Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1445 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баждары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 38, 533-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға қосымшада: «СЭҚ ТН бойынша тауардың жіктеуіші» деген бағанда: «2709 00 900 2, 2709 00 900 8» деген сандар «2709 00 900 3, 2709 00 900 7» деген сандармен ауыстырылсын; «Баж ставкасы (1000 кг үшін доллармен)» деген бағандағы «20» деген сандар «40» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу жөніндегі шаралар туралы хабардар етсін. 3. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
|