Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1522 Қаулысы
Жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 22) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларды ұшуға жiберу қағидалары бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов
|