Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 ақпандағы N 167 Қаулысы
Демалыс күнін ауыстыру туралы Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасау және 2011 жылғы наурыздағы жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Демалыс күні 2011 жылғы 5 наурыз, сенбіден 7 наурыз, дүйсенбіге ауыстырылсын. 2. Қажетті өнім шығару, қаржылықты қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2011 жылғы 5 наурызда жұмыс жүргізуге құқық берілсін. Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов.
|