ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1468 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2011 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi 2011 жылға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Iс-шаралар жоспары) бекiтiлсiн.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың (келiсiм бойынша) бiрiншi басшылары:
1) Iс-шаралар жоспарын орындау жөнiнде шаралар қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне 2011 жылғы 20 мамырдан және 10 қарашадан кешiктiрмей Iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсiн.
3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi 2011 жылғы 10 маусымнан және 10 желтоқсаннан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкiметiне Iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсiн.
4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi 2011 жылғы 10 шiлдеден және 2012 жылғы 10 қаңтардан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне Iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсiн.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне жүктелсiн.
6. Осы қаулы қол қойған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1468 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi
кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын iске
асыру жөнiндегi 2011 жылға арналған iс-шаралар жоспары

Iс-шара

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзiмi

1

2

3

4

5

1

Қылмыстық-атқару жүйесi бөлiмшелерiнiң жергiлiктi атқарушы органдармен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдармен жұмыс iстеу бойынша өзара iс-қимылы

Меморандумдар

Әдiлетминi, жергiлiктi мемлекеттiк органдар

1-тоқсан

2

Түрлi бейiндегi заң кадрларын даярлау мәселелерiн шешу бойынша ұсыныстар енгiзу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

БҒМ, Әдiлетминi, ЖС (келiсiм бойынша), БП (келiсiм бойынша)

1-тоқсан

3

Ұлттық заңнаманы кодификациялаудың параметрлерi мен нақты өлшемдерiн пысықтау бойынша iс-шаралар өткiзу

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат

Әдiлетминi, мүдделi мемлекеттiк органдар

1-тоқсан

4

Тұрғылықты жерi, жұмысы, демалысы бойынша бақылау мүмкiндiгiн ескере отырып, адамдардың есепте тұрған санаттарының тәртiбiн қылмыстық-атқару инспекцияларының қадағалау нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат

Әдiлетминi

Жартыжылдықтардың қорытындылары бойынша

5

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк органдардың құзыретiн заңнамалық және (немесе) заңға тәуелдi актiлер деңгейiнде бекiту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заң жобасын әзiрлеу және Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзу

Заң жобасы

Әдiлетминi

2-тоқсан

6

Бағалау қызметi саласындағы ұлттық заңнаманың халықаралық практиканың талаптарына сәйкестiгiне талдау жүргiзу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

Әдiлетминi

2-тоқсан

7

Ағымдағы және перспективалық заң жобалау жұмыстарының жоспарларын қалыптастыру және заң жобаларын әзiрлеу барысында Конституциялық Кеңестiң нормативтiк қаулыларын ғана емес, жолдауларын есепке алуға қатысты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентiне және Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарындағы заң жобалау жұмысын ұйымдастыру ережесiне түзетулер енгiзу

Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасы

Әдiлетминi

2-тоқсан

8

Құқық қорғау қызметi саласындағы мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде бағдарламалар және жобаларды iске асыру жөнiндегi жұмыстарды қорыту, сондай-ақ 2010 жыл бойынша азаматтардың құқықтық мәдениетiн арттыру және ұсыныстар дайындау

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

Әдiлетминi, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар

2-тоқсан

9

Азаматтардың жеке өмiрi туралы ақпаратты таратуға қатысты мәселенi пысықтау, атап айтқанда қолданыстағы заңнамадағы «жеке өмiрге қол сұқпаушылық», «жеке салымдар мен жиналымдардың, хат алмасу, телефондық сөйлеулер, пошта, телеграф және басқа хабарламалардың құпиясы құқығы» ұғымдарының аражiгiн ажырату

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат

Әдiлетминi, ҰҚК (келiсiм бойынша), мүдделi мемлекеттiк органдар

2-тоқсан

10

Қазақстан Республикасы Кәсiпкерлiк кодексiнiң тұжырымдамасын әзiрлеу

Кодекс жобасының тұжырымдамасы

Әдiлетминi, ЭДСМ мүдделi мемлекеттiк органдар

2-тоқсан

11

Үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi мен жұртшылық өкiлдерiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге тарту

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

Әдiлетминi, мүдделi мемлекеттiк органдар

3-тоқсан

12

Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау саласындағы қолданыстағы заңнаманы қолдану мәселелерi бойынша облыстық, Астана, Алматы қалаларының бiлiм басқармаларының, аудандық (қалалық) бiлiм бөлiмдерiнiң балалардың құқықтарын сақтау және мүдделерiн қорғау жөнiндегi мамандарымен, балалардың құқықтарын қорғау департаменттерiнiң қорғаншылық және балаларға көмек көрсету бөлiмi мамандарымен он-лайн режимiнде семинар ұйымдастыру және өткiзуi

Әдiстемелiк ұсынымдар

БҒМ

3-тоқсан

13

Бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандарды түзеу процесiне, сондай-ақ оларды босатуға дайындау және қайта әлеуметтендiруге қоғамдық бiрлестiктердi тарту

Меморандумдар

Әдiлетминi

3-тоқсан

14

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әр түрлi заңнамалық актiлердiң құқық нормалары арасындағы қарама-қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететiн нормаларды жою мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заң жобасын әзiрлеу және Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзу

Заң жобасы

Әдiлетминi

3-тоқсан

15

«Кейбiр заңнамалық актiлерге пробация мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заң жобасын әзiрлеу және Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзу

Заң жобасы

Әдiлетминi

3-тоқсан

16

Құқықтық түсiндiру жұмысының стандарттарын әзiрлеу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

Әдiлетминi, мүдделi мемлекеттiк органдар

4-тоқсан

17

Нормативтiк құқықтық актiлердiң құқықтық мониторингiне, оларды қолдану практикасын талдауға негiзделген заң жобалау қызметiн болжау-талдаумен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау

Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат

Әдiлетминi мүдделi мемлекеттiк органдар

4-тоқсан

18

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халыққа бiлiктi заң көмегiн көрсету жүйесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заң жобасын әзiрлеу және Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзу

Заң жобасы

Әдiлетминi

4-тоқсан

19

Құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейiн арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөнiндегi 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне, Қазақстан Республикасының Үкiметiне есеп

Әдiлетминi, мүдделi мемлекеттiк органдар

4-тоқсан

20

Қылмыстық қудалау органдарында қылмыстар туралы өтiнiштер мен хабарларды электрондық тiркеудi енгiзу

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат

БП (келiсiм бойынша), мүдделi мемлекеттiк органдар

4-тоқсан

21

«Азаматтық қорғау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне азаматтық қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобаларын әзiрлеу және Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзу

Заң жобалары

ТЖМ

4-тоқсан

22

Сот отырыстарының заңдарын аудио, бейне тiркеу жүйелерiмен кезең-кезеңiмен жарақтандыру

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесiне есеп

ЖС (келiсiм бойынша)

4-тоқсан

23

«Кейбiр заңнамалық актiлерге бәсекелестiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заң жобасын әзiрлеу және Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзу

Заң жобасы

БҚА, мүдделi мемлекеттiк органдар

4-тоқсан

24

Бизнестiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, оның қызметiне негiзсiз араласуды болдырмау жөнiндегi шараларды қабылдау

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат

ЭСЖККА (келiсiм бойынша) мүдделi мемлекеттiк органдар

4-тоқсан

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Әдiлетминi - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
БҒМ - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
министрлiгi
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және
сауда министрлiгi
БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
БҚА - Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау
агенттiгi (Монополияға қарсы агенттiк)
ЖС - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
министрлiгi
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк
комитетi
ЭСЖҚКА - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгi (қаржы
полициясы)


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina