ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 62 Қаулысы
Мемлекет қатысатын мұнай және газ саласындағы ұйымдардың қызметін оңтайландыру жөніндегі кейбір шаралар туралы
Мұнай және газ саласындағы қызметтің тиімділігін арттыру және мемлекеттік меншікті басқаруды оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы» акционерлік қоғамы «Мұнай және газ ақпараттық талдау орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) болып қайта аталсын.
2. «Мұнай-газ өнеркәсібінің оқу орталығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) таратылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қоғам қызметін мынадай негізгі: техникалық реттеу саласындағы заңнамаға сәйкес, мұнай және газ өнеркәсібі саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеуге және сараптауға қатысу, мұнай және газ кен орындарын іздеу, бағалау және игеру жөніндегі жобалық құжаттар сараптамасы, мұнай-газ жобаларында жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ақпараттық талдау және консультациялық қызметтер көрсету, мұнай-газ жобаларында жергілікті қамтуды дамыту бөлігінде талдамалық зерттеулер жүргізу, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы кадрларды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды ұйымдастыру бағыттарымен толықтырып, Қоғамның жарғысына тиісті өзгерістер енгізуді;
2) Қоғамды әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді;
3) мекемені тарату жөніндегі тарату комиссиясын құруды;
4) таратылатын мекеме кредиторларының талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мекеме мүлкін осы мекеменің құрылтай құжаттарында көзделген мақсаттарда беруді;
5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі мұнай-газ кешені қызметкерлерін оқытуда үзіліске жол бермеу мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен 2011 жылғы 1 наурызға дейін Қоғаммен мұнай-газ саласы кадрларын оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды ұйымдастыру мәселелері жөнінде шарттар жасасуды қамтамасыз етсін.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
6. Осы қаулының 2011 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармағын, 3-тармағының 3), 4) тармақшаларын және осы қаулымен бекітілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 6-тармағының үшінші абзацын қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 31 қаңтардағы
№ 62 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

1. «Акцияларының мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлімде реттік нөмірі 21-82-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«21-82. АЛА-003812 «Мұнай және газ ақпараттық талдау орталығы» АҚ».
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігіне» деген бөлімде реттік нөмірі 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«17. АЛА-003812 «Мұнай және газ ақпараттық талдау орталығы» АҚ».
3. «Отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдауды күшейту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 қарашадағы № 1204 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 40, 408-құжат):
3-тармақта «және Мұнай операцияларын» деген сөздер «(мұнай операцияларын қоспағанда)» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі» деген бөлімдегі реттік нөмірі 44-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«44. «Мұнай және газ ақпараттық талдау орталығы» акционерлік қоғамы» 100%».
5. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
6. «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 мамырдағы № 454 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 34, 273-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
«Мемлекеттiк мекемелер» деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 1-жол алынып тасталсын;
«Акционерлiк қоғамдар (Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк)» деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Мұнай және газ ақпараттық талдау орталығы» акционерлiк қоғамы».

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina