Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 90 Қаулысы
Қазақстан Республикасының кен орындарын алғашқы ашушылар туралы ережені бекіту туралы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасыньң 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 21) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кен орындарын алғашқы ашушылар туралы ереже бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов