Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 1377 Қаулысы
Ўлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит беру шарттарын және "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамына кредит беру шарттарын айқындау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «2010 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 мамырдағы қаулысына сәйкес «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қарыз алушы) кейіннен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - «ҚТҚЖБ» АҚ) 15163000000 (он бес миллиард бір жүз алпыс үш миллион) теңге мөлшерінде кредит беру үшін 051 «Ўлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген бюджеттік кредит берілсін. 2. «ҚТҚЖБ» АҚ-на кредит беру үшін қарыз алушыға кредит берудің мынадай шарттары айқындалсын: 1) «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Заңының 8-бабына сәйкес анықталған азаматтардың санаттарына жылдық 4 (төрт) пайыз сыйақы ставкасы бойынша алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру кредиттің мақсаты болып табылады; 2) кредит мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шартымен 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайызға тең жылдық сыйақы ставкасы бойынша 11 (он бір) жыл мерзімге беріледі; 3) «ҚТҚЖБ» АҚ үшін сыйақы ставкасы жылдық 1 (бір) пайыздан аспауға тиіс; 4) кредит бойынша негізгі борышты өтеуді қарыз алушы осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген кредит мерзімі аяқталған соң бір мезгілде жүзеге асырады; 5) кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу жарты жылдық кезеңділікпен жүзеге асырылады. Есептелген сыйақыны алғашқы төлеу қарыз алушыға кредит бөлінген сәттен бастап 6 (алты) ай өткен соң жүргізіледі; 6) игеру кезеңі кредит алушының шотына аударылған күннен бастап 3 (үш) жылды құрайды. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - кредит беруші), Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - әкімші) және қарыз алушы кредит шартының тараптары болып табылады. 4. Кредит қарыз алушының міндеттемелерді қамтамасыз етуінсіз бөлінеді. 5. Кредит беруші мен әкімші заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 3-тармағында көрсетілген кредит шартын жасасуды қамтамасыз етсін. 6. Јкімші заңнамада белгіленген тәртіппен кредиттің мақсатты және тиімді жұмсалуын, өтелуі мен оған қызмет көрсетілуін бақылауды және мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін. 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов