Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 1407 Қаулысы
1992 жылғы 20 мамырда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Жәрдем көрсетуді жеңілдету жөніндегі ынтымақтастыққа қатысты келісімнің ережелерін қолдану жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған 1992 жылғы 20 мамырда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Жәрдем көрсетуді жеңілдету жөніндегі ынтымақтастыққа қатысты келісімнің ережелерін қолдану жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумның жобасы мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Сейдахметқызы Айтжановаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан 1992 жылғы 20 мамырда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Жәрдем көрсетуді жеңілдету жөніндегі ынтымақтастыққа қатысты келісімнің ережелерін қолдану жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюға өкілеттік берілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов