Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1394 Қаулысы
"Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің терроризмге қарсы құралымдары үшін кадрлар даярлау туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: «Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің терроризмге қарсы құралымдары үшін кадрлар даярлау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов