Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 1372 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 79-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) туралы ережеде: 1-тармақтағы «заңды мүдделерін» деген сөздер «құқықтарын» деген сөзбен ауыстырылсын; 14-тармақта: мынадай мазмұндағы 42-1), 42-2), 42-3), 42-4) және 42-5) тармақшалармен толықтырылсын: «42-1) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді; 42-2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізеді; 42-3) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады; 42-4) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды; 42-5) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерімен, қауымдастықтармен (одақтармен) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында өзара іс-қимыл жасасады;»; 43) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «43) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
|