ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қарашадағы № 1246 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1693 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1693 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 47-48, 556-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру ережесiнде:
3, 13, 13-1-тармақтарда «Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi», «Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi» деген сөздер тиiсiнше «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi», «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi» деген сөздермен ауыстырылсын;
43-тармақтың 1) тармақшасында «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iстерi жөнiндегi агенттiгi» деген сөздер тиiсiнше «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке лицензиясы бар заңды тұлғалар:
тоқсан сайын есептi кезеңнен кейiнгi айдың 5-күнiне белгiленген нысан бойынша лицензиар органға бақылаудағы заттардың айналымы туралы есеп ұсынады (4-қосымша);
Тiзiмнiң II, III, IV кестелерiне енгiзiлген есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлар санының, жай-күйiнiң өзгеруiне байланысты кез келген операцияларды арнайы журналға тiркейдi. Есепке алу журналының беттерi нөмiрленiп, тiгiлiп, мөрмен және Комитеттiң жауапты адамының қолымен расталады (9-қосымша). Журнал толық толғанға дейiн жүргiзiледi және оған соңғы жазба түсiрiлген күннен бастап он жыл бойы сақтайды;
әрбiр айдың 1-күнiндегi жағдай бойынша өздерiнiң иелiгiндегi есiрткi құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға түгендеу жүргiзедi. Нақты саны кiтаптағы қалдықпен салыстырылады және салыстырып тексеру актiсiнде көрсетiледi (10-қосымша). Нәтижелердiң алшақтығы немесе сәйкес болмауы туралы ақпарат салыстырып-тексеру актiсi жасалған сәттен бастап үш күн мерзiмде лицензиар мемлекеттiк органның назарына жеткiзiледi;
есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың кiрiсi мен жұмсалуына қатысты барлық құжаттарды (шот-фактуралар, жүк құжаттар, сенiмхаттар және өзгелер) осы құжаттаманың толық сақталуына кепiлдiк беретiн жағдайларда кәсiпорында олардың сақталуына жауапты адамда сақтайды.»;
44-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың кеден одағына кiрмейтiн мемлекеттерден бақыланатын заттарды әкелген жағдайда өтiнiш берушi Импортқа (экспортқа) лицензия (бұдан әрi - Импортқа (экспортқа) лицензия) алу үшiн Комитетке мынадай құжаттарды табыс етедi:
лицензия беру туралы өтiнiш (20-қосымша);
өтiнiштiң электрондық көшiрмесi;
сыртқы сауда шартының (келiсiмшарттың) көшiрмесi, қосымшалар және (немесе) оған толықтырулар;
салық органына есепке қойылғаны туралы құжаттың көшiрмесi;
егер осындай қызмет түрi бiрыңғай кеден аумағында лицензиялануы енгiзiлген тауарлардың айналымына қатысты болса, лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыруға лицензияның көшiрмесi;
құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлiк заттарды мемлекеттiк тiркеу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң сараптамалық қорытындысы (дәрiлiк заттарды әкелген жағдайда);
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң келiсiм хаты (дәрiлiк заттар болып табылмайтын прекурсорларды әкелген жағдайда);
мемлекеттiк баждың (лицензиялық алым) төленгенiн растайтын құжат.
Импортқа (экспортқа) лицензия беру және оның телнұсқасын ресiмдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Лицензияны бақылаудан алған кезде тиiстi кеден органы 5 жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге оның жазбаша өтiнiшi негiзiнде лицензияның орындалғаны туралы анықтама бередi.
Лицензияның қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн лицензиат 15 күн iшiнде Комитетке лицензияның орындалғаны туралы анықтама беруге мiндеттi.
Құжаттардың ұсынылған көшiрмелерiнiң әрбiр парағына өтiнiш берушiнiң қолы қойылып, мөрiмен куәландырылуы тиiс немесе құжаттардың көшiрмелерi тiгiлiп, өтiнiш берушiнiң қолымен және мөрiмен куәландырылуы тиiс.
Импортқа (экспортқа) лицензия өтiнiш берушi Тарап мемлекетiнiң заңнамасында көзделген тәртiппен және мөлшерде лицензия берiлгенi үшiн алынатын мемлекеттiк баждың (лицензиялық алымның) төленгенiн растайтын құжатты ұсынғаннан кейiн берiледi.»;
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«45. Әкелуге (әкетуге) рұқсаттың қолданылу мерзiмi алты айды құрайды. Импортқа (экспортқа) лицензия күнтiзбелiк жылға ресiмделедi.»;
46-тармақ «Рұқсатты» деген сөзден кейiн «Импортқа (экспортқа) лицензияны» деген сөздермен толықтырылсын;
47-тармақтың 2) тармақшасы «рұқсатты» деген сөзден кейiн «Импортқа (экспортқа) лицензияны» деген сөздермен толықтырылсын;
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«48. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелудi (әкетудi) жүзеге асыру кезiнде Әкелуге (әкетуге) рұқсаттың/Импортқа (экспортқа) лицензияның бланкiлерi тауардың нақты топтамасының түскенi немесе жөнелтiлгенi туралы белгi қою және әкелу (әкету) бойынша операцияны аяқтау үшiн кеден органдарына ұсынылады. Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке арналған лицензияның түпнұсқасы, сондай-ақ Әкелуге (әкетуге) рұқсаттың данасын/Импортқа (экспортқа) лицензияның нотариалдық куәландырылған көшiрмесi жүктердi ресiмдеу жүргiзiлетiн кеден органдарына ұсынылады. Қызмет түрiне арналған лицензияның көшiрмесi және Әкелуге (әкетуге) рұқсаттың түпнұсқасы/Импортқа (экспортқа) лицензия алушы (жiберушi) елдiң уәкiлеттi органына жiберiледi.»;
осы қаулыға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес 20, 21, 22, 23, 24-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 24 қарашадағы
№ 1246 қаулысына
1-қосымша

«Қазақстан Республикасында есiрткi
құралдары, психотроптық заттар және
прекурсорлар айналымын мемлекеттiк
бақылауды жүзеге асыру ережесiн
бекiту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2000 жылғы 10 қарашадағы
№ 1693 қаулысына
20-қосымша

Тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына лицензия беру
туралы өтiнiш

1. Өтiнiш №

2. Қолданылу кезеңi
ЖЖЖЖККАА бастап ЖЖЖЖККАА | дейiн

3. Лицензия түрi
|ЭКСПОРТ

4. жылғы « » № келiсiмшарт

5. Өтiнiш берушi |

6. Сатып алушы

7. Жеткiзiлетiн ел |

8. Сатып алушының елi |

9. Келiсiмшарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарған елi |

13. Саны

14. Өлшем бiрлiгi

15. СЭҚБТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы
|

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшiн негiз

18. Өтiнiш берушiнiң уәкiлеттi адамы
Т.А.Ә.
лауазымы
Телефоны
Қолы және мөрi Күнi

Тауар жекелеген түрлерiнiң импортына лицензия беру туралы
өтiнiш

1. Өтiнiш №

2. Қолданылу кезеңi
ЖЖЖЖККАА бастап ЖЖЖЖККАА | дейiн

3. Лицензия түрi
| ИМПОРТ

4. жылғы « » № келiсiмшарт

5. Өтiнiш берушi |

6. Сатушы

7. Жөнелтетiн ел |

8. Сатушының елi |

9. Келiсiмшарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарылатын елi |

13. Саны

14. Өлшем бiрлiгi

15. СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы
|

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшiн негiз

18. Өтiнiш берушiнiң уәкiлеттi адамы
Т.А.Ә.
лауазымы
Телефоны
Қолы және мөрi Күнi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 24 қарашадағы
№ 1245 қаулысына
2-қосымша

«Қазақстан Республикасында есiрткi
құралдары, психотроптық заттар және
прекурсорлар айналымын мемлекеттiк
бақылауды жүзеге асыру ережесiн
бекiту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2000 жылғы 10 қарашадағы
№ 1693 қаулысына
21-қосымша

Тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына немесе импортына
лицензия беру туралы өтiнiшке қосымша

жылғы « » өтiнiшке қосымша

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

Барлық парақтар № парақ

18. Өтiнiш берушiнiң уәкiлеттi адамы
Т.А.Ә.
лауазымы
Телефоны
Қолы және мөрi Күнi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 24 қарашадағы
№ 1246 қаулысына
3-қосымша

«Қазақстан Республикасында есiрткi
құралдары, психотроптық заттар және
прекурсорлар айналымын мемлекеттiк
бақылауды жүзеге асыру ережесiн
бекiту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2000 жылғы 10 қарашадағы
№ 1693 қаулысына
22-қосымша

Тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына арналған лицензия

Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң атқарушы билiгiнiң уәкiлеттi мемлекеттiк органы

1. Лицензияның №

2. Қолданылу кезеңi
ЖЖЖЖККАА бастап ЖЖЖЖККАА | дейiн

3. Лицензияның типi
|ЭКСПОРТ

4. жылғы « » № келiсiмшарт

5. Өтiнiш берушi |

6. Сатып алушы

7. Жеткiзiлетiн ел |

8. Сатып алушының елi |

9. Келiсiмшарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарылатын елi |

13. Саны

14. Өлшем бiрлiгi

15. СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы
|

16. Қосымша ақпарат


17. Лицензия беру үшiн негiз

18. Өтiнiш берушiнiң уәкiлеттi адамы
Т.А.Ә.
лауазымы
Телефоны
Қолы және мөрi Күнi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 24 қарашадағы
№ 1246 қаулысына
4-қосымша

«Қазақстан Республикасында есiрткi
құралдары, психотроптық заттар және
прекурсорлар айналымын мемлекеттiк
бақылауды жүзеге асыру ережесiн
бекiту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2000 жылғы 10 қарашадағы
№ 1693 қаулысына
23-қосымша

Тауарлардың жекелеген түрлерiнiң импортына арналған лицензия

Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң атқарушы билiгiнiң уәкiлеттi мемлекеттiк органы

1. Лицензияның №

2. Қолданылу ету кезеңi
ЖЖЖЖККАА бастап ЖЖЖЖККАА | дейiн

3. Лицензия типi
| ИМПОРТ

4. жылғы « » № келiсiмшарт

5. Өтiнiш берушi |

6. Сатушы

7. Жөнелтiлетiн ел |

8. Сатушының елi |

9. Келiсiмшарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шыққан елi |

13. Саны

14. Өлшем бiрлiгi

15. СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы
||

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшiн негiз

18. Өтiнiш берушiнiң уәкiлеттi адамы
Т.А.Ә.
лауазымы
Телефоны
Қолы және мөрi Күнi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 24 қарашадағы
№ 1246 қаулысына
5-қосымша

«Қазақстан Республикасында есiрткi
құралдары, психотроптық заттар және
прекурсорлар айналымын мемлекеттiк
бақылауды жүзеге асыру ережесiн
бекiту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2000 жылғы 10 қарашадағы
№ 1693 қаулысына
24-қосымша

Тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына және (немесе)
импортына арналған лицензияға қосымша

Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң атқарушы билiгiнiң уәкiлеттi мемлекеттiк органы

_____ жылғы «___» _____________ өтiнiшке қосымша

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

Барлық парақтар № парақ

18. Өтiнiш берушiнiң уәкiлеттi адамы
Т.А.Ә.
лауазымы
Телефоны
Қолы және мөрi Күнi


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina