Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 ақпандағы № 139 Қаулысы
Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау қағидасын бекіту туралы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 45) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау қағидасы бекітілсін. 2. «Жер қойнауын пайдалану, қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген зиянды есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 тамыздағы № 796 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 31, 338-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К Мәсімов
|