ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 1362 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 62 және 2010 жылғы 2 ақпандағы № 63 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) «Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 ақпандағы № 62 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 9, 110-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесiнде:
3-тармақта «сүт,» деген сөзден кейiн «қой етi,» деген сөзбен толықтырылсын;
2) «Облыстық бюджеттердiң асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 ақпандағы № 63 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 9, 111-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Облыстық бюджеттердiң асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесiнде:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тауар өндiрушiлер отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан және (немесе) шаруашылықтардан сатып алған өз төлiнен өсiрiлген асыл тұқымды төлдiң, сондай-ақ шетелдiк селекцияның еттi тұқымды iрi қара малдың импортталған, оның iшiнде лизинг шарты негiзiнде сатып алынған асыл тұқымды төлiнiң құнын iшiнара (50 %-ға дейiн) арзандатуға;»;
4-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«тауар өндiрушiлерге отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан және (немесе) шаруашылықтардан сатып алынған асыл тұқымды төл, сондай-ақ шетелдiк селекцияның еттi тұқымды iрi қара малдың импортталған, оның iшiнде лизинг шарты негiзiнде сатып алынған асыл тұқымды төлi үшiн;»;
11-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«2010 жылғы 15 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде тауар өндiрушiлер Бөлiмге шетелдiк селекцияның еттi тұқымды iрi қара малдың импорттық, оның iшiнде лизинг шарты негiзiнде сатып алынған асыл тұқымды төлiн сатып алудың жоспарланған көлемiне өтiнiмдер бередi.»;
17-тармақта:
«20 қарашадан» деген сөздер «25 желтоқсаннан» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшаның бесiншi абзацындағы «актiсiн.» деген сөз «актiсiн;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
«3) шетелдiк селекцияның еттi тұқымды iрi қара малдың импорттық асыл тұқымды төлiн сатып алу кезiнде:
сатып алу-сату шартының көшiрмесiн;
төлем құжаттарының көшiрмелерiн;
4) шетелдiк селекцияның еттi тұқымды iрi қара малдың импорттық асыл тұқымды төлiн лизинг шарты негiзiнде сатып алу кезiнде:
лизинг шартының көшiрмесiн;
лизинг бойынша негiзгi борышты өтеу кестесiнiң көшiрмесiн;
өтеу кестесiне сәйкес лизингтiң негiзгi борышы бойынша қаражаттың төленгенiн растайтын төлем құжаттарының көшiрмелерiн;
асыл тұқымды төлдi беру және жеткiзу актiсiн.
Тауар өндiрушiлерге лизинг шарты негiзiнде сатып алынған шетелдiк селекцияның еттi тұқымды iрi қара малдың асыл тұқымды төлi үшiн субсидиялар төлеу лизинг шарты бойынша негiзгi борышты төлеуге байланысты шығыстарды өтеу үшiн олардың белгiленген арзандатылған құнынан аспайтын (50%-ға дейiн) мөлшерде жүргiзiледi.»;
19-тармақтағы «23 қарашадан» деген сөздер «27 желтоқсаннан» деген сөздермен ауыстырылсын;
20-тармақтағы «26 қарашадан» деген сөз «29 желтоқсаннан» деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетiлген Ережеге 1-қосымшада:
мынадай мазмұндағы 5-бөлiммен толықтырылсын:

«5. Шетелдiк селекцияның iрi қара малының асыл тұқымды төлiне бюджеттiк субсидиялардың нормативi

Р/с

Малдың түрлерi мен тұқымдары

1 басқа бюджеттiк субсидиялар нормативi (50%-га дейiн), мың теңге


Шетелдiк селекцияның ет бағытындағы iрi қара малы

1.

Солтүстiк Америкадан әкелiнетiн

330,0

2.

Еуропадан әкелiнетiн

304,0

»;

көрсетiлген Ережеге 2-қосымшада:
кестенiң «Жылдық квота», «Бiр бiрлiк (кг, т/с, доза, дана) үшiн бюджеттiк субсидиялар нормативi, теңге» және «Асыл тұқымды өнiмнiң асылдандыру мақсатына нақты сатып алынғаны (кг, т/с, дана, доза)» деген бағаны «дана», «доза» деген сөздерден кейiн тиiсiнше «, мал басы» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina