Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 1254 Қаулысы
Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы «Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Астана қаласы, Есiл ауданы, Орынбор көшесi, 8 мекенжайында орналасқан «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимаратының сыртқы инженерлiк желiлерi (бұдан әрi - сыртқы желiлер) осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық меншiктен Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi мен Үкiметiнiң әкiмшiлiк ғимараттары дирекциясы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорының теңгерiмiнен Астана қаласының коммуналдық меншiгiне берiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасы (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен және Астана қаласының әкiмдiгiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен осы қаулыға қосымшада көрсетiлген сыртқы желiлердi қабылдау-беру жөнiнде қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Мәсiмов Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 28 қарашадағы № 1254 қаулысына қосымша «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимаратының сыртқы инженерлiк желiлерiнiң тiзбесi Р/с № | Атауы | Теңгерiмдiк құны, теңге | Тозуы, теңге | Қалдық құны, теңге | 1. | Сумен жабдықтау желiлерi | 102 226 987,00 | 6 900 321,63 | 95 326 665,37 | 2. | Кәрiз желiлерi | 39 011 796,00 | 2 633 296,23 | 36 378 499,77 | 3. | Нөсер кәрiзi | 55 488 510,00 | 3 745 474,45 | 51 743 035,55 | 4. | Жылу желiлерi | 18 265 179,00 | 1 202 457,63 | 17 062 721,37 | 5. | К-1 шаруашылық-тұрмыстық тегеурiндi кәрiздiң сорғы станциясы | 238 723 819,00 | 20 888 334,18 | 217 835 484,82 | 6. | К-2 нөсер кәрiзiнiң сорғы станциясы | 406 593 398,00 | 35 576 922,36 | 371 016 475,64 | 7. | РП-83, РП-84 (РУ-10 кВ бөлу құрылғысы) шағын бөлу станциялары | 236 930 986,00 | 18 757 036,39 | 218 173 949,61 | 8. | Кәбiлдiк арнадағы кәбiл тораптарының КЛ-10 кВ электрмен жабдықтау желiлерi | 149 232 713,00 | 9 824 486,94 | 139 408 226,06 |
| Жиыны: | 1 246 473 388,00 | 99 528 329,81 | 1 146 945 058,19 |
|