ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы N 1403 Қаулысы
"Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркеу" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiнде тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1403 қаулысымен
бекiтiлген

«Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiнде тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттiк қызметтi Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң Ақпараттандыру және байланыс комитетi (бұдан әрi - Комитет), 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 14-кiреберiс, № А 739 кабинет мекенжайы бойынша көрсетедi.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттiк қызмет «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 23-бабы, «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiн және депозитарийдi жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1124 қаулысы, «Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң үлгi стандартын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысы, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысы негiзiнде көрсетiледi.
4. Мемлекеттiк қызмет стандарты Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiнiң www.reginfo. kz интернет-ресурсында орналастырылады, мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы анықтамалық ақпаратты (87172) 51-81-08 телефоны арқылы алуға болады.
5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiнде (бұдан әрi - Мемлекеттiк тiркелiм) тiркеу және қағаз тасығышта ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi тiркеу туралы куәлiк (бұдан әрi - куәлiк) беру, не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
6. Мемлекеттiк қызмет электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң меншiк иелерi немесе иеленушiлерi болып табылатын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына (бұдан әрi - тұтынушылар) көрсетiледi.
7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
1) Мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу және куәлiк беру үшiн тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында белгiленген қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi қырық үш жұмыс күнiн құрайды;
2) қажеттi құжаттарды тапсыру үшiн кезек күтудiң рұқсат етiлген ең көп уақыты - 40 минуттан аспайды;
3) қажеттi құжаттарды алу үшiн кезек күтудiң рұқсат етiлген ең көп уақыты - 30 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
9. Мемлекеттiк қызмет демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, аптасына бес күн, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi асқа үзiлiспен көрсетiледi. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.
10. Тұтынушыдан құжаттарды қабылдау Комитеттiң үй-жайында жүзеге асырылады. Ғимарат физикалық мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың қол жеткiзуiне арналған пандустармен жабдықталған.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

11. Тұтынушылар мемлекеттiк қызмет алу үшiн:
1) тұтынушы қол қойған және куәландырған өтiнiмнiң түпнұсқасын;
2) өтiнiмнiң қағаз және электрондық жеткiзгiштердегi тиiстi көшiрмелерiн ұсынады.
12. Өтiнiм нысандары мен оларды толтыру бойынша түсiндiрмелер www.reginfo. kz интернет-ресурсында орналастырылған.
13. Құжаттарды қабылдауды: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 14-кiреберiс, № А 781 кабинет, телефон: (87172) 74-03-64 мекенжайы бойынша Комитеттiң кеңсесi жүзеге асырады.
14. Комитет кеңсесiнде мемлекеттiк қызметтi алған күнi көрсетiлген iлеспе хатты тiркеу тұтынушының барлық қажеттi құжаттарды тапсырғанын растайды.
15. Куәлiктi тұтынушыға жеткiзу пошта немесе курьер қызметi арқылы жүзеге асырылады.
16. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген материалдар мен құжаттардың толық жиынтығы берiлмеуi Комитеттiң тұтынушыға мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартуына негiз болады.

3. Жұмыс қағидатты

17. Комитеттiң қызметi адамның конституциялық құқықтарының, жүктелген функциялардың орындалу заңдылығының сақталуына негiзделедi және әдептiлiк, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелерi

18. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
19. Комитеттiң мемлекеттiк қызмет көрсетуiнiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

20. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiне шағым жасау тәртiбi туралы ақпаратты № А 787 кабинет, (87172) 74-03-24 телефоны бойынша Комитеттiң лауазымды адамынан алуға болады.
21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушы шағымды Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiне: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 14-кiреберiс, № А 739 кабинет, телефон (87172)74-10-34 мекенжайы бойынша жолдайды.
Жұмыс тәртiбi: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, оның iшiнде сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiс бар.
22. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде дұрыс емес қызмет ету мәселелерi бойынша шағымды тұтынушы Комитетке: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 14-кiреберiс, № А 739 кабинет, телефон (87172) 74-03-24 мекенжайы бойынша жолдайды.
Жұмыс тәртiбi: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, оның iшiнде сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiс бар.
22-1. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа шағымдануға құқылы.
23. Шағым ерiктi түрде, екi данада ресiмделедi, оның бiреуi жасалған шағымға жауап алатын мерзiм мен орын, сондай-ақ шағымның қаралу барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерi көрсетiлiп, тұтынушыға берiледi.
24. Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiшiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгiленген тәртiппен қаралады.
Қабылданған шағым заңды тұлғалардың өтiнiштерiн есепке алу журналында тiркеледi. Шағымның екiншi данасы ие көшiрмесi шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады, онда шағымды қабылдап алған адам жасалған шағымға жауап алатын мерзiм мен орынды және шағымның қаралу барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерiн көрсетедi
25. Мемлекеттiк қызмет туралы қосымша ақпаратты www.mci.gov. kz немесе www.reginfo. kz иитернет-ресурстарынан және (87172) 74-03-54 телефоны арқылы алуға болады.

«Электрондық ақпараттық ресурстар
мен ақпараттық жүйелердi
электрондық ақпараттық ресурстар
мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк
тiркелiмiнде тiркеу» мемлекеттiк қызмет
стандартына қосымша

Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы мақсатты мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесi)




2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)




3. Қол жетiмдiлiк

3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)




3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi)




4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)




5. Сыпайылық

5.1.Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)





Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina