Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 ақпандағы № 161 Қаулысы
Инженерлік-саперлік кешенді республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы «Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң теңгерiмiнен арнайы жабдығы бар «Меrсеdеs-414» автомобилi базасындағы инженерлiк-саперлiк кешен (теңгерiмдiк құны 39098899 (отыз тоғыз миллион тоқсан сегiз мың сегiз жүз тоқсан тоғыз) теңге, 1999 жылы шығарылған, ақ түстi, шанақ № WDB9040631Р953057, қозғалтқышы нөмiрсiз) осы қаулының қосымшасына сәйкес республикалық меншiктен Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Астана қаласы Iшкi iстер департаментi үшiн Астана қаласының коммуналдық меншiгiне берiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiмен және Астана қаласының әкiмдiгiмен бiрлесiп, осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мүлiктi қабылдау-тапсыру жөнiнде қажеттi ұйымдастырушылық iс-шараларды жүзеге асырсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 21 ақпандағы № 161 қаулысына қосымша Республикалық меншiктен коммуналдық меншiкке берiлетiн мүлiктiң тiзбесi Р/с № | Атауы | Өлшем бiрлiгi | Саны | Шығарылған жылы | Шанақ нөмiрi | Қозғалтқыш нөмiрi | Түсi | Теңгерiмдiк құны (теңге) | 1 | «Меrсеdеs 414» автомобилi | бiрлiк | 1 | 1999 | WDВ9040631Р953057 | - | ақ | 11228453 | 2 | «Брат» үлгiсiндегi шағын робот | бiрлiк | | | | | | 5787986 | 3 | Су қиратушы | бiрлiк | | | | | | 751473 | 4 | Жоғары сезiмтал стетоскоптар жиынтығы | бiрлiк | | | | | | 616772 | 5 | SRS-5 құтқарушы костюмi | бiрлiк | | | | | | 928871 | 6 | ЕOD-7В жарылыстан қорғайтын костюмi | бiрлiк | | | | | | 992890 | 7 | Визуалды iздеу жинағы | бiрлiк | | | | | | 305315 | 8 | Үлкен робот | бiрлiк | | | | | | 12483059 | 9 | «Драгон» үлгiсiндегi прожектор | бiрлiк | | | | | | 83206 | 10 | ТМ-500С телескопиялық манипуляторы | бiрлiк | | | | | | 612030 | 11 | ЕDV-5000 шыныдан қорғайтын қалқаны | бiрлiк | | | | | | 323828 | 12 | «КАРРА» ХR-жүйесi үлкен экраны бар интроскоп | бiрлiк | | | | | | 3175610 | 13 | Бомбаларды қауiпсiз жаруға арналған көрпе | бiрлiк | | | | | | 118410 | 14 | Газ талдаушы | бiрлiк | | | | | | 1494900 | 15 | ХR-4 ақпараттық жүйесiн көрсетуге арналған құрылғы | бiрлiк | | | | | | 196096 | | Жиыны: |
|
|
|
|
|
| 39098899 |
|