Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 128 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 976 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Јкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 976 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспеде: «9-1-бабына» деген сөздер «9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген «Јкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартында: 1-тармақтағы «және жұмыс кестелері» деген сөздер алынып тасталсын; 5-тармақтағы «(бұдан әрі - қорытынды)» деген сөздерден кейін «не қорытынды беруден бас тарту туралы дәлелді жауап» деген сөздермен толықтырылсын; 14-тармақ алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын: «23-1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.»; 25-тармақтың бірінші бөлігіндегі «шағымның тіркелгені, оған жауап алатын мерзімі мен орны туралы белгісі бар оның көшірмесі» деген сөздер «тіркелген күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
|