Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 127 Қаулысы
Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттауды жүргізу қағидасын бекіту туралы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңы 20-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттауды жүргізу қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов