Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 1406 Қаулысы
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жасау жөнінде кеңес құру туралы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес туралы ереже бекітілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов