттық, экспорттық және транзиттiк мүмкiндiктер;
орталық азиялық өңiрде қуат ағынын таратуды басқару мүмкiндiгi;
Қазақстан мүдделерiндегi су-энергетикалық мәселелердi оңтайландыру мүмкiндiгi.
Жобада мыналар көзделген:
500 кВ Кемен - Алматы ӘЖ (200 км) құрылысы;
500 Алматы (Алма) ҚС-ны кеңейту.
Құны шамамен - 22,5 млрд. теңге
Жобаны iске асырудың жоспарланып отырған мерзiмi — 2012-2015 ӘЖ.
5) Павлодар энергия торабының Қазақстанның БЭЭЖ-бен байланысын күшейту.
Жобаның мақсаты: Энергия торабын Қазақстанның БЭЭЖ-бен кернеуi 220 кВ электр байланысымен жарақтандыра отырып, Павлодар энергия торабы энергия жүйесi жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру. 2010-2014 жылдарға арналған ҮИИДМБ шеңберiнде қуатты жаңғыртуды және ұлғайтуды көздейтiн Павлодар қ. ЖЭО-ның қуат беруiн қамтамасыз ету.
Қазiргi уақытта, энергия торабы Қазақстанның БЭЭЖ-iмен шектеулi өткiзу қабiлетi бар (Л-3077 жоспарлы ажыратылған кезде рұқсат етiлетiн ағын 330 МВт-дан 80 МВт-ға дейiн төмендейдi) 110 кВ электр беру желiлерi бойынша байланысқан, бұл Павлодар ЖЭО-ның сыртқы тұтынушыларға қуат беруiнiң шектелуiне алып келедi.
Жобада мыналар көзделген:
Павлодар (2x125 MBA) ҚС 110 кВ 220 кВ АТҚ имараты;
кернеуi 220 кВ (21,7 км) Павлодар ЕЭК 110 кВ ӘЖ көшiру;
ЕЭК 220 кВ АТҚ-ны кеңейту;
ЕЭК-Промышленная (46 км) 220 кВ ӘЖ салу.
Құны шамамен - 4 млрд. теңге
Жобаны iске асырудың жоспарланатын мерзiмi - 2012-2014 ж.
6) 500 кВ Шүлбi СЭС Ақтоғай-Талдықорған-Алма ӘЖ құрылысы.
Жобаның мақсаты: республиканың оңтүстiк-шығыс бөлiгiндегi 500 кВ ғимараттар желiсi мынадай оң әсерлерiн болжайды:
Қазақстанды индустрияландырудың 2010-2014 жылдарға арналған картасында көзделген Ақтоғай КБК сенiмдi электрмен қамту схемасымен қамтамасыз ету;
Ақтоғай, Талдықорған, Алматы электрмен қамтудың сенiмдiлiктi арттыру;
темiр жол учаскелерiн электрлендiру мүмкiндiгi үшiн қажеттi инфрақұрылым салу (Ақтоғай - Алматы, Ақтоғай - Достық, Ақтоғай - Мойынты), Қазақстанның ҰЭЖ транзиттiк әлеуетiн, ҚХР-ға экспорттық жеткiзiлiмдердi арттыру;
Солтүстiк — Оңтүстiк транзитiн және Қазақстан БЭЭЖ-нiң Шығыс аймағына байланысын қосымша нығайту.
Жобада мыналар көзделген:
500 кВ Ақтоғай - Шүлбi ГЭС ӘЖ (420 км) салу;
500 кВ Ақтоғай - Талдықорған ӘЖ (250 км) салу;
500 кВ Талдықорған - Алма ӘЖ (250 км) салу;
Ақтоғай ҚС 500 кВ (2x501 MBА) салу;
Талдықорған ҚС 500 кВ (2x501 МВА) салу;
Алма АТҚ ҚС 500 кВ кеңейту,
Құны шамамен - 60 млрд. теңге
Жобаны iске асырудың жоспарланатын мерзiмi - 2014-2021 ӘЖ.
7) ҰЭЖ-дi оңалту (220-500 кВ ӘЖ қайта құру және алмастыру).
Жобаның мақсаты: Қазақстанды индустрияландырудың 2010-2014 жылдарға арналған картасына енгiзiлген, сондай-ақ республика экономикасы мен тұрғындарын сенiмдi электрмен жабдықтау объектiлерiн қамтамасыз ету үшiн пайдалануға берудiң ұзақ мерзiмдерiне байланысты айтарлық тозығы жеткен Қазақстанның ҰЭЖ электр тарату желiлерiн қайта жаңарту қажет.
Жоба қызмет мерзiмi 2013-2020 жылдар кезеңiнде нормаға жететiн жұмыс iстеп тұрған электр тарату желiлерiн қайта жаңартуға бағытталған.
Жобада мыналар көзделген:
220 кВ ӘЖ қайта құру және алмастыру (2200 км);
500 кВ ӘЖ қайта құру және алмастыру (404 км);
Болжамды құны - 84,8 млрд. теңге
Жобаны iске асырудың жоспарланатын мерзiмi - 2013-2020 ӘЖ.
8) Басқа да инфрақұрылымдық жобалар:
Екiбастұз ГРЭС АТҚ 500 кВ қайта құру. Құны - 9,5 млрд. теңге. Iске асыру мерзiмi 2011-2014 ӘЖ.;
Құмкөл - Қызылорда 220 кВ ӘЖ салу. Құны 4,6 млрд. теңге. Iске асыру мерзiмi - 2010-2011 ӘЖ.;
Астана қаласындағы тiректi қосалқы станциялары бар 220 кВ ӘЖ сақинасының құрылысы және 220 кВ ашық бөлу қондырғысы мен 500 кВ орталық бас төмендету қосалқы станциясын қалпына келтiру. Құны - 42,0 млрд. теңге. Iске асыру мерзiмi - 2010-2014 ӘЖ.;
«Промышленная» (Павлодар қ.) ҚС 110 кВ кернеуi 220 кВ Промышленная - Павлодар ӘЖ 110 кВ ауыстыра отырып, 220 кВ АТҚ салу. Құны 2,8 млрд. теңге. Iске асыру мерзiмi - 2012-2017 ӘЖ.
4. 2010 - 2014 жыл кезеңдерiнде көмiр саласын одан әрi дамыту кезең-кезеңiмен:
Сыртқы нарықтарда көмiр өнiмдерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн көмiр өнеркәсiбi саласын халықаралық стандарттарға көшiрудi аяқтау.
Әлемдегi iрi «Богатырь» разрезiнiң темiр жол схемасын разрездегi көмiрдi орташаландыра отырып, автомобильдi-конвейерлiк технологияға ауыстыруды аяқтау.
Мынадай разрездер бойынша: «Северный» жылына 10 млн. тоннадан 18 млн. тоннаға дейiн, «Восточный» жылына 20 млн. тоннадан 22 млн. тоннаға дейiн, «Екiбастұз» жылына 4 млн. тоннадан 8 млн. тоннаға дейiн, «Майкүбi» жылына 5,3 млн. тоннадан 8,5 млн. тоннаға дейiн, «Қаражыра» жылына 5 млн. тоннадан 7 млн. тоннаға дейiн және «Жалын» кен орны бойынша жылына 0,5 млн. тоннадан 2,0 млн. тоннаға дейiн көмiр өндiру қуатын ұлғайту бойынша техникалық жобаларды iске асыру жоспарланады.
5. Электр энергиясы нарығының қолданыстағы тетiгiн жетiлдiру
Спот-сауда-саттық көлемiн 2012 жылы Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығының жалпы көлемiнiң 10 пайыз деңгейiне қол жеткiзу.
«Электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң ақпараттарын ашу және ұсыну ережесiн» әзiрлеу және бекiту.
6. 2014 жылы электр тұтынудың жалпы көлемiндегi жаңартылған энергия көздерiнiң үлесi 1,0%-дан астамды құрайды.
Жаңартылатын энергия көздерiнен электр энергиясы өндiрiсiне жәрдемдесу үшiн құқықтық және әкiмшiлiк шараларын iске асыру.
«Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шiлдедегi Заңын және жаңартылған энергия көздерiн пайдалануды ынталандыру және қолдау жөнiндегi шараларды қамтитын бiрқатар нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдағаннан кейiн отандық және шетелдiк инвесторлардың қызығушылығы артқаны және жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану саласындағы жобаларды iске асыру басталғаны байқалды.
Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану саласындағы нормативтiк және нормативтiк-құқықтық құжаттамаларды әзiрлеудi және жетiлдiрудi жалғастыру салынатын инвестицияларды қайтаруда инвесторларға кепiлдiк беруге мүмкiндiк беретiн қолдау тетiгiн құруы тиiс және нәтижесiнде, жаңартылған энергия көздерiнен барлық өндiретiн электр энергиясын сатып алу кепiлдiгi, желiлерге жаңартылған энергия көздерiн пайдалану бойынша объектiлердi қосу кезiнде қолдау, жобаның барлық өтiмдiлiк кезеңiнде жаңартылған көздерiнен энергияға инвестициялық преференцияларды кепiлдендiрiлген және тартымды бағасын беру, жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану саласындағы жобаларды келiсу рәсiмiн стандарттау, жаңартылатын энергия көздерi объектiлерiнiң құрылысы үшiн жер учаскелерiн беру кезiнде резервтеу және басымдылығы, жаңартылған энергия көздерiн пайдалана отырып, өндiрiлген электр энергиясын сатып алу бойынша энергия таратушы ұйымдардың мiндеттемелерi, жаңартылған энергия көздерiнiң желiлерi бойынша электр энергиясы көлiгiне төлеуден босату тәрiздi Қазақстан Республикасының аумағында жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану саласындағы жобаларды iске асыру және дамыту үшiн әлеуеттi инвесторларды тартуға тиiс.
Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану (жел электр станциялары (ЖЭС), (кiшi су электр станциялары (кiшi СЭС) бойынша жобаларды iске асыру есебiнен мынадай жаңа қуаттарды енгiзу:
Алматы облысында:
2011 жылы iске қосылатын Шелек дәлiзi ауданындағы белгiленген қуаты 51 МВт ЖЭС;
2012 жылы iске қосылатын Жоңғар қақпасы ауданындағы белгiленген қуаты бiрiншi кезеңде 50 МВт ЖЭС;
2012 жылы iске қосылатын Көксу өзенiндегi жалпы қуаты 42 МВт кiшi СЭС каскадтары;
2011 жылы iске қосылатын Басқан өзенiндегi белгiленген қуаты 4,37 МВт кiшi СЭС;
2011-2012 жылдары iске қосылатын Есiк өзенiндегi жалпы қуаты 5 МВт кiшi СЭС;
2014-2015 жылы iске қосылатын Шелек өзенiндегi жалпы қуаты 30 МВт жоғары кiшi СЭС;
2012 жылы iске қосылатын Лепсi өзенiндегi белгiленген қуаты 4,8 МВт кiшi СЭС;
2014 жылы iске қосылатын бiрiншi кезеңдегi белгiленген қуаты 6 МВт күн қондырғылары.
Шығыс Қазақстан облысында:
2011 жылы iске қосылатын Ұлан ауданындағы белгiленген қуаты 24 МВт болатын ЖЭС.
Маңғыстау облысында:
2012 жылы iске қосылатын Түпқараған ауданындағы белгiленген қуаты 40 МВт ЖЭС.
Ақмола облысында:
2013 жылы iске қосылатын Ерейментау ауданындағы белгiленген қуаты 35 МВт ЖЭС.
Қарағанды облысында:
2013 жылы iске қосылатын Қарқаралы ауданындағы белгiленген қуаты 10-15 МВт ЖЭС.
Оңтүстiк Қазақстан облысында:
2014 жылы iске қосылатын Бәйдiбек ауданындағы белгiленген қуаты 40 МВт ЖЭС;
2011-2014 жылдары iске қосылатын Келес өзенiндегi жалпы қуаты 10 МВт кiшi СЭС.
Қостанай облысында:
2014 жылы iске қосылатын Арқалық қаласына жақын жердегi белгiленген қуаты 41 МВт ЖЭС.

6. Қажеттi ресурстар

Бағдарламаны iске асыруға арналған қаржы ресурстарының жалпы көлемi 951 656 млн. теңгенi құрайды, оның iшiнде қаржыландыру көздерi бойынша:
1) Республикалық бюджет - 290 447 млн. теңге.
2) Меншiктi және қарыз қаражаты - 661 209 млн. теңге.

7. Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары

млн. теңге

Р/с №

Iс-шара

Аяқталу нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындалу мерзiмi

Болжамды шығыстар

Қаржыландыру көздерi

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Өндiрушi қуаттарды қайта жаңарту, жаңғырту және салу


ЖИЫНЫ:


1 2
Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina