Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 1249 Қаулысы
Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету қағидасын бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 276-8-бабы 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов