Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1455 Қаулысы
Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер беру қағидасын бекіту туралы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 33) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер беру қағидасы бекітілсін. 2. «Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептерді беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 690 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 339-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
|