Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1513 Қаулысы
Квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру және бәсекелес ортада олардың қызметін ретке келтіру мәселелері жөнінде комиссия құру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамда Квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру және бәсекелес ортада олардың қызметін ретке келтіру мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов