ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 ақпандағы № 165 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж, № 12, 86-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiнде:
156-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi және төртiншi бөлiктермен толықтырылсын:
«Мемлекеттiк мекеме негiзгi құралдарды және материалдық емес активтердi сатып алу үшiн республикалық немесе коммуналдық меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындарды қаржыландыру кезiнде 413 «Мемлекеттiк кәсiпорындарды материалдық-техникалық жарақтандыру» экономикалық шығыстар сыныптамасының ерекшелiгi бойынша осы мақсаттарға ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың 50 пайызынан аспайтын аванстық (алдын ала) төлем жасауды жүзеге асырылады.
Бұрын мемлекеттiк кәсiпорындар жасасқан, аяқталып келе жатқан ұзақ мерзiмдi шарттар бойынша күрделi жөндеу мен қалпына келтiруден басқа, ғимараттар мен құрылыстарды салу үшiн республикалық немесе коммуналдық меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындарды қаржыландыру үшiн мемлекеттiк мекеме 424 «Мемлекеттiк кәсiпорындардың ғимараттары мен құрылыстарын салу (реконструкциялау)» экономикалық шығыстар сыныптамасының ерекшелiгi бойынша осы мақсаттарға ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың 30 пайызынан аспайтын аванстық (алдын ала) төлем жасауды жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 156-1-тармақпен толықтырылсын:
«156-1. Шетелде кадрлар даярлаудың халықаралық бағдарламаларын iске асыру бойынша стипендиаттарды шетелде оқыту үшiн 154 «Стипендиаттардың шетелде оқуына төлеу» экономикалық шығыстар сыныптамасының ерекшелiгi бойынша ақы төлеу шетелдiк жоғары оқу орындары (әлемнiң ғылыми орталықтары мен зертханалары) мен Қазақстан Республикасының Үкiметi шетелде кадрларды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру халықаралық бағдарламаларын iске асыру, оның iшiнде шарттың талаптарына сәйкес соңғысы ұсынған өтiнiмдерге байланысты Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Болашақ» халықаралық стипендиясын iске асыру жөнiндегi қызметтердi берушi етiп анықтаған заңды тұлға арасында жасалған шарттың көшiрмелерiн қоса бере отырып, төлеуге берiлген шоттың негiзiнде жүзеге асырылады.»;
162-тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң сегiзiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«тараптардың деректемелерi өзгерген;»;
174-тармақтың алтыншы абзацындағы «, есеп айырысу тәртiбiне және/немесе мерзiмiне және/немесе тауарларды беру (жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету) мерзiмiне» деген сөздер алынып тасталсын;
181-тармақтың үшiншi бөлiгi алынып тасталсын;
190-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi бөлiктермен толықтырылсын:
«Мемлекеттiк мекеме аванстық төлем сомасын қоспағанда, негiзгi құралдарды және материалдық емес активтердi сатып алу үшiн республикалық немесе коммуналдық меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындарды қаржыландыру бойынша төлем жүргiзу кезiнде мемлекеттiк кәсiпорын мен көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) берушi арасында жасалған шартқа сәйкес тауарды жеткiзу туралы шот-фактуралардың немесе жүкқұжаттың (актiнiң) немесе орындалған жұмыстар актiсiнiң немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген олар ұсынған өзге құжаттың көшiрмелерiн қазынашылықтың аумақтық бөлiмшесiне бередi. Бұл ретте, көрсетiлген құжаттардың әрбiр парағы мемлекеттiк мекеменiң түпнұсқалық мөрi бедерiмен куәландырылады және орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы орган жауапты хатшысының өкiлеттiгi жүктелген лауазымды тұлғаның), олар болмаған жағдайда, мемлекеттiк мекеме басшысының немесе ол өкiлеттiк берген тұлғаның қолы қойылады.
Мемлекеттiк мекеме аванстық төлем сомасын қоспағанда, бұрын мемлекеттiк кәсiпорындар жасасқан, аяқталып келе жатқан ұзақ мерзiмдi шарттар бойынша күрделi жөндеу мен қалпына келтiруден басқа, ғимараттар мен құрылыстарды салу үшiн республикалық немесе коммуналдық меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындарды қаржыландыру бойынша төлем жүргiзу кезiнде осы тармақтың екiншi бөлiгiнде санамаланған құжаттарға қосымша қазынашылықтың аумақтық бөлiмшесiне әрбiр парағы мемлекеттiк мекеменiң түпнұсқалық мөрi бедерiмен куәландырылған және орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы орган жауапты хатшысының өкiлеттiгi жүктелген лауазымды тұлғаның), олар болмаған жағдайда, мемлекеттiк мекеме басшысының немесе ол өкiлеттiк берген тұлғаның қолы қойылған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға мемлекеттiк сараптаманың оң қорытындысын ұсынады.»;
