Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 1413 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 және 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 977 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн: 1) «Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлiк құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламенттi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 633-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлiк құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентте: 14-тармақтың үшiншi абзацындағы «қаңтардан» деген сөз «шiлдеден» деген сөзбен ауыстырылсын; көрсетiлген Техникалық регламентке 5-қосымша мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: « Ресей | 2008 жылдан бастап және одан кейiнгi | Украина | 2010 жылғы 1 шiлдеден бастап және одан кейiнгi | Беларусь | 2008 жылдан бастап және одан кейiнгi | Өзбекстан | 2010 жылдан бастап және одан кейiнгi | »; 2) «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 және 2010 жылғы 1 наурыздағы № 153 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 24 қыркүйектегi № 977 қаулысында: 2-тармақтағы «қаңтардан» деген сөз «шiлдеден» деген сөзбен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов
|