Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 1375 Қаулысы
"Қазақстан Ўлттық электр желісінің 500, 220 кВ кернеулі желілеріне жалғай отырып, 500/220 кВ "Алма" қосалқы станциясын салу" жобасы бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы «Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания «KEGOC» акционерлік қоғамы іске асыратын «Қазақстан Ўлттык электр желісінің 500, 220 кВ кернеулі желілеріне жалғай отырып, 500/220 кВ «Алма» қосалқы станциясын салу» жобасын тиімді қаржыландыруды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) «Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания «KEGOC» акционерлік қоғамымен (бұдан әрі - «KEGOC» АҚ) және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамымен мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім жасасын; 2) Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкіне (бұдан әрі - Банк) «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңымен бекітілген мемлекеттік кепілдіктер берудің лимиті шегінде 78000000 (жетпіс сегіз миллион) АҚШ доллары мөлшерінде тартылатын қарыз бойынша «KEGOC» АҚ-тың міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін берсін. 2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «KEGOC» АҚ-тың мемлекеттік кепілдікті алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптарды орындауын қамтамасыз ету ұсынылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
|