203-тармақтың төртiншi абзацындағы «сайлау жөнiндегi заңнамасына сәйкес сайлауды өткiзуге» деген сөздер «сайлау мен республикалық референдум туралы заңнамасына сәйкес сайлауды және референдумды өткiзуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
263-тармақта:
бiрiншi бөлiкте:
«кейiннен Түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, сондай-ақ мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына кейiннен өзгерiстер енгiзе отырып» деген сөздер «ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына дейiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Тиiстi қаулы қабылданғаннан кейiн осы Ереженiң 5-тарауында айқындалған тәртiппен тиiстi қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзiледi.»;
9-бөлiмнiң және 47-тараудың атаулары «Сайлауларды» деген сөзден кейiн «, республикалық референдумды» деген сөздермен толықтырылсын;
9-бөлiмнiң 47-тарауының мәтiнi бойынша:
384-тармақта «мүшелерiн сайлау» деген сөздерден кейiн «, республикалық референдум» деген сөздермен толықтырылсын;
385-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi «сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау» деген сөздер «жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау, сондай-ақ республикалық референдум» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сайлауларды», «Сайлауларды», «сайлау iс-шараларын» деген сөздерден кейiн «, республикалық референдумды» деген сөздермен толықтырылсын;
386, 393, 395-тармақтардағы «Сайлауларды», «сайлаулар», «сайлау», «сайлауларды» деген сөздерден кейiн «, республикалық референдумды», «республикалық референдум» деген сөздермен толықтырылсын;
387-тармақтағы «сайлау компаниясын» және «Сайлау» деген сөздерден кейiн тиiсiнше «, республикалық референдумды», «, республикалық референдум» деген сөздермен толықтырылсын;
388-тармақтағы «Сайлау» деген сөзден кейiн және «аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының өкiлеттiлiгi сайлау» деген сөздерден кейiн «, республикалық референдум» деген сөздермен толықтырылсын;
391-тармақтың 8) тармақшасындағы «сондай-ақ, партия тiзiмiн берген саяси партиялар туралы» деген сөздер «партия тiзiмiн берген саяси партиялар туралы, сондай-ақ республикалық референдум туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
394-тармақтағы «кандидаттарға» деген сөзден кейiн «, республикалық референдумға» деген сөздермен толықтырылсын;
396-тармақ «сайлауын» деген сөзден кейiн «, республикалық референдумды» деген сөздермен толықтырылсын;
411-тармақта:
«ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына дейiн» деген сөздер алынып тасталсын;
«кейiннен Түсiмдер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландыру жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзе отырып,» деген сөздер «ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына дейiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Тиiстi қаулы қабылданғаннан кейiн осы Ереженiң 5-тарауында айқындалатын тәртiппен тиiстi қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзiледi.»;
421-тармақтағы «тауарлардың құнын» деген сөздерден кейiн «және оларды тасымалдау бойынша көлiктiк ұйымдардың шығыстарын» деген сөздермен толықтырылсын;
614-тармақтағы «Инвестициялық жобаны iске асыру жоспарын» деген сөздерден кейiн «осы Ереженiң 115-қосымшасына сәйкес нысан бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес 115-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-тармақтың үшiншi, төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi, он екiншi, он үшiншi, он төртiншi абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 22 ақпандағы
№ 165 қаулысына
қосымша

Бюджеттiң атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесiне
115-қосымша

Үкiметтiк сыртқы қарыз немесе байланысты грант есебiнен
қаржыландырылатын инвестициялық жобаны iске асыру жоспары

(мың)

р/с

Инвестициялық жобаның атауы

Құрауыштың атауы

Iс-шаралар
(жұмыстар түрi)

Қаржыландыру көлемi

Орындалу мерзiмi

Ескертпе

барлығы

оның iшiнде жыл сайын

заем/грант

РБ-дан қоса қаржыландыру

заем/грант

РБ-дан қоса қаржыландыру

теңге

АҚШ долл.

теңге

АҚШ долл.

теңге

АҚШ долл

теңге

АҚШ долл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14











































Қаржыландырудың барлығы












Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina