Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 118 Қаулысы
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларының сараптамасын жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 35) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларының сараптамасын жүзеге асыру қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов