Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 12 қаулысы
Пәкістан Ислам Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы Пәкiстан Ислам Республикасында қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық ахуалға байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Пәкiстан Ислам Республикасына ресми iзгiлiк көмек көрсету үшiн мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтар броньнан шығарылсын. 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi «Қазавиақұтқару» РМК-мен келiсiм бойынша Пәкiстан Ислам Республикасына iзгiлiк жүгiн Чаклала әскери әуежайына дейiн әуе көлiгiмен уақтылы тасымалдауды және жеткiзудi қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар, Қаржы министрлiктерi осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi ресми iзгiлiк көмектi алушыны анықтасын және оны алу жөнiндегi шараларды үйлестiрудi қамтамасыз етсiн. 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 12 қаулысына қосымша Пәкiстан Ислам Республикасына ресми iзгiлiк көмек көрсету үшiн мемлекеттiк материалдық резервтен шығарылатын материалдық құндылықтардың тiзбесi Р/с № | Материалдық құндылықтардың атауы | Өлшем бiрлiгi | Саны | 1. | Жарма (күрiш) | тн | 30 | 2. | Ет консервiлерi (338 гр.) | н.қ. | 26415 | 3. | 10 орынды палаткалар (қысқы) | дана | 20 |
|