Қазақстан Рспубликасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1519 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Мұнай өңдеу саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер көрсететін қызметтердің жекелеген түрлеріне бағаларды мемлекеттік реттеу жөніндегі жекелеген мәселелер» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 тамыздағы № 1160 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 41, 358-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 тамыздағы № 1160 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі № 1413 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 47, 431-құжат); 3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 тамыздағы № 1160 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 567 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 19, 210-құжат). 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
|