ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1485 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1670 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Ауыл шаруашылығы министрлiгi жүзеге асыратын тiркеудi қоспағанда, көлiк құралдарын сенiмхат бойынша басқаратын адамдарды тiркеу» мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 қазандағы № 1670 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 45, 430-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
тақырыбы мен 1-тармақтағы «көрсету» деген сөз алынып тасталсын;
кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3)тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:»;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Ауыл шаруашылығы министрлiгi жүзеге асыратын тiркеудi қоспағанда, көлiк құралдарын сенiмхат бойынша басқаратын адамдарды тiркеу» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрi К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1485 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2009 жылғы 26 қазандағы
№ 1670 қаулысымен
бекiтiлген

«Ауыл шаруашылығы министрлiгi жүзеге асыратын тiркеудi қоспағанда, көлiк құралдарын сенiмхат бойынша басқаратын адамдарды тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттiк қызметтi осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген iшкi iстер органдары жол полициясының тiркеу-емтихан бөлiмшелерi (бұдан әрi - ТЕБ) ұсынады.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттiк қызмет:
1) «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 10-бабы;
2) «Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 15-бабы;
3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк қызметтiң үлгi стандарты;
4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысымен бекiтiлген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер тiзiлiмiнiң 65-тармағы негiзiнде көрсетiледi.
4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат:
1) Үкiметтiң электрондық порталында;
2) электрондық Үкiметтiң порталында;
3) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң (бұдан әрi - IIМ) веб-сайттарында (www.mvd.kz);
4) IIМ Жол полициясы комитетiнiң «Заңнама» бөлiмiнде (www.zholpolice.kz);
5) облыстардың, Астана және Алматы қалалары iшкi iстер департаменттерiнiң (бұдан әрi - IIД) веб-сайттарында, осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген ТЕБ үй-жайларында, стендтерде және ақпараттық тақталарда орналастырылады.
5. Мәлiметi IIМ ақпараттық жүйесiне енгiзiлетiн сенiм хат бойынша көлiк құралын басқаратын адамды тiркеу не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап мемлекеттiк қызметтiң аяқталу түрi болып табылады.
6. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға көрсетiледi.
7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:
1) тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi 1 сағаттан аспайды;
2) өтiнiш иесi жүгiнген күнi жергiлiктi жерде мемлекеттiк қызмет көрсетiлгенге дейiн кезек күтудiң ең жоғарғы шектi уақыты 20 минуттан аспайды;
3) өтiнiш иесi жүгiнген күнi жергiлiктi жерде мемлекеттiк қызметтi тұтынушыға қызмет көрсетудiң ең жоғарғы шектi уақыты 20 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
9. Мемлекеттiк қызмет аптасына бес күн көрсетiледi (сейсенбi - жұма сағат 09.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн, сенбi сағат 08.00-ден 16.00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 12.00-ден 13.00-ге дейiн). Қабылдау кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
10. ТЕБ қызмет көрсету орны ғимараттың бiрiншi қабатында орналасады, iшкi iстер органдарының басқа бөлiмшелерiнен бөлек кiретiн есiгi, күтуге арналған орындары, құжаттарды рәсiмдеу үшiн орындықтары, үстелдерi (тiректер) бар, қажеттi құжаттар тiзбесi және оларды толтыру үлгiлерi iлiнген стендтермен жабдықталған залы болады. Дене мүмкiндiгi шектеулi азаматтар үшiн қызмет тiкелей өтiнiш иесi тұратын жерде көрсетiледi.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

11. Қажеттi құжаттардың тiзбесi:
1) көлiк құралын тiркеу туралы куәлiк;
2) көлiк құралын пайдалану құқығына сенiмхат;
3) өтiнiш иесiнiң жеке басын куәландыратын құжат.
12. Өтiнiштер, бланкiлер толтыру көзделмеген.
13. Мемлекеттiк қызметтi алуға қажеттi, осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттар ТЕБ-ке тапсырылады.
14. Құжаттарды тапсырғаннан кейiн өтiнiш иесiне (өтiнiш иесiнiң өкiлiне) осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi барлық құжаттарды тапсырғаны туралы талон берiледi.
15. Сенiм хат пен құжаттар өтiнiш иесiне ТЕБ-те мемлекеттiк қызмет көрсетiлген жерi бойынша жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткеннен кейiн берiледi.
16. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден:
1) көлiк құралының меншiк иесi сенiм хатты жойғанда;
2) сенiм хаттың қолданылу мерзiмi өткен жағдайда бас тартылады.

3. Жұмыс қағидаттары

17. ТЕБ қызметi тұтынушылардың конституциялық құқықтарының сақталуына негiзделедi және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, құжаттардың сақталуын, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттық қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелерi

18. Тұтынушы мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшейдi.
19. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн ТЕБ жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапасы мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәндерi IIМ-нiң тиiстi бұйрығымен жыл сайын бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

20. Уәкiлеттiк берiлген лауазымды адамдардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiрудi және шағым дайындауда жәрдемдесудi осы стандарттың 4-қосымшасында көрсетiлген сенiм телефондары арқылы алуға болады.
21. ТЕБ қызметкерлерiнiң әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) осы стандарттың 4-қосымшасында көрсетiлген қалалық, аудандық iшкi iстер басқармаларының (бөлiмдерiнiң), IIД-нiң, IIМ Жол полициясы комитетiнiң, IIМ-нiң жоғары тұрған басшылығына белгiленген тәртiппен шағымдануға болады.
22. Дұрыс қызмет көрсетiлмеген жағдайда шағым IIД-нiң жол полициясы басқармасы тiркеу-емтихан бөлiмшесiнiң бастығына жұмыс күндерi берiледi.
23. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа шағымдану құқығы бар.
24. Шағым құзыретiне шағымдағы мәселелердi шешу кiретiн субъектiге немесе лауазымды адамның атына берiлуi тиiс.
Жеке тұлғаның шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты, пошта мекенжайы, заңды тұлғаның - оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Шағымға тұтынушы қол қоюы тиiс. Шағым берген кезде субъектiнiң немесе iс-әрекетiне шағым берiлетiн лауазымды адамдардың лауазымы, тегi мен аты-жөндерi, жүгiну себептерi және талабы көрсетiледi.
25. Келiп түскен шағым iшкi iстер органының ақпаратты есепке алу журналында тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мерзiмде қаралады. Өтiнiш иесiне күнi мен уақыты, өтiнiштi қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiле отырып, осы стандарттың 5-қосымшасында көрсетiлген талон берiледi.
Шағымды қарау нәтижелерi туралы өтiнiш иесiне жазбаша түрде пошта не электрондық пошта арқылы хабарланады.
26. IIМ Жол полициясы комитетiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесi, 4, веб-сайт: www.zholpolice.kz, кезекшi бөлiмнiң телефоны: (7172) 71-58-68, сенiм телефоны: (7172) 71-58-25.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1485 қаулысына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2009 жылғы 26 қазандағы
№ 1670 қаулысымен бекiтiлген
мемлекеттiк қызмет көрсету
стандартына 1-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң web-сайты

http://www.e.gov.kz/ctizentry/trav/vehicles

Аймақ

ТЕҚП

Мекен-жай

телефон

web-сайт

Астана қаласы

IIМ ЖПК ТЕП

Астана қаласы, Ш. Айманов көшесi 4

71-58-59,
21-11-03

http://www.zholpolice.kz

IIД ЖПБ ТЭБ

Алматы ауданы, Промзона көшесi 35

71-69-90,
53-22-40

http://www.ast_g.kz

ТЕП

Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жаңа жол көшесi, 6

54-57-53

ЕП

Астана қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 1

71-51-06

Алматы қаласы

Алматы қаласының IIД ЖПБ ТЕЖБ

Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесi, 185 «В»

254-45-25,
254-45-41,
254-45-51

http://www.almaty.police.kz

АТЕП-1

Алматы қаласы, Жансүгiров көшесi, 176 «А»

397-33-87,
397-33-84

АТЕП-2

Алматы қаласы, Сүйiнбай көшесi 2

270-59-11,
270-59-12

АТЕП-3

Алматы қаласы, Алматы-Бiшкек тас жолы, 13 шақырым

351-02-98

АТЕП-4

Алматы қаласы, Төле би көшесi 296

315-02-56,
351-02-47

ТП-1 (мемлекеттiк көлiк)

Алматы қаласы, Жансүгiров көшесi, 176 «А»

397-33-82

ТП-2

Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесi 185

254-45-18

ТП-3

Алматы қаласы, Мамыр-4 шағын ауданы, 165 үй

380-02-30,
380-02-32

ОТЕЖБ есептiк тобы

Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесi 185

254-45-58

ОТЕЖБ емтихандық топ

Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесi 185

254-45-43

Арнайы ТЕБ

257-90-54
257-93-74

Ақмола облысы

IIД ЖПБ ТЭБ

Көкшетау қаласы, Уәлиханов көшесi 179

8(7162) 29-98-10,
29-98-21

http://www.akmdvd.online.kz

IIД ЖПБ АТЕБ

Астана қаласы, Ақжол көшесi 18/а

8(7172) 54-61-77

Ақкөл АIIб АТЕБ

Ақкөл қаласы, Парк көшесi 2

8(71638) 2-16-38

Атбасар АIIб АТЕБ

Атбасар қаласы, Урицкий көшесi 38

8(71643) 4-29-43

Жарқайың АIIб ТП

Державинск қаласы, Захаров көшесi 33

8(71648) 9-21-99

Есiл АIIб АТЕБ

Есiл қаласы, Жеңiс көшесi 58

8(71647) 2-22-77

Степногорск ҚIIб АТЕБ

Степногор қаласы, 5 шағын аудан

8(71645) 5-91-22

Бурабай АIIб АТЕП

Щучье қаласы, Абылай хан көшесi 1а

8(71636) 4-25-22

Алматы облысы

Орталық ТЕБ, Талдықорған қаласы, 7 шағын аудан, IIД ЖПБ ғимараты

ҚIIБ, Талдықорған қаласы, Абай көшесi 249

8(7282) 27-05-72,
21-18-24

http://www.zhetisu-police.kz

Талғар АIIБА АТЕБ, Гүлдала кентi, Алматы - Көкпек - Көктап тас жолы, ЖПБ

Талғар ауданының АIIБ, Талғар қаласы, Абылай хан көшесi, 120

8(7272) 57-43-06,
57-33-80

Қапшағай ҚIIБ ЖП АТЕБ, Қапшағай қаласы, Сейфуллин көшесi 36

Қапшағай қаласының ҚIIБ, Қонаев көшесi 14

8(72772) 4-24-88

Еңбекшiқазақ АIIБ АТЕБ, Есiк қаласы Алтын Адам аллеясы 163

Еңбекшiқазақ ауданының АIIБ, Есiк қаласы, Топатаев көшесi, 105а

8(7275) 4-22-59

Шелек селосы ТЭП, Шелек селосы, Имамниязов көшесi 1

Еңбекшiқазақ ауданының АIIБ, Шелек селосы, Б. Момышұлы көшесi 97

8(72776) 2-08-64

«Меркур» АТЕП, Алматы қаласы, Майлин көшесi 79

Iле ауданының АIIБ, Өтеген батыр кентi, Батталханов көшесi, 14

8(727) 251-25-69

Сарқанды қаласының АТЕБ, Сарқанды қаласы Тәуелсiздiк көшесi 126

Сарқанд ауданының АIIБ, Сарқанд қаласы, Жамбыл көшесi 42

8(7283) 92-15-84

Панфилов АIIб АТЕБ, Жаркент қаласы, Қонаев көшесi 309

Жаркент ауданының АIIБ, Жаркент қаласы, Жансүгiров көшесi 102

8(7283) 15-28-27

«Шонжы» ТЕП Шонжы селосы, Исламов көшесi 40

Ұйғыр ауданының АIIБ, Шонжы селосы, А. Арзиев көшесi 51

8(7277) 82-36-53

Қарасай АIIБ АТЕБ, Қаскелең қаласы, Наурызбай батыр көшесi 1а

Қарасай ауданының АIIБ, Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесi 98

8(7272) 98-36-07

«Барыс» ТП Алматы-Бiшкек тас жолының 23 км «БН автомобиль базары», Көбелеков көшесi, 1а

Қарасай ауданының АIIБ, Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесi 98

8(7272) 98-55-04

«Жақсылық» ТП, Қапшағай көшесi 28

Iле ауданы, Өтеген батыр кентi, Батталханов көшесi 14

8(7272) 51-12-65

ЖП ЖТЕП, Жылжымалы ЖТЕП, Гүлдала кентi

Жылжымалы пункт

Атырау облысы

IIД ЖПБ ТЕЖБ

Атырау қаласы, СПМ-136, Гогичашвили көшесi 25

8(7122) 98-17-07,
98-17-15,
98-17-37

http://www.dvd-atyrau.kz

IIД ЖПБ ТЕП

Атырау қаласы, Элеваторная көшесi, 7 а, «БИПЕК Авто» ЖШС ғимараты

8(7122) 30-16-52,
75-51-44

Жылыой АIIб ТЕП

Құлсары каласы, Бисенқұлов көшесi, 64

8(7237) 5-19-21

Құрманғазы АIIб ТЕП

Ганюшкино селосы, Абай көшесi 37

8(712233) 2-14-79

Ақтөбе облысы

IIД ЖПБ ТЕБ

Ақтөбе қаласы, Ақтөбе қаласы, Ә. Молдағұлова даңғылы 56

8(7132) 51-84-24,
51-28-26

http://www.dvdaktobe.kz

Хромтау АIIб АТЕТ

Хромтау қаласы, Абай даңғылы 11

8(71336) 21-6-98

Мұғалжар АIIб АТЕТ

Қандыағаш қаласы, Жамбыл көшесi 74а

8(71333) 3-64-48

Шалқар АIIб АТЕТ

Шалқар қаласы, Есет батыр көшесi 88

8(71335) 2-33-80,
2-20-90

Темiр АIIб АТЕТ

Шұбарқұдық кентi, Желтоқсан көшесi 6

8(71346) 2-23-72

Шығыс Қазақстан облысы

IIД ЖПБ ТЕБ

ШҚО, Өскемен қаласы, Тәуелсiздiк даңғылы 73/1

8(7232) 77-46-86,
77-46-88

http://www.02vko.kz

ТП № 1

ШҚО, Өскемен қаласы, Объездное тас жолы, 2

8(7232) 23-05-37

ТП № 2

ШҚО, Өскемен қаласы, Тәуелсiздiк даңғылы 92/1

8(7232) 75-37-44

ТП № 3

ШҚО, Өскемен қаласы, Абай даңғылы 97

8(7232) 75-37-44

Семей қаласы IIБ ТЕБ

Семей қаласы, Морозов көшесi 5

8(7222) 56-67-22

Семей қаласы IIБ № 1 ТП

Семей қаласы, Қаржаубайұлы, 249

8(7222)
51-53-66

Бородулиха АIIб ТЕП

Бородулиха селосы, Мир қиылысы, 14

8(723) 51-21-287

Жарма ауданы АIIб ТЕП

Қалбатау селосы, Бабатайұлы көшесi 34

8(72347) 6-57-59

Аягөз АIIб ТЕП

Аягөз қаласы, Тәңiрбергенов көшесi 68

8(72837) 3-34-41

Қатон-қарағай АIIб ТП

Үлкен Нарын селосы, Абай көшесi, 1

8(723) 41-21-908

Көкпектi АIIб ТЕП

Көкпектi ауылы, Ленин көшесi 33

8(72348) 2-72-11

Зайсан АIIб ТЕП

Зайсан қаласы, Баязи Сәтпаев көшесi 12

8(72340) 2-52-50

Риддер ҚАIIб ТЕП

Риддер қаласы, Безголосов көшесi 11

8(72336) 2-24-74

Зырян ҚАIIб ТЕП

Зырян қаласы, М. Горький көшесi 97

8(72335) 6-04-02

Үржар АIIб ТЕП

Үржар ауылы, Абылай хан көшесi 237

8(72330) 2-19-37

Шемонаиха АIIб ТЕП

Шемонаиха қаласы, М. Горький көшесi 97

8(72332) 3-09-07

Жамбыл облысы

Тараз қаласы ЖПБ ТЕЖБ

Тараз қаласы, Сүлейманов көшесi 98 үй

8 (7262) 57-64-74,
57-65-08

http://www.tarazpolice.kz

Қордай АIIб ТЕП

Қордай ауылы, Молдагулова көшесi 10

8(72636) 2-18-80

Шу АIIб ТЕП

Төле би ауылы, Сәтпаев көшесi 198

8(72643) 2-20-51

Мерке АIIб ТЕП

Мерке қаласы, Сарымолдаев көшесi 198

8(72632) 2-26-32

Талас АIIб ТЕБ

Қаратау қаласы, Жамбыл көшесi, 30

8(72644) 6-12-78

Т. Рысқұлов АIIб ТЕП

Құлан ауылы, Жiбек-Жолы көшесi 57

8(72631) 2-12-70

Сарысу АIIб ТЕП

Жаңатас қаласы, 1 шағын аудан, 4 үй, 18

8(72634) 6-10-28

Батыс Қазақстан облысы

Мойынқұм АIIб ТЕП

Мойынқұм ауылы, 64

8(72642) 2-49-02

http://www.zkopolice.kz

Бөрлi АIIб АТЕБ

Ақсай қаласы, 2 шағын аудан 7

8(7113) 33-01-33

Қазталов АПб АТЕБ

Қазталов кентi, Желтоқсан көшесi 20

8(7114) 43-12-50

Қарағанды облысы

IIД ЖПБ ТЕБ

Қарағанды қаласы, Прогресс көшесi 1

8(7212) 41-53-90

http://www.krgdvd.creatida.kz

Темiртау қаласы IIБ ТЕБ

Темiртау қаласы, Мичурин көшесi 8

8(7213) 98-74-57

Абай ауданы IIБ ТЕБ

Абай қаласы, 3 шағын аудан, 42 үй

8(72131) 4-37-67

Жезқазған қаласы IIБ ТЕБ

Жезқазған қаласы, Сәтпаев көшесi 80

8(7102) 72-44-11

Балқаш қаласы IIб ТЕБ

Балқаш қаласы, Язев көшесi 13

8(71036) 4-03-46

Осакаровка IIБ ТЕБ

Осакаровка кентi, Литвиновская көшесi 93

8(72149) 4-11-00

Қарқаралы АIIБ ТЕБ

Қарқаралы қаласы, Әуезов көшесi 40

8(72146) 3-25-85

Жаңарқа АIIб ТЕТ

Атасау кентi, тәуелсiздiк даңғылы 10а

8(71030) 28-4-42

«АвтоСтар» ТП

Қарағанды қаласы, Университет көшесi 28/3

8(7212) 90-91-76

«АвтоМир» ТП

Қарағанды қаласы, Тәттiмбет көшесi 10/5

8(7212) 33-39-89

«Қамқор» ТП

Қарағанды қаласы, Ермеков көшесi 108

8(7212) 44-17-55

«Жаңа-Арнау» ТП

Қарағанды қаласы, Стартовый қиылысы 61/1

8(7212) 42-87-88

Қостанай облысы

IIД ЖПБ ТҚ және ТЕЖБ

Қостанай қаласы, Карбышев көшесi 45/3

8 (7142) 28-05-06,
28-14-87,
28-77-87

http://www.kostanaypolice.kz

Рудный қаласы ТЭБ

Рудный қаласы, автовокзал ауданы, Тоyота орталығы

8(71431) 40-6-64,
46-2-46

Арқалық қаласы IIБ ТЕБ

Арқалық қаласы, Молодежная көшесi 10

8(71430) 70-8-18,
70-8-69

Лисаковск қаласы ҚIIб ЖПБ ТЕП

Лисаковск қаласы, 1А-6 шағын ауданы

8(71433) 3-02-02,
3-77-57

Жiтiқара АIIб АТЕП

Жiтiқара қаласы, 5В-18 шағын ауданы

8(71435) 2-09-11

Қарабалық АIIб ЖПБ ТЕП

Қарабалық кентi, Ничепуренко көшесi 3

8(71441) 3-32-91

Федоров АIIб ЖПб ТЕП

Федоровка кентi, Красноармейская көшесi, 56

8(71442) 2-11-87

Ұзынкөл АIIб ЖПб ТЕП

Ұзынкөл кентi, Абылай хан көшесi 34

8(71444) 2-41-78,
2-46-96

Әулиекөл АIIб ЖПб ТЕП

Әулиекөл кентi, Целинная көшесi 7

8(71453) 2-10-41

Қостанай IIб ЖПб ТЕП

Затоболск кентi, Механизаторлар көшесi 2а

8(714) 42-58-32

Меңдiқара АIIб ЖПБ ТЕП

Боровской кентi, Абай көшесi 95

8(71443) 2-14-45,
2-15-64

Қызылорда облысы

IIД ЖПБ ТЕБ

Қызылорда қаласы, Жiбек-Жолы көшесi нөмiрсiз

8(7242) 29-77-15,
29-77-13

http://www.dvdkzo.kz

Арал ауданы АIIб ТЕТ

Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесi № 27

8(72433) 2-31-80

Қазалы ауданы АIIб ТЕТ

Әйтеке би кентi, Бiржан сал көшесi № 46

8(72437) 2-16-40

Қармақшы ауданы АIIб ТЕТ

Жосалы кентi, Көшербаев көшесi № 36

8(72437) 21-1-89

Жалағаш АIIб ТЕТ

Жалағаш кентi, желтоқсан көшесi № 1

8(7243) 13-25-25

Сырдария АIIб ТЕТ

Тереңөзек кентi, Амангелдi көшесi № 47

8(72436) 21-2-48

Шиелi АIIб ТЕТ

Шиелi кентi, Мұстафа Шоқай көшесi № 5

8(72432) 4-22-50

Жаңақорған ауданы АIIб ТЕТ

Жаңақорған кентi, Қожанов көшесi нөмiрсiз

8(72435) 2-21-40

Маңғыстау облысы

IIД ЖПБ орталық ТЕБ

Ақтау қаласы, 23 шағын аудан, ЖПБ ғимараты

8(7292) 60-53-86

http://www.mdvd.kz

IIБ ЖПБ АТЕТ

Жаңаөзен қаласы, IIБ ЖПБ, Губкина көшесi, 20

8(729231) 3-28-35

Павлодар облысы

Павлодар облысының IIД ЖПБ ТЕЖБ

Павлодар қаласы, Торговая көшесi 2

8(7182) 33-37-66

http://www.dvdpavlodar.kz

Павлодар облысы IIД ЖПБ ТЕЖБ бөлiмшесi

Екiбастұз қаласы, Открытый проезд көшесi, 9

8(7187) 34-03-85

Ақсу IIБ АТЕТ

Ақсу қаласы, Воксальная көшесi, 16

8(7183) 76-62-07

Ертiс ауданы IIБ АТЕТ

Ертiс ауданы, Ертiс селосы, Ысқақов атындағы көше 95

8(7183) 22-16-29

Солтүстiк Қазақстан облысы

IIД ЖПБ ТЕЖБ

Петропавл қаласы, Володарский көшесi 18

8(7152) 61-25-46

http://police.sko.kz

ТП-1 Петропавл

Петропавл қаласы, Володарский көшесi 18

8(7152) 61-25-46

ТП-2 Петропавл

Петропавл қаласы, Ж. Жабаев көшесi, 294

8(7152) 47-34-73

Айыртау АIIб ТЕТ

Саумалкөл қаласы, Уәлиханов көшесi 24

8(71533) 2-18-85

Тайынша АIIб ЖП АТЕБ

Тайынша қаласы, Күншығыс көшесi 102

8(71536) 2-22-55

Уәлиханов АIIб ЖП АТЕТ

Кiшкенекөл ауылы, Уәлиханов көшесi 88

8(71542) 2-11-84

Қызылжар ТЕТ

Бескөл ауылы, Гагарин көшесi, 8

8(7153) 82-00-75

Мамлютка ауданы IIБ ТЕП

Мамлютка қаласы, Ленин көшесi 45

8(7154) 12-19-96

Шал-Ақын ауданы IIБ ЖПБ ТЕТ

Сергеевка қаласы, Шал-Ақын көшесi 14

8(71534) 2-06-76

Ғ. Мүсiрепов ауданы IIБ ТЕТ

Новоишимское ауылы, Абылайхан көшесi 59

8(71535) 2-19-14

Есiл ауданы IIБ ЖП ТЕТ

Явленка ауылы, Ыбыраев көшесi 13

8(81543) 2-23-82

Жамбыл ауданы ТЕП

Пресновка қаласы, Достық көшесi 17

8(71544) 2-27-01

М. Жұмабаев атындағы аудан IIБ ЖПБ ТЕТ

Булаево қаласы, Юбилейная көшесi, 54

8(7153) 12-11-78

ОҚО

ОҚО IIД ЖПБ ТЕБ

Шымкент қаласы, Қожанов көшесi нөмiрсiз

8(7252) 53-52-52

http://www.dvd-uko.kz

ТП №1

Шымкент қаласы, Ташкент көшесi, нөмiрсiз

8(7252) 50-50-30

ТП №2

Шымкент қаласы, Темiрлан тас жолы № 62

8(7252) 33-02-23

ТП №3

Шымкент қаласы, Сайрам көшесi 190

8(7252) 51-92-91

Бәйдiбек АIIб АТЕБ

Бәйдiбек ауданы, Екпiндi ауылы, Абай көшесi нөмiрсiз

8(7253) 02-13-58

Мақтааралы АIIБ АТЕБ

Мақтаарал ауданы, Атакент кентi, Ташкент көшесi нөмiрсiз

8(7254) 13-22-02

Сайрам АIIБ АТЕБ

Ақсукент ауылы, Қарабұлақ тас жолы, нөмiрсiз

8(7253) 12-00-04

Сарыағаш АIIБ АТЕБ

Сарыағаш қаласы, Ташкент көшесi нөмiрсiз

8(7253) 72-53-01

Түркiстан АIIБ АТЕБ

Кентау қаласы, Абай даңғылы нөмiрсiз

8(7253) 63-15-15

Байқоңыр қаласы

ТЕП 1

Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, Абай көшесi 36

8(736-22) 5-27-84

Курчатов қаласы

ТЕП

Шығыс Қазақстан облысы, Курчатов қаласы, Абай көшесi 42

8(7222) 2-29-81

Приозерск қаласы

ТЕП

Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Достық көшесi 6

8(7103) 95-54-989

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1485 қаулысына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2009 жылғы 26 қазандағы
№ 1670 қаулысымен бекiтiлген
мемлекеттiк қызмет көрсету
стандартына 2-қосымша

Мемлекеттiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдау туралы
№___ ТАЛОН

________________________________________________________________
(Өтiнiш иесiнiң Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)

Қабылданған құжаттардың тiзбесi:
1._____________________________________________________________
2._____________________________________________________________
3._____________________________________________________________
4._____________________________________________________________
5._____________________________________________________________
6._____________________________________________________________
7._____________________________________________________________
8._____________________________________________________________
9._____________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________

Қабылдаған:

__________________________________/________/___________
(ТЕб қызметкерiнiң лауазымы, атақ) (қолы) (ТАӘ)

____жылғы «__»______

Берiлген күнi мен уақыты сағ мин «__»______ ___жыл

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1485 қаулысына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2009 жылғы 26 қазандағы
№ 1670 қаулысымен бекiтiлген
мемлекеттiк қызмет көрсету
стандартына 3-қосымша

Сапасы мен қол жетiмдiлiгiнiң көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Алдағы жылы көрсеткiштiң мақсатты мәнi

Есептi жылдағы көрсеткiштiң ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. құжатты тапсырған сәттен бастап қызметтi белгiленген мерзiмде ұсыну жағдайларының % (үлесi)

2. Сапасы

2.1. қызмет көрсету процесiне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)

3. Қол жетiмдiлiгi

3.1. қызмет көрсету сапасы мен оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)

3.2. ақпараты электрондық форматта қолжетiмдi қызметтердiң % (үлесi)

4. Шағымдану процесi

4.1. қазiргi шағымдану тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1485 қаулысына
4-қосымша

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2009 жылғы 26 қазандағы
№ 1670 қаулысымен бекiтiлген
мемлекеттiк қызмет көрсету
стандартына 4-қосымша

Облыстардың, қалалардың атауы

Мекенжайы, орналасқан жерi

К/бөлiмнiң телефоны

Сенiм тел.

IIМ Астана қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 1

8-7172-14007
714008

722493

Астана қаласы ЖПК, Ш. Айманов көшесi, 4

715868

715825

Астана қаласы ӘПК (Арнайы полиция), Тәуелсiздiк көшесi, 1

714082

722493

Астана

Астана қаласының IIД, Бейбiтшiлiк көшесi, 19

87172-323940

716161

Астана қаласының IIД ЖПБ, Промзона көшесi, 35

532300

532253

Алматы

Алматы қаласының IIД, Масанчи көшесi, 57

8727-2544007

2636362

Алматы қаласының IIД ЖПБ, Байтұрсынов көшесi, 185

2544544

2610606

Ақмола

IIД Көкшетау қаласы, Горький көшесi, 35 А

87162-251696

232870

Көкшетау қаласының IIД ЖПБ, Уәлиханов көшесi, 179

770475

771283

Алматы

IIД Талдықорған қаласы, Жансүгiров көшесi 91/95

8(7282)-600008

273055

Талдықорған қаласының IIД ЖПБ, 7-шағын ауданы, ЖПБ ғимараты

27-05-72

222203

Ақтөбе

IIД Ақтөбе қаласы, Ағайынды Жұбановтар көшесi, 271 А

87132-513837

520514

Ақтөбе қаласының ЖПБ, Ә. Молдағұлова көшесi, 56

518424

518366

Атырау

IIД Атырау қаласы, Азаттық көшесi, 85

87122-982015

251015

Атырау қаласы ЖПБ, Гогичашвили көшесi, 25

301020

300268

Шығыс Қазақстан

IIД Өскемен қаласы, Ворошилов көшесi, 1

87232-488802

242525

Өскемен қаласының ЖПБ, Тәуелсiздiк даңғылы, 73/1

774686

777118

Жамбыл

IIД Тараз қаласы, Желтоқсан көшесi, 89

87262-430522

430666

Тараз қаласының ЖПБ, Сүлейманов көшесi, 98

343734

576414

Батыс Қазақстан

IIД Орал қаласы, Пугачев көшесi, 45

87112-510450

505431

Орал қаласының ЖПБ, Гагарин көшесi, 2/5

249225

540880

Қарағанды

IIД Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесi, 37

87212-429025

429292

Қарағанды қаласының ЖПБ, Прогресс көшесi, 1

415555

415383

Қостанай

IIД Қостанай қаласы, Баймағанбетов көшесi, 197

87142-532626

526350

Қостанай қаласының ЖПБ, Абай даңғылы, 39

280250

526197

Қызылорда

IIД Қызылорда қаласы, Қорқыт ата көшесi, 18

87242-272876

272368

Қызылорда қаласының ЖПБ, Жiбек жолы көшесi, нөмiрсiз

232066

212602

Маңғыстау

IIД Ақтау қаласы, 12-шағын аудан

87292-421570

421571

Ақтау қаласының ЖПБ, 23-шағын аудан ЖПБ ғимараты

212555

605406

Павлодар

IIД Павлодар қаласы, Лермонтов көшесi, 50

87182-323983

391243

Павлодар қаласының ЖПБ, Торговая көшесi, 2

333756

333806

Солтүстiк Қазақстан

IIД Петропавл қаласы, Конституция көшесi, 51

87152-394007

612008

Петропавл қаласының ЖПБ, Володарский көшесi, 18

463095

493247

Оңтүстiк Қазақстан

IIД Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесi, 13

87252-212041

212187

Шымкент қаласының ЖПБ, Қожанов көшесi, нөмiрсiз

535252

536551

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1485 қаулысына
5-қосымша

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2009 жылғы 26 қазандағы
№ 1670 қаулысымен бекiтiлген
мемлекеттiк қызмет көрсету
стандартына 5-қосымша

Талон
__________________________________
(субъектiнiң атауы)

Өтiнiштi қабылдаған_________________________________
(маманның Т.А.Ә)

20__жылғы «__»____________ ___сағ.___мин.

(мөлшерi 75 мм х 55 мм)


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina