ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1508 Қаулысы
"Компьютер жүйелерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қорытынды беру" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған «Компьютер жүйелерiн бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1508 қаулысымен
бекiтiлген

«Компьютер жүйелерiн бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк
тiзiлiмiне енгiзу үшiн қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Компьютер жүйелерiн бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн қорытынды беру» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) көрсетедi.
Министрлiктiң заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, сол жағалау, Министрлiктер үйi, Орынбор көш., 8-үй, 14-кiреберiс.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттiк қызмет «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнiң (бұдан әрi - Салық кодексi) 651-бабының 3-тармағына сәйкес көрсетiледi.
4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi және қажеттi құжаттар туралы толық ақпарат Министрлiктiң www.mci.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады немесе 8 (7172) 74-06-85 телефоны бойынша берiледi.
5. Мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi компьютер жүйесiн Салық кодексiнде көзделген бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн қорытынды не бас тарту себептерi туралы жазбаша түрдегi дәлелдi жауап беру болып табылады.
Компьютер жүйесiнiң техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытынды осы стандартқа 2-қосымшада белгiленген нысан бойынша қағаз тасығышта берiледi.
6. Мемлекеттiк қызмет заңды тұлғаларға көрсетiледi.
7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:
1) мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде;
2. құжаттарды тапсырғанға дейiн барынша рұқсат етiлген күту уақыты - 15 минут;
3) мемлекеттiк қызметтi тұтынушыға қызмет көрсетудiң барынша рұқсат етiлген уақыты - 15 минут.
8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
9. Министрлiктiң жұмыс кестесi демалыс және мейрам күндерiн қоспағанда, күн сайын, сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейiн. Қызметтi алу үшiн алдын ала жазылу қажет емес. Жылдамдатылған қызмет көрсету режимi көзделмеген.
10. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарында қажеттi құжаттар тiзiмi және оларды толтыру үлгiлерi, мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi туралы ақпарат орналастырылған стендiлер болады, мүмкiндiгi шектеулi адамдар үшiн жағдайлар көзделген, сондай-ақ отыратын орындар бар.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

11. Өтiнiш берушi мемлекеттiк қызметтi алу үшiн:
1) осы стандарттың 1-қосымшасында белгiленген нысан бойынша толтырылған сауалнама-өтiнiштi;
2) компьютер жүйесiнiң функционалдық мүмкiндiктерi мен сипаттамаларының толық сипатын және еркiн нысанда «Салық инспекторының жұмыс орны» режимiн пайдалану жөнiндегi нұсқаулықты;
3) компьютер жүйесiнiң функцоналдық көшiрмесiн қамтитын компакт дискiнi;
4) компьютер жүйесiн орнату және қосу жөнiндегi нұсқаулықты;
5) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
6) салық төлеушi ретiнде тiркеу туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
7) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
8) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес мiндеттi лицензиялауға жататын қызметпен айналысу құқығына лицензияның нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (өтiнiш берушi лицензияланатын қызмет түрiмен айналысқан жағдайда ұсынылады);
9) компьютер жүйесiнiң құрамына кiретiн және «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес сәйкестiгiн растауға жататын техникалық және бағдарламалық құралдардың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiк сертификаттарының нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн ұсынады.
Өтiнiш берушi жоғарыда көрсетiлген құжаттарды iлеспе хатпен ұсынуы қажет.
Құжаттар қағаз тасығышта не өтiнiш берушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат арқылы ұсынылады.
12. Осы стандарттың 11 тармағының 1) тармақшасында көзделген өтiнiш-сауалнама бланкiлерiн Министрлiктен немесе Министрлiктiң www.mci.gov.kz интернет-ресурсынан алуға болады.
13. Қажеттi құжаттардың толық тiзбесi пошта бойынша жiберiледi не 010000, Астана қаласы, сол жағалау, Министрлiктер үйi, Орынбор көшесi, 8-үй, 14-кiреберiс мекенжайында орналасқан Министрлiктiң кеңсесiне берiледi.
14. Құжаттар кеңсеге лауазымды тұлғамен қолма-қол тапсырылған жағдайда, Министрлiк тұтынушының iлеспе хатының көшiрмесiне құжаттарды қабылдағандығы туралы мөр, қабылдаған күндi және тұтынушының мемлекеттiк қызметтi алған күнiн қояды. Құжаттар пошта арқылы тапсырылған жағдайда, өтiнiш берушi Министрлiктiң кеңсесiнде құжаттардың қарауға қабылданғандығы туралы 8 (7172) 74-10-03 телефоны бойынша бiле алады.
15. Компьютер жүйесiн бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн компьютер жүйесiнiң техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытынды тұтынушыға пошта бойынша немесе өтiнiш берушiге қолма-қол жiберiледi.
16. Ұсынылған құжаттарда қателердiң анықталуы, осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың дұрыс ресiмделмеуi және құжаттар пакетiнiң толық берiлмеуi және (немесе) компьютер жүйесiнiң Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасында белгiленген техникалық талаптарға сәйкес болмауы Министрлiктiң өтiнiш берушiге мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тартуына негiз болады.

3. Жұмыс қағидаттары

17. Министрлiктiң жұмыс iстеу қағидаттары:
1) мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсi туралы толық ақпарат беру;
2) мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде тұтынушылардың құқығын сақтау;
3) мемлекеттiк қызметтi тегiн көрсету;
4) Министрлiк қызметкерлерi тарапынан сыпайы қарым-қатынас;
5) тұтынушы ұсынатын ақпараттың сақталуы, қорғалуы және құпиялылығы болып табылады.

4. Жұмыс нәтижелерi

18. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
19. Мемлекеттiк қызметтiң сапасы мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

20. Мемлекеттiк қызметтi көрсету сапасы бойынша арыздар болған жағдайда Министрлiктiң уәкiлеттi лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы толық ақпаратты Министрлiктiң www.mci.gov.kz интернет-ресурсынан не: 010000, Астана қ., Сол жағалау, Министрлiктер үйi, Орынбор көш., 8-үй, 14-кiреберiс, 739-кабинет мекенжайында алуға болады, телефондары: 8 (7172) 74-03-24, факс: 8 (7172) 74-03-24.
21. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, шағын Қазақстан Республикасы байланыс және ақпараттың жетекшi вице-министрiнiң атына берiледi. Вице-министрдiң азаматтарды қабылдау кестесi туралы ақпаратты 8 (7172) 74-01-23 телефоны бойынша немесе Министрлiктiң www.mci.gov.kz интернет-ресурсынан алуға болады.
22. Дөрекi қызмет көрсетiлген жағдайда шағым мына мекенжайда орналасқан Министрлiктiң уәкiлеттi лауазымды адамына берiледi: 010000, Астана қ., Сол жағалау, Министрлiктер үйi, Орынбор көш., 8-үй, 14-кiреберiс, 739-каб., электрондық мекенжайы: shauhina r@mci.gov.kz.
Арыздарды қабылдаушы лауазымды адамның жұмыс кестесi: демалыс және мейрам күндерiн қоспағанда, күн сайын сағат 9.00 бастап 18.30 дейiн, түскi асқа үзiлiс сағат 13.00 бастап 14.30 дейiн.
Тұтынушы мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында бекiтiлген тәртiппен сотқа шағымдануға құқылы.
23. Шағымдану рәсiмi шағым жасау үшiн ресми құжаттардың болуын көздемейдi.
24. Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгiленген тәртiппен қаралады.
Қабылданған арыз Министрлiктiң ақпаратты есепке алу журналында тiркеледi және арыз түскен күннен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде қаралады.
Өтiнiш берушi берiлген шағымға жауапты өзi көрсеткен мекенжай бойынша пошта арқылы алады.
25. Министрлiктiң интернет-ресурсында:
1) Министрлiк, оның ережесi, құрылымы және басшылығы туралы ақпарат;
2) пресс-релиздер, баяндамалар, жарияланымдар, iс-шаралар жоспары туралы ақпарат;
3) байланыс, ақпарат саласындағы нормативтiк-құқықтық актiлер, сондай-ақ ақпараттық технологиялар туралы ақпарат;
4) Министрлiк басшылығының байланыс деректерi туралы ақпарат;
5) Министрлiктiң интернет-ресурсы арқылы министрдiң, вице-министрлердiң және Министрлiктiң жауапты хатшының қабылдауына жазылу мүмкiндiгi;
6) өтiншпен, шағыммен немесе Министрлiктiң бiрiншi басшысы блогының көмегiмен байланысу мүмкiндiгi бар.

«Компьютер жүйелерiн
бақылау-касса машиналарының
мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу
үшiн қорытынды беру»
мемлекеттiк қызмет
стандартына 1-қосымша

Өтiнiш-сауалнама

Өтiнiш берушiнiң атауы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
СТН _______________________
Өтiнiш берушiнiң орналасқан жерi
Облысы ___________ қаласы ___________
ауданы ___________ көшесi ___________ үйi _____
КЖ атауы ______________________________________
_______________________________________________
КЖ әзiрлеушi __________________________________
нұсқасы _________ КЖ жасау датасы _____________
КЖ әзiрлеушiнiң орналасқан жерi
___________ облысы ______________ қаласы
___________ ауданы __________________ көшесi ____үй
Өтiнiш берушi жоғарыда аталған КЖ-ның мынадай талаптарға сәйкестiгiн растайды, атап айтқанда:
Нақты тiркелетiн КЖ-де фискализация рәсiмiн сипаттау жүзеге асырылады
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етiледi) ____________
____________________________________________________________
(Сервердi пайдаланушыны сәйкестендiру операциялық жүйе деңгейiнде жүзеге асырылады (ОЖ)
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етiледi) ____________
____________________________________________________________I Пайдаланушыны дерекқормен (ДК) сәйкестендiру дерекқорды басқару жүйесi (ДҚБЖ) деңгейiнде жүзеге асырылады
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етiледi) ____________
____________________________________________________________
Құпия сөздi таңдаған жағдайда, ДҚБЖ құралдарымен серверге қол жеткiзу (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етiледi) __________
____________________________________________________________
Құпия сөздiң қолданылу мерзiмi (күндер саны):
пайдаланушының (кемiнде 8 белгi) ___________________________
жүйе әкiмшiсiнiң ___________________________________________
дерекқор әкiмшiсiнiң _______________________________________
Ең аз құпия сөз (символдар саны):
пайдаланушының _____________________________________________
жүйе әкiмшiсiнiң ___________________________________________
дерекқорлар әкiмшiсiнiң ____________________________________
КЖ-де құпия сөз күрделiлiгiн тексеру (сандарды және арнайы символдарды мiндеттi түрде пайдалану)
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етiледi)
____________________________________________________________
КЖ құпия сөз ұзындығын автоматты бақылауды қамтамасыз етедi
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етiледi) ____________
КЖ бiр жүйенiң атымен қосымшаға екi не және одан да көп пайдаланушылардың қосылу мүмкiндiгiн болдырмайды
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етiледi) _____________
Қосымшаны пайдаланушылардың ДҚ-ға қосымшаның өзiнен басқа құралдармен қосылуының мүмкiн еместiгi
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етiледi) _____________
Пайдаланушылардың ДҚ ақпаратына ДҚБЖ құралдарымен қол жеткiзу құқығын ажырату
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етiледi) _____________
Пайдаланушылардың ДҚ ақпаратына қосымша құралдарымен қол жеткiзу құқығын ажырату
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етiледi) _____________
Әрбiр операция пайдаланушы, датасы және уақыты бойынша сәйкестендiрiледi
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етiледi) _____________
Әрбiр операция мағыналы тiзбектi бiрегей нөмiрмен белгiленедi
иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етiледi) ______________
_____________________________________________________________
КЖ: клиент-сервер, пост-терминал сәулетiн бiлдiредi
(қажеттiсiнiң астын сызу)
Кез келген ақпарат ДҚ-ға қосымшаның көмегiмен ғана енгiзiледi
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етiледi) _____________
Операция басталғаннан кейiн ДҚ-ға енгiзiлген және клиенттiк тараптағы ақпаратты әр түрлi құралдарымен түзетудiң мүмкiн еместiгi
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етiледi) _____________
Қате енгiзiлген операция «сторно» операциясын жүзеге асыру жолымен түзетiледi (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етiледi)
_____________________________________________________________
Соңғы пайдаланушы өзiнiң орындайтын функцияларының шеңберiнде ғана ДҚ иелiк етуге құқылы
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етiледi) _____________
_____________________________________________________________
Қосымша, ДҚБЖ және сервер әкiмшiлерiнiң арасында құқықтарды болу (әкiмшiлердiң iс-қимылдарын реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi көрсету)
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Аудиторлық журналдар әкiмшiлiк құқықтары бар пайдаланушылардың барлық iс-қимылдарын автоматты түрде тiркейдi
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етiледi) ____________
_____________________________________________________________
Аудиторлық журналдар пайдаланушылардың барлық iс-қимылдарын автоматты түрде тiркейдi (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етiледi)
______________________________________________________________
Белгiлi бiр уақыт iшiнде (5 минут) тұрып қалған жағдайда, клиенттiк қосымшаны ДҚ-дан ажырату (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етiледi, уақыттық интервал)
_____________________________________________________________
ДҚ-мен жұмыс iстегенде оператордың iс-қимылын уақыт бойынша шектеу (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етiледi, уақыттық интервал)
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Авторландырусыз қол жеткiзуi бар есепке алу жазуларын ОЖ құралдарымен блоктау (guest, anonymosi және басқалар)
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етiледi, уақытша интервал)
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Компьютер жүйесi, электр қоректендiру және басқалары тоқтап қалған жағдайда, деректердi қалпына келтiру жөнiндегi шаралар:

Деректердi қалпына келтiру жөнiндегi шаралар

Иә

Жоқ

Қайталаушы сервердi пайдалану, «кластер» жүйесiн пайдалану



Серверлерде түрлi деңгейдегi (1-5) RAID кiшi жүйесiн қолдану



Транзакциялар мен ДҚ журналдарының резервтiк көшiрмесiн жасау



Өзгесi (көрсетiлсiн) ___________________________________
________________________________________________________
ДҚ мен транзакциялар журналдарының резервтiк көшiрмесiн жасау:


ДҚ үшiн

Транзакциялар журналы үшiн

резервтiк көшiрмелердiң жасау мерзiмдiлiгi (айына/жылына/рет,) резервтiк көшiрмелердiң саны (дана)



резервтiк көшiрмелердiң сақтау мерзiмi (жыл)



резервтiк көшiрмелердi сақтау орны (резервтiк орталық/сейф ж. т. б.)



Жүйенi толық қалпына келтiру уақыты
___________________________________
Резервтiк көшiрмелердiң ДҚ қалпына келтiру журналының болуы
(иә/жоқ) _________________
«Салық инспекторының жұмыс орны» болуы (иә/жоқ) ___________;
«Салық инспекторының жұмыс орнын» пайдалану бойынша құжаттардағы компьютерлiк жүйесiн фискалдау бойынша ұқсас рәсiмдердiң болуы (иә/жоқ)
____________________________________________________________;
«Салық инспекторының жұмыс орнында» компьютерлiк жүйесiнiң фискалдау режимiнде iске асыру (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етiледi)
____________________________________________________;
Фискалдық деректерге қол жеткiзу үшiн криптографиялық кiлттердi қалыптастырудың режимiн iске асыру (иә/жоқ, қандай алгоритмдерi және стандарттары пайдалануда)__________________________________________;
Келесi фискалдық есептер үшiн жұмысын аяқтаған уақытындағы деректердi сақтау кезiнде ассиметриялық шифрлаудың криптографиялық функцияларын компьютерлiк жүйеде iске асыру (иә/жоқ, қандай алгоритмдерi және стандарттары пайдалануда)
_______________;
Фискалдық есептердi алудың режимiнде iске асыру «Салық инспекторының жұмыс орны» (иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етiледi) _________

______________________________________________ _________
өтiнiш берушiнiң немесе оның басшысының Т.А.Ә. қолы

М.О.

«Компьютер жүйелерiн
бақылау-касса машиналарының
мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу
үшiн қорытынды беру»
мемлекеттiк қызмет
стандартына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң
бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу
үшiн компьютер жүйесiнiң техникалық талаптарға сәйкестiгi
туралы қорытындысы

Астана қаласы 20__ж. «___» ______

1. Өтiнiш берушi ___________________________________________
2. Өтiнiш берушiнiң орналасқан жерi:
__________________ облысы __________________________________ қаласы
__________________ ауданы ________________________ көшесi ________ үй
телефоны _____________________ факсы ________________________________
3. __________________________________________________________________
(КЖ атауы)
____________________________________________________________________,
нұсқасы _________________, жасалған күнi
Әзiрлеушi __________________________________________________________
Әзiрлеушiнiң орналасқан жерi:
_________________ елi ________________ облысы ______________ қаласы
__________________ ауданы ________________________ көшесi ________ үй
телефоны _____________________ факсы ________________________________

Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасында көзделген техникалық талаптарға сәйкес келедi.

Қазақстан Республикасы
Байланыс және ақпарат министрi ________________
(қолы)

М.О.

«Компьютер жүйелерiн
бақылау-касса машиналарының
мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу
үшiн қорытынды беру»
мемлекеттiк қызмет
стандартына 3-қосымша

Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiшiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылғы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi.

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)




2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)




3.Қолжетiмдiлiк

3.1. Қызмет көрсету сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)




3.1. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi)




4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)




5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)





Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina