ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 9 наурыздағы № 237 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2101 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiк пен шетелдiктерге тұруға ықтиярхат беру бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2101 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 511-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
тақырыбындағы және 1-тармақтағы «көрсету» деген сөз алынып тасталсын;
кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына және «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:»;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiк пен шетелдiктерге тұруға ықтиярхат беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 9 наурыздағы
№ 237 қаулысынa
қосымша

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2009 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 2101 қаулысымен
бекiтiлген

«Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы
жоқ адамдарға куәлiктер және шетелдiктерге тұруға
ықтиярхаттар беру» мемлекеттiк қызмет
СТАНДАРТЫ

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттiк қызметтi тұтынушының тұрғылықты жерi бойынша осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары көшi-кон полициясының аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - көшi-кон полициясы бөлiмшелерi) көрсетедi.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттiк қызмет «Халықтың көшi-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 23, 24-баптарына, «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңының 2, 4-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 шiлдедегi № 1063 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесiнiң 1, 2, 7, 8, 10, 11, 12, 13, 14, 16, 17-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысымен бекiтiлген Шетелдiктердiң Қазақстан Республикасына келуi және болуы, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуi тәртiбiнiң 18-25-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандырудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1235 қаулысына, «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандырудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1260 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк қызметтiң үлгi стандартына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысымен бекiтiлген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер тiзiлiмiнiң 18-тармағына сәйкес көрсетiледi.
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi және қажеттi құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгiлерi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң (бұдан әрi - IIМ) www.mvd.kz және тiзбесi осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген облыстардың, Астана және Алматы қалаларының iшкi iстер департаменттерiнiң (бұдан әрi - IIД) интернет-ресурсында, «Iшкi iстер органдарының қызметi туралы» бөлiмде, сондай-ақ ресми ақпарат көздерi мен көшi-қон полициясының бөлiмшелерiнде орналасқан стендiлерде орналастырылады.
5. Шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұру ықтиярхатын немесе азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн беру немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап беру мемлекеттiк қызмет көрсетудiң аяқталу нәтижесi болып табылады.
6. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және 16 жасқа толған шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға көрсетiледi.
Азаматтығы жоқ адамның куәлiгi 16 жасқа толмаған адамдарға олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге ата-анасынсыз (қорғаншыларынсыз, қамқоршыларынсыз) шыққан кезiнде берiледi.
7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:
1) тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды тапсырған және тұтынушы белгiленген үлгiдегi 1-нысандағы өтiнiштiң (бұдан әрi - 1-Н өтiнiш) түбiртегiн алған сәттен бастап тұруға ықтиярхат, азаматтығы жоқ адамның куәлiгi берiлгенге дейiн күнтiзбелiк 60 күн;
2) мемлекеттiк қызметтi ұсыну үшiн қажеттi құжаттарды өткiзу кезiнде тұтынушының кезек күтуiнiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты - 30 минут;
3) шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын не азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн алу кезiнде тұтынушы күтуiнiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты - 30 минут.
8. Мемлекеттiк қызмет ақылы болып табылады. Мемлекеттiк қызмет көрсетiлгенi үшiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес мемлекеттiк баж алынады, ол:
шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын ресiмдеу кезiнде - мемлекеттiк баж төленген күнге белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнiң 20 пайызын;
азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн ресiмдеу кезiнде - мемлекеттiк баж төленген күнге белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнiң 400 пайызын құрайды.
Мемлекеттiк баждың сомасын төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен жүргiзiледi, олар төлемнiң мөлшерi мен күнiн растайтын құжат бередi.
9. Мемлекеттiк қызмет аптасына бес жұмыс күнiнде ұсынылады, жұмыс күндерi сағат 13-00-ден 14-30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейiн, сондай-ақ сенбiде сағат 9-00-ден 13-00-ге дейiн ұсынылады. Қабылдау нақты кезекке тұру тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
10. Осы мемлекеттiк қызметтi көрсететiн көшi-қон полициясы бөлiмшелерiнiң үй-жайлары әдетте, ғимараттың бiрiншi қабатында орналасады, iшкi iстер органдарының басқа бөлiмшелерiнен бөлек, физикалық мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың кiруiне арналған құрылғылары бар кiретiн есiгi болады. Күту залы, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттардың тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендiлерiмен жарақталады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мынадай құжаттар:
1) шетелдiк:
жарамды ұлттық паспортын;
тиiстi әкiмшiлiк-аумақтың бiрлiкте тұрақты тұратын жерi бойынша тiркеу туралы белгiсi бар азаматтарды тiркеу кiтабын;
мемлекеттiк бажды төлегенi туралы құжатты;
өлшемi 35 х 45 мм екi фотосурет (фотосурет тұтынушының жасына сәйкес болуы және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсiрiлген болуы тиiс әрi адамның бетi фотосуреттiң жалпы ауданының 75%-ға жуығын алуы тиiс);
2) азаматтығы жоқ адам:
жеке басын куәландыратын құжатын (жарамдылық мерзiмi аяқталған ұлттық паспорты, азаматтығы жоқ адамның куәлiгi, бұрынғы Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағы паспорты, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны туралы анықтама, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққаны туралы анықтама, әскери билет);
осы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте тұрақты тұратын жерi бойынша тiркеу туралы белгiсi бар азаматтарды тiркеу кiтабын;
мемлекеттiк бажды төлегенi туралы құжатты;
өлшемi 35 х 45 мм үш фотосурет (фотосурет өтiнiш берушiнiң жасына сәйкес болуы және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсiрiлген болуы тиiс әрi адамның бетi фотосуреттiң жалпы ауданының 75%-ға жуығын алуы тиiс) ұсынады.
12. Бланкiлердi көшi-қон полициясы бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi бередi, сондай-ақ IIМ-нiң www.mvd.kz, IIД-нiң интернет-ресурсында «Iшкi iстер органдарының қызметi туралы» бөлiмiнде орналастырылады, олардың тiзбесi осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген.
13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы тiркеу орны бойынша көшi-қон полициясының бөлiмшесiне жүгiнедi.
Көшi-қон полициясы бөлiмшесiнiң қызметкерi тұтынушыдан құжаттарды қабылдайды және оның атына № 1 нысанда өтiнiш толтырады.
14. Көшi-қон полициясы бөлiмшесiнiң қызметкерi тұтынушыға осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша № 1 нысандағы өтiнiштiң түбiртегiн бередi.
15. Шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының немесе азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң дайын екендiгi туралы көшi-қон полициясы бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi жетi жұмыс күнi мерзiмiнде тұтынушыға телефон арқылы немесе жеке қабылдауда хабарлайды.
16. Азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдiктерге мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту үшiн:
1) тұтынушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды тапсырмауы;
2) тұтынушының атында азаматтығы жоқ адамның жарамды куәлiгiнiң, Қазақстан Республикасында тұруға жарамды ықтиярхатының болуы;
3) шетелдiктiң ұлттық паспортының жарамдылық мерзiмiнiң өтуi не оның жарамдылық мерзiмiнiң аяқталуына дейiн кем дегенде 2 ай қалуы негiз болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары

17. Көшi-қон полициясы бөлiмшелерiнiң қызметi адамның конституциялық құқықтарын, қызметтiк борышты орындау кезiнде заңдылықты, Iшкi iстер органдары қызметкерiнiң ар-намыс кодексiн сақтауға негiзделедi және сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелерi

18. Көшi-қон полициясы бөлiмшелерiнiң жұмыс нәтижелерi осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
19. Көшi-қон полициясы бөлiмшелерiнiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапасы мен тиiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын IIМ-нiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

20. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiне шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты IIД-нiң, Қазақстан Республикасы IIМ Көшi-қон полициясы комитетiнiң (бұдан әрi - КҚПК), IIМ хатшылығынан алуға болады.
21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушы шағымды КҚПК-ға мынадай мекенжай бойынша бередi: Астана қаласы, Ы. Дүкенұлы көшесi, 23/1, телефон: 20-55-73.
Жұмыс кестесi: жұмыс күндерi сағат 9-00-ден 18-30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейiн.
22. Дөрекi қызмет көрсетiлген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң атына мынадай мекенжай бойынша: Астана қаласы Тәуелсiздiк даңғылы, 1; телефон: 8(7172)71-40-10, факс 8(7172)37-06-01, жұмыс күндерi сағат 9-00-ден 18-30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейiн, сондай-ақ www.mvd.kz. интернет-ресурсында берiледi.
23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
24. Шағым ерiктi нысанды жазбаша түрде пошта, электрондық пошта не IIО-ның, IIД-нiң, КҚПК, IIМ-нiң кеңсесi арқылы қолма-кол қабылданады.
Жеке тұлғаның шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Шағымға тұтынушы қол қоюы тиiс.
25. Қабылданған шағым iшкi iстер органының ақпаратты есепке алу журналына тiркеледi. Өтiнiштi/арызды күнi мен уақыты, қабылдаған адамның тегi және аты-жөнi, сондай-ақ берiлген шағымға алынатын жауаптың мерзiмi мен орны және осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шағымды қарау барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерi көрсетiлген талон шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.
Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгiленген тәртiппен қаралады.
26. Мемлекеттiк қызмет туралы қосымша ақпаратты мынадай мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Ы. Дүкенұлы көшесi 23/1, IIМ-нiң интернет- ресурсы: www.mvd.kz, «Iшкi iстер органдарының қызметi туралы» бөлiмде, кабылдау бөлмесiнiң телефоны 8 (7172) 20-55-73, осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес IIД-ден алуға болады.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2009 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 2101 қаулысымен бекiтiлген
мемлекеттiк қызмет стандартына
1-қосымша

Р/с

Iшкi iстер департаменттерi

Заңды мекенжайы

Интернет-ресурс

Iшкi iстер департаметтерi хатшылығының телефондары

Көшi - қон полициясы бөлiмшелерiнiң телефондары

1

2

3

4

5

6

1.

Астана қаласының Iшкi iстер департамент

Астана қаласы, Сейфуллин көшесi, 29

www.ast.dvd.mvd.kz

71-61-98, 71-61-99

71-61-70, 71-60-18, 71-63-66

1)

«Алматы» ауданының Iшкi iстер басқармасы

Астана қаласы, Жансүгiров көшесi, 2

71-68-63

71-67-37

2)

«Сарыарқа» ауданының Iшкi iстер басқармасы

Астана қаласы, Есенберлин көшесi, 1

71-66-32

71-66-46

3)

«Есiл» ауданының Iшкi iстер басқармасы

Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 21

79-88-02, 79-88-10

79-88-02

2.

Ақмола облысының Iшкi iстер департаментi

Көкшетау қаласы, Горький көшесi, 35

www.akmdvd.online.kz

29-11-24, 29-11-25

25-66-62, 25-57-01

1)

Көкшетау қаласының Iшкi iстер басқармасы

Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 121

25-78-05, 29-96-79

23-03-49

2)

Степногор қаласының iшкi iстер бөлiмi

Степногор қаласы, 5-шағын аудан, 49

5-82-02

5-82-02

3)

Ақкөл ауданының iшкi iстер бөлiмi

Ақкөл қаласы, Октябрь көшесi, 2

2-10-02

2-10-02

4)

Аршалы ауданының iшкi iстер бөлiмi

Аршалы ауылы, Ташенов көшесi, 47

2-17-44

2-17-44

5)

Астрахань ауданының iшкi iстер бөлiмi

Астрахань ауылы, Байтұрсынов көшесi, 16

2-13-02

2-13-02

6)

Атбасар ауданының iшкi iстер бөлiмi

Атбасар қаласы, Урицк көшесi, 38

4-37-40

4-37-40

7)

Бұланды ауданының iшкi iстер бөлiмi

Макинск қаласы, Сейфуллин көшесi, 135

2-10-02

2-10-02

8)

Егiндiкөл ауданының iшкi iстер бөлiмi

Егiндiкөл ауылы, Бейбiтшiлiк көшесi, 8

2-14-85

2-14-85

9)

Еңбекшiлдер ауданының iшкi iстер бөлiмi

Степняк қаласы, Ленин көшесi, 79

2-30-40

2-30-40

10)

Ерейментау ауданының iшкi iстер бөлiмi

Ерейментау қаласы, Бөгенбай көшесi, 79

3-32-68

3-32-68

11)

Есiл ауданының iшкi iстер бөлiмi

Есiл қаласы, Әуезов көшесi, 63

2-12-02

2-12-02

12)

Жақсы ауданының iшкi iстер бөлiмi

Жақсы ауылы, Тұрлыбаев көшесi, 34

2-12-89

2-12-89

13)

Жаркайың ауданының iшкi iстер бөлiмi

Державинск қаласы, Захаров көшесi, 33

9-63-33

9-63-33

14)

Зерендi ауданының iшкi iстер бөлiмi

Зерендi ауылы, Iлиясов көшесi, 42

3-44-02

3-44-02

15)

Қорғалжын ауданының iшкi iстер бөлiмi

Қорғалжын ауылы, Болғанбаев көшесi, 8

2-14-35

2-14-35

16)

Сандықтау ауданының iшкi iстер бөлiмi

Балкашино ауылы, Абай көшесi, 101

5-00-02

5-00-02

17)

Целиноград ауданының iшкi iстер бөлiмi

Ақмол ауылы

92-4-18

92-4-18

18)

Шортанды ауданының iшкi iстер бөлiмi

Шортанды ауылы, Советская көшесi, 21

2-75-02

2-75-02

19)

Бурабай ауданының iшкi iстер бөлiмi

Щучинск қаласы, Коммунистическая көшесi, 33

4-27-27, 4-43-65

4-43-65

3.

Алматы қаласының Iшкi iстер департаментi

Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесi, 109а

www.almaty.police.kz

254-41-55, 254-42-24

254-40-14, 254-40-34, 254-40-33

1)

Алатау ауданының Iшкi iстер басқармасы

Алматы қаласы, Өтеген батыр көшесi, 78

298-54-85

298-54-88

2)

Алмалы ауданының Iшкi iстер басқармасы

Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесi, 109

254-46-29

254-46-22

3)

Әуезов ауданының Iшкi iстер басқармасы

Алматы қаласы, Өтеген батыр көшесi, 76

298-53-53

221-09-86

4)

Бостандық ауданының Iшкi iстер басқармасы

Алматы қаласы, Радостовец көшесi, 205

254-47-34

395-05-43

5)

Жетiсу ауданының Iшкi iстер басқармасы

Алматы қаласы, Райымбек көшесi, 158 а

279-96-88

233-69-18

6)

Медеу ауданының Iшкi iстер басқармасы

Алматы қаласы, Зенков көшесi, 37

254-48-18

254-48-15

7)

Түрiксiб ауданының Iшкi iстер басқармасы

Алматы қаласы, Рихард Зорге көшесi, 14

298-54-09

298-54-45

4.

Ақтөбе облысының Iшкi iстер департаментi

Ақтөбе қаласы, 312 Атқыштар дивизиясы даңғылы, 5А

www.aktobepolice.kz

51-27-55, 93-03-03

22-10-52, 22-14-75

1)

Ақтөбе қаласының iшкi iстер басқармасы

Ақтөбе қаласы, Әйтеке би көшесi, 21

21-23-38, 40-41-08

97-08-77, 97-08-70

2)

Әйтеке би ауданының iшкi iстер бөлiмi

Комсомол ауылы, Ардагер көшесi, 7

2-14-29

2-17-75

3)

Алға ауданының iшкi iстер бөлiмi

Алға қаласы, Мұхамбетов көшесi, 28

3-11-02

3-37-02

4)

Байғанин ауданының iшкi iстер бөлiмi

Байғанин ауылы, Советтер көшесi, 15

22-1-74

22-6-82

5)

Ырғыз ауданының iшкi iстер бөлiмi

Ырғыз ауылы, Ленин көшесi, 14

2-12-27

2-12-03

6)

Қарғалы ауданының iшкi iстер бөлiмi

Бадамша ауылы, Пацаев көшесi, 9

23-6-31

22-8-57

7)

Мәртөк ауданының iшкi iстер бөлiмi

Мәртек ауылы, Ленин көшесi, 45

2-14-04

2-14-90

8)

Мұғалжар ауданының iшкi iстер бөлiмi

Қандыағаш қаласы, Жамбыл көшесi, 74а

3-66-08

3-61-38

9)

Темiр ауданының iшкi iстер бөлiмi

Шұбар құдық ауылы, Желтоқсан көшесi, 1

2-23-60

2-32-02

10)

Ойыл ауданының iшкi iстер бөлiмi

Ойыл ауылы, Қойшығұлов көшесi, 42

2-18-98

2-17-17

11)

Қобда ауданының iшкi iстер бөлiмi

Қобда ауылы, Астана көшесi, 97

2-16-92

2-16-95

12)

Хромтау ауданының iшкi iстер бөлiмi

Хромтау қаласы, Абай даңғылы, 10

2-12-37

2-16-24

13)

Шалқар ауданының iшкi iстер бөлiмi

Шалқар қаласы, Есет Көтiбарұлы көшесi, 88

2-14-61

2-14-63

5.

Алматы облысының Iшкi iстер департаментi

Талдықорған қаласы Жансүгiров көшесi, 91/95

www.jetisu-police.kz

60-02-11, 60-01-54

60-00-79, 60-00-57

1)

Талдықорған қаласының Iшкi iстер басқармасы

Талдықорған қаласы, Абай көшесi, 249

60-86-04

24-42-00

2)

Еңбекшiқазақ ауданының Iшкi iстер басқармасы

Есiк қаласы, Тоқатаев көшесi, 105

4-48-89

4-48-89

3)

Iле ауданының Iшкi iстер басқармасы

Өтеген батыр ауылы, Батталханов көшесi

51-72-14

51-72-14

4)

Қарасай ауданының Iшкi iстер басқармасы

Қаскелең қаласы, Абылайхан көшесi, 90

98-34-22

2-28-06

5)

Талғар ауданының iшкi iстер басқармасы

Талғар қаласы, Абылай хан көшесi, 120

295-61-05

295-61-05

6)

Қапшағай қаласының iшкi iстер бөлiмi

Қапшағай қаласы, Қонаев көшесi, 4

4-17-98

4-10-98

7)

Текелi қаласының iшкi iстер бөлiмi

Текелi қаласы, Қонаев көшесi, 104

4-51-18

4-51-18

8)

Ақсу ауданының iшкi iстер бөлiмi

Жансүгiров кентi, Жекебаев көшесi, 104

2-15-95

2-15-95

9)

Алакөл ауданының iшкi iстер бөлiмi

Үшарал қаласы, Қонаев көшесi, 9

2-12-84

2-22-14

10)

Балқаш ауданының iшкi iстер бөлiмi

Бақанас ауылы, Сейфуллин көшесi, 1

91-4-01

91-4-01

11)

Ескелдi ауданының iшкi iстер бөлiмi

Қарабұлақ кентi, Оразбеков көшесi, 10

3-01-02

3-01-02

12)

Жамбыл ауданының iшкi iстер бөлiмi

Ұзынағаш ауылы, Рысқұлов көшесi, 78

2-12-45

2-15-45

13)

Қаратал ауданының iшкi iстер бөлiмi

Үштөбе қаласы, Төле би көшесi, 63

2-10-02

2-11-57

14)

Кербұлақ ауданының iшкi iстер бөлiмi

Сарыөзек ауылы, Момышұлы көшесi, 32

31-8-55

31-8-55

15)

Көксу ауданының iшкi iстер бөлiмi

Балпық би ауылы, Исабаев көшесi, 122

2-02-18

2-06-46

16)

Панфилов ауданының iшкi iстер бөлiмi

Жаркент қаласы, Жансүгiров көшесi, 102

5-12-02

5-12-02

17)

Райымбек ауданының iшкi iстер бөлiмi

Беген ауылы, Жамбыл көшесi, 9

2-13-98

2-15-59

18)

Сарқаңд ауданының iшкi iстер бөлiмi

Сарқанд қаласы, Жамбыл көшесi, 42

2-10-02

2-11-54

19)

Ұйғыр ауданының iшкi iстер бөлiмi

Шонжы ауылы, Исламов көшесi, 51

2-15-97

2-15-97

6.

Атырау облысының Iшкi iстер департаментi

Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 85

www.dvd-atyrau.kz

98-21-17, 98-20-57

98-20-23, 98-20-77

1)

Атырау қаласының Iшкi iстер басқармасы

Атырау қаласы, Молдағұлова көшесi, 247

98-15-72

98-15-14

2)

Жылыой ауданының iшкi iстер бөлiмi

Құлсары қаласы, Дүйсенбеков көшесi, 54

5-17-22

5-17-22

3)

Индер ауданының iшкi iстер бөлiмi

Индер кентi, Нысанбаев көшесi, 9

2-13-65

2-13-65

4)

Исатай ауданының iшкi iстер бөлiмi

Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесi, 11

2-02-02

2-06-97

5)

Қызылқоға ауданының iшкi iстер бөлiмi

Миялы ауылы, Абай көшесi, 8

2-12-06

2-12-01

6)

Құрманғазы ауданының iшкi iстер бөлiмi

Ганюшкино ауылы, Абай көшесi, 37

2-11-89

2-11-20

7)

Мақат ауданының iшкi iстер бөлiмi

Мақат ауылы, Газовик көшесi, 13

3-09-60

3-09-60

8)

Махамбет ауданының iшкi iстер бөлiмi

Махамбет ауылы, Абай көшесi, 13

2-23-67

2-23-67

7.

Шығыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi

Өскемен қаласы, Ворошилов көшесi, 1

www.02vko.kz

23-43-17, 23-42-11, 23-43-21

23-42-17, 23-42-56

1)

Өскемен қаласының Iшкi iстер басқармасы

Өскемен қаласы, Пролетарская көшесi, 152

23-27-11, 23-27-12, 23-26-22

23-27-25, 23-27-86, 23-27-16

2)

Семей қаласының Iшкi iстер басқармасы

Семей қаласы, Б. Момышұлы көшесi, 17

56-97-56

56-93-90

3)

Аягөз қаласының және Аягөз ауданының iшкi iстер бөлiмi

Аягөз қаласы, Тәңiрберген көшесi, 68

3-33-43, 3-14-88

3-33-43, 3-14-88

4)

Зырян қаласының және Зырян ауданының iшкi iстер бөлiмi

Зырян қаласы, Горький көшесi, 34

4-19-31, 3-10-08

4-19-31, 3-10-08

5)

Риддер қаласының iшкi iстер бөлiмi

Риддер қаласы, Тоқтаров көшесi, 8

4-47-41, 4-22-50

4-52-13

6)

Абай ауданының iшкi iстер бөлiмi

Қарауыл ауылы, Молдағалиев көшесi, 13

9-13-26

9-13-26

7)

Бесқарағай ауданының iшкi iстер бөлiмi

Бесқарағай ауылы, Әуезов көшесi, 45

9-14-63, 9-18-61

9-14-63, 9-18-61

8)

Бородулиха ауданының iшкi iстер бөлiмi

Бородулиха ауылы, Бейбiтшiлiк даңғылы, 16

2-10-27

2-15-63

9)

Глубокое ауданының iшкi iстер бөлiмi

Глубокое ауылы, Попович көшесi, 44

2-18-80, 2-26-77

2-29-75

10)

Жарма ауданының iшкi iстер бөлiмi

Қалбатау ауылы, Бабатайұлы көшесi, 36

6-57-54

2-66-40

11)

Зайсан ауданының iшкi iстер бөлiмi

Зайсан қаласы, Сәтпаев көшесi, 14

2-12-02, 2-13-06

2-12-02, 2-13-06

12)

Катон-Қарағай ауданының iшкi iстер бөлiмi

Үлкен Нарын ауылы, Абай көшесi, 1

2-13-02

2-13-02

13)

Көкпектi ауданының iшкi iстер бөлiмi

Көкпектi ауылы, Астана көшесi, 33

2-17-94, 2-19-49

2-17-94, 2-19-49

14)

Күршiм ауданының iшкi iстер бөлiмi

Күршiм ауылы, Новая көшесi, 10

3-17-76, 3-21-58

3-17-76, 3-21-58

15)

Тарбағатай ауданының iшкi iстер бөлiмi

Ақсуат ауылы, Қабанбай ауылы, 1

2-18-03

2-18-03

16)

Ұлан ауданының iшкi iстер бөлiмi

Молодежное кентi, 5-үй

2-74-33

2-74-33

17)

Үржар ауданының iшкi iстер бөлiмi

Үржар ауылы, Абылайхан көшесi, 171

2-10-02

2-10-02

18)

Шемонаиха ауданының iшкi iстер бөлiмi

Шемонаиха қаласы, Интернациональный көшесi, 2

2-15-66

2-15-71

19)

Курчатов қаласының полиция бөлiмi

Курчатов қаласы, Абай көшесi, 10

2-55-01

2-37-82

8.

Жамбыл облысының Iшкi iстер департаментi

Тараз қаласы, Желтоқсан көшесi, 80

www.tarazpolice.kz

43-39-44

43-37-31, 43-34-82

1)

Тараз қаласының Iшкi iстер басқармасы

Тараз қаласы, Рысбек батыр көшесi, 5а

34-36-23

34-36-23

2)

Байзақ ауданының iшкi iстер бөлiмi

Сарыкемер ауылы, Орынкұлов көшесi, 9а

2-10-81

2-16-80

3)

Жамбыл ауданының iшкi iстер бөлiмi

Аса ауылы, Төле би көшесi, 178

2-15-63

2-15-63

4)

Жуалы ауданының iшкi iстер бөлiмi

Б. Момышұлы ауылы, Рысбек батыр көшесi, 84

2-16-20

2-16-20

5)

Қордай ауданының iшкi iстер бөлiмi

Қордай ауылы, Жiбек жолы көшесi, 326

2-20-02

2-20-02

6)

Мерке ауданының iшкi iстер бөлiмi

Мерке ауылы, Ысмайылов көшесi, 230

2-25-40

2-49-30

7)

Мойынқұм ауданының iшкi iстер бөлiмi

Мойынқұм ауылы, Амангелдi көшесi, 69

2-44-45

2-44-45

8)

Сарысу ауданының iшкi iстер бөлiмi

Жаңатас қаласы, Әулие ата көшесi, 3

6-29-13

6-32-70

9)

Талас ауданының iшкi iстер бөлiмi

Қаратау қаласы, Қонаев көшесi, 20

6-27-14

6-27-14

10)

Тұрар Рысқұлов ауданының iшкi iстер бөлiмi

Күлпан ауылы, Жiбек жолы көшесi, 57

2-14-50

2-14-50

11)

Шу ауданының iшкi iстер бөлiмi

Шу қаласы, Сәтпаев көшесi, 130

2-48-02

2-48-02

9.

Батыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi

Орал қаласы, Пугачев көшесi, 45

www.dvdzko.kz, www.sokolur@mail.ru

98-40-30

98-45-17 98-40-17

1)

Орал қаласының Iшкi iстер басқармасы

Орал қаласы, Космическая көшесi, 10

92-18-33

92-18-14

2)

Акжайық ауданының iшкi iстер бөлiмi

Чапаев ауылы, Қазақстан көшесi, 71

91-2-02

91-0-66

3)

Бөкейорда ауданының iшкi iстер бөлiмi

Сайхин кентi, Әбiлқайыр хан к-сi, 21

21-5-68

21-5-61

4)

Бөрлi ауданының iшкi iстер бөлiмi

Ақсай қаласы, 2-шағын аудан, 28

9-39-17

9-39-46

5)

Жаңақала ауданының iшкi iстер бөлiмi

Жаңақала ауылы, Халық Достығы, 53

2-19-20

2-19-21

6)

Жәнiбек ауданының iшкi iстер бөлiмi

Жәнiбек ауылы, Қазақстан көшесi, 45

21-5-03

21-1-05

7)

Зеленов ауданының iшкi iстер бөлiмi

Переметный ауылы, Достық көшесi, 64

22-0-02

22-2-61

8)

Қазталов ауданының iшкi iстер бөлiмi

Қазталов ауылы, С. Датов көшесi, 21

31-0-08

31-1-02

9)

Қаратөбе ауданының iшкi iстер бөлiмi

Қаратөбе ауылы, С. Датов көшесi, 16

31-3-25

31-7-02

10)

Сырым ауданының iшкi iстер бөлiмi

Сырым ауылы, Қазақстан көшесi, 7

31-1-37

21-5-45

11)

Тасқала ауданының iшкi iстер бөлiмi

Таскала ауылы, Мирная көшесi 9

21-1-86

21-8-45

12)

Теректi ауданының iшкi iстер бөлiмi

Федоровка ауылы, Юбилейный көшесi, н/ж

23-2-66

21-1-86

13)

Шыңғырлау ауданының iшкi iстер бөлiмi

Шыңғырлау ауылы, Қазақстан көшесi, 7

33-6-39

33-2-39

10.

Қарағанды облысының Iшкi iстер департаменте

Қарағанды қаласы, Ермеков көшесi, 118

www.krgdvd.kz

42-90-19, 42-91-69

44-20-07, 44-70-27

1)

Қарағанды қаласының Iшкi iстер басқармасы

Қарағанды қаласы, Ермеков көшесi, 118

40-71-97

56-42-51, 74-22-56, 44-51-69, 46-30-31

2)

Жезқазған қаласының Iшкi iстер басқармасы

Жезқазған қаласы, Сейфулин көшесi, 35

76-13-68

76-43-98

3)

Темiртау қаласының Iшкi iстер басқармасы

Темiртау қаласы, Мичурин көшесi, 8

98-43-15

5-43-15

4)

Абай ауданының Iшкi iстер басқармасы

Абай қаласы, К.Маркс көшесi 42а

4-46-66

4-46-66

5)

Бұхар жырау ауданының Iшкi iстер басқармасы

Ботақара кентi, Бұхар жырау көшесi, 4

2-11-78

2-16-55

6)

Балқаш қаласының iшкi iстер бөлiмi

Балқаш қаласы, Бөкейхан көшесi, 22

4-03-72

4-46-72

7)

Қаражал қаласының iшкi iстер бөлiмi

Қаражал қаласы, Тойымбек көшесi 8

4-16-30

4-16-30

8)

Саран қаласының iшкi iстер бөлiмi

Саран қаласы, Жамбыл көшесi 60

2-52-02

2-67-12

9)

Сәтпаев қаласының iшкi iстер бөлiмi

Сәтпаев қаласы, Абай көшесi 6а

3-44-83

2-31-63

10)

Шахтинск қаласының iшкi iстер бөлiмi

Шахтинск қаласы, К Маркс көшесi 42а

4-04-07

4-23-70

11)

Ақтоғай ауданының iшкi iстер бөлiмi

Ақтоғай ауылы, Абай көшесi, 3

2-16-90

2-16-90

12)

Жаңаарқа ауданының iшкi iстер бөлiмi

Атасу ауылы, Тәуелсiздiк көшесi, 10

2-64-70

2-64-70

13)

Қарқаралы ауданының iшкi iстер бөлiмi

Қарқалы қаласы, М. Әуезов көшесi, 31

3-12-02

3-10-86

14)

Нұра ауданының iшкi iстер бөлiмi

Киевка кентi, Талжанов көшесi, 5

2-12-88

2-29-01

15)

Осакаровка ауданының iшкi iстер бөлiмi

Осакаровка ауылы, Литвиновская көшесi, 9

4-16-55

4-13-82

16)

Ұлытау ауданының iшкi iстер бөлiмi

Ұлытау ауылы

2-11-02

2-11-02

17)

Шет ауданының iшкi iстер бөлiмi

Ақсу-Аюлы кентi, Шортанбай көшесi, 16

2-12-02

2-12-02

11.

Қызылорда облысының Iшкi iстер департамент!

Қызылорда қаласы, Төлебаев көшесi, 39 А

www.dvdkzo.kz

27-44-10

6-11-32, 7-09-58

1)

Қызылорда қаласының Iшкi iстер басқармасы

Қызылорда қаласы, Төле би көшесi,136

27-45-47

29-71-10

2)

Арал ауданының iшкi iстер бөлiмi

Арал қаласы, Бақтыбай батыр к-сi, 27

2-10-01

2-21-02

3)

Жалағаш ауданының iшкi iстер бөлiмi

Жалағаш ауылы, Желтоқсан көшесi, 1

3-16-92

3-10-82

4)

Жаңақорған ауданының iшкi iстер

Жаңақорған ауылы, Қожанов көшесi,

24-1-25

24-1-03

5)

Қазалы ауданының iшкi iстер бөлiмi

Кент Әйтеке би ауылы, Бiржан сал көшесi, 86

2-16-40

2-14-93

6)

Қармақшы ауданының iшкi iстер бөлiмi

Жосалы кентi, Көшербаев көшесi, 39

2-10-03

2-11-81

7)

Сырдария ауданының iшкi iстер бөлiмi

Тереңөзек ауылы, Амангелдi көшесi, 47

21-2-82

3-10-87

8)

Шиелi ауданының iшкi iстер бөлiмi

Шиелi кентi, М.Шоқай көшесi, 7

4-21-60

4-20-56

12.

Қостанай облысының Iшкi iстер департаментi

Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесi, 197

www.kostanaypolice.kz

52-60-19, 52-63-13

52-60-15, 52-60-36

1)

Арқалық қаласының Iшкi iстер басқармасы

Арқалық қаласы, Байтұрсынов көшесi, 16

7-10-17

7-27-45

2)

Жiтiқара қаласының және Жiтiкара ауданының iшкi iстер бөлiмi

Жiтiқара қаласы, 5 в-шағын ауданы, 18

2-09-09

2-09-22

3)

Қостанай қаласының iшкi iстер басқармасы

Қостанай қаласы, Таран көшесi, 36

52-68-00

52-68-37

4)

Лисаковск қаласының iшкi iстер бөлiмi

Лисаковск қаласы, 1 а-шағын ауданы

3-38-51

3-48-07

5)

Рудный қаласының iшкi iстер бөлiмi

Рудный қаласы, Горняк көшесi, 7

4-55-10

2-84-39

6)

Алтынсарин ауданының iшкi iстер бөлiмi

Силантьевка кентi, Ленин көшесi, 51

2-12-55

2-15-13

7)

Амангелдi ауданының iшкi iстер бөлiмi

Амангелдi кентi, Дүйсенбин көшесi, 16

2-11-33

2-11-33

8)

Әулиекөл ауданының iшкi iстер бөлiмi

Әулиекөл ауылы, Ленин көшесi, 34

2-10-35

2-10-38

9)

Денисов ауданының iшкi iстер бөлiмi

Денисовка кентi, Ленин көшесi, 16

9-11-72

9-17-51

10)

Жангелдин ауданының iшкi iстер бөлiмi

Торғай кентi, Алтынсарин көшесi, 7

2-14-00

2-14-00

11)

Қамысты ауданының iшкi iстер бөлiмi

Қамысты кентi, Ержанов көшесi, 87

2-14-01

2-20-55

12)

Қарабалық ауданының iшкi iстер бөлiмi

Қарабалық кентi, Нечепуренко көшесi, 2

3-30-33

3-38-53

13)

Қарасу ауданының iшкi iстер бөлiмi

Қарасу ауылы, Исаков көшесi, 80

2-12-68

2-18-42

14)

Қостанай ауданының iшкi iстер бөлiмi

Затабол кентi, Калинин көшесi, 78

2-31-61

2-31-62

15)

Меңдiқара ауданының iшкi iстер бөлiмi

Боровское кентi, Ленин көшесi, 7

2-13-97

2-15-39

16)

Наурызым ауданының iшкi iстер бөлiмi

Қарамеңдi кентi, Абылай хан көшесi, 24

2-14-45

2-14-45

17)

Сарыкөл ауданының iшкi iстер бөлiмi

Сарыкөл кентi, Пушкин көшесi, 102

2-13-68

2-18-22

18)

Таран ауданының iшкi iстер бөлiмi

Таран ауылы, Советская көшесi, 10

3-61-01

3-61-01

19)

Ұзынкөл ауданының iшкi iстер бөлiмi

Ұзынкөл ауылы Абылайхан көшесi, 34

2-15-53

2-12-03

20)

Федоров ауданының iшкi iстер бөлiмi

Федоров ауылы Ленин көшесi, 10

2-24-67

2-11-87

13.

Маңғыстау облысының Iшкi iстер департаментi

Ақтау қаласы, 12-шағын аудан

www.mdvd.kz www.ubd_ mang@mail.kz

43-08-76

50-43-72, 50-56-96

1)

Ақтау қаласының iшкi iстер басқармасы

Ақтау қаласы, 3-шағын ауданы, 123

47-48-79

47-48-89

2)

Жаңаөзен қаласының iшкi iстер бөлiмi

Жаңаөзен қаласы, Спортивная көшесi,

31-5-85

31-3-59

3)

Бейнеу ауданының iшкi iстер бөлiмi

Бейнеу кентi, Досан батыр к-сi, 2

2-25-89

2-25-89

4)

Қарақия ауданының iшкi iстер бөлiмi

Құрық кентi, 1-шағын ауданы, 1

21-2-99

21-2-77

5)

Маңғыстау ауданының iшкi iстер бөлiмi

Шетпе кентi, Б. Момышұлы көшесi, 15

21-2-48

21-4-00

6)

Мұнайлы ауданының iшкi iстер бөлiмi

Мұнайлы кентi, Рыскұлов көшесi, 11

46-63-73

46-63-87

7)

Түпқараған ауданының iшкi iстер бөлiмi

Форт-Шевченко қаласы, Оңалбаев көшесi, 4

22-7-54

22-4-64

14.

Павлодар облысының Iшкi iстер департаментi

Павлодар қаласы, Торайғыров көшесi, 70/1

www.dvdpavlodar.kz

32-04-52, 39-11-15

32-04-08, 39-11-50

1)

Павлодар қаласының iшкi iстер басқармасы

Павлодар қаласы, Лермонтов көшесi, 51/1

32-76-81, 32-81-92

37-76-35, 32-69-54

2)

Ақсу қаласының iшкi iстер бөлiмi

Ақсу қаласы, Дөнентаев көшесi, 5

39-19-02, 39-19-01

39-19-02

3)

Екiбастұз қаласының iшкi iстер бөлiмi

Екiбастұз қаласы Ленин көшесi, 98

34-09-27

34-91-42

4)

Ақтоғай ауданының iшкi iстер бөлiмi

Ақтоғай ауылы, Қайырбай көшесi, 48

2-12-87, 39-19-06

21-4-54

5)

Баянауыл ауданының iшкi iстер бөлiмi

Баянауыл ауылы Сәтпаев көшесi, 28

9-12-53

9-12-53

6)

Железин ауданының iшкi iстер бөлiмi

Железин ауылы, Пушкин көшесi, 9

39-19-10

39-19-10

7)

Ертiс ауданының iшкi iстер бөлiмi

Ертiс ауылы, Искаков көшесi, 95

2-13-41

39-19-12

8)

Қашыр ауданының iшкi iстер бөлiмi

Тереңкөл ауылы, Сейфулин көшесi, 58

21-2-05

21-2-02

9)

Лебяжi ауданының iшкi iстер бөлiмi

Аққу ауылы, Амангелдi көшесi, 69

39-19-15

2-15-79

10)

Май ауданының iшкi iстер бөлiмi

Көктөбе ауылы, Абылайхан көшесi, 43

39-19-17

39-19-18

11)

Павлодар ауданының iшкi iстер бөлiмi

Павлодар қаласы, Суворов көшесi

39-19-20

39-19-19

12)

Успенск ауданының iшкi iстер бөлiмi

Успенск ауылы, Терешкова көшесi, 30

39-19-22, 91-7-02, 92-7-02

91-9-67

13)

Шарбақты ауданының iшкi iстер бөлiмi

Шарбақты ауылы, Совет көшесi, 59

39-19-24

39-19-23

15.

Солтүстiк Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi

Петропавл қаласы Жұмабаев к-сi, 118

www.police.sko.kz

39-40-20, 39-41-63

49-43-53, 49-44-33

1)

Петропавл қаласының iшкi iстер басқармасы

Петропавл қаласы, М.Жұмабаев көшесi, 118

39-48-39, 39-48-28

39-48-66

2)

Айыртау ауданының iшкi iстер бөлiмi

Саумалкөл ауылы, Ш.Уәлиханов көшесi, 24

39-21-03

39-21-03

3)

Ақжар ауданының iшкi iстер бөлiмi

Талшық ауылы, Абылай хан көшесi, 9

39-20-97, 2-15-72

2-15-72

4)

Аққайың ауданының iшкi iстер бөлiмi

Смирнов кентi, Труд көшесi, 6

39-20-98

39-20-98

5)

Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның iшкi iстер бөлiмi

Новоишимский ауылы, Әуелбеков көшесi, 54

39-21-09

39-21-09

6)

Есiл ауданының iшкi iстер бөлiмi

Явленка ауылы, Ибраев көшесi, 13

39-21-01, 2-13-90

2-13-90

7)

Жамбыл ауданының iшкi iстер бөлiмi

Пресновка ауылы, Достық көшесi, 17

39-21-02, 2-14-35

2-14-35

8)

Қызылжар ауданының iшкi iстер бөлiмi

Бескөл кентi, Гагарин көшесi, 8

39-13-14, 2-10-32

2-10-32

9)

Мағжан Жұмабаев ауданының iшкi iстер бөлiмi

Булаево кентi, Юбилейная көшесi, 54

39-20-99, 2-11-63

2-11-63

10)

Мамлют ауданының iшкi iстер бөлiмi

Мамлютка кентi, Ленин көшесi, 3 және 45

39-21-04

39-21-04

11)

Тайынша ауданының iшкi iстер бөлiмi

Тайынша кентi, Центральный тұйық көшесi, 20

39-21-06

39-21-06

12)

Тимирязев ауданының iшкi iстер бөлiмi

Тимирязев кентi, Плетнева көшесi, 15

39-21-07

39-21-07

13)

Уәлиханов ауданының iшкi iстер бөлiмi

Кiшкенекөл кентi, Ш. Уәлиханов көшесi, 88

39-21-08

39-21-08

14)

Шал ақын ауданының iшкi iстер бөлiмi

Сергеевка кентi, Шал акын көшесi, 14

39-21-05, 2-09-10

2-09-10

16.

Оңтүстiк Қазақстан облысының Iшкi iстер департамент

Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесi, 13

www.dvd-uko.kz

97-66-26, 97-65-85, 97-65-90

97-67-41, 97-67-67

1)

Түркiстан қаласының Iшкi iстер басқармасы

Түркiстан қаласы, Ерубаев көшесi, н/ж

4-15-02

4-12-73

2)

Шымкент қаласының Iшкi iстер басқармасы
Еңбекшi ауданы IIБ
Абай ауданының IIБ
Әл-Фараби ауданының IIБ

Шымкент қаласы, Қалдаяқов көшесi, 5,
Желтоқсан көшесi, 3,
Елшiбек батыр көшесi, 110А

56-02-61, 97-64-13, 57-27-50, 98-06-21

98-07-42, 97-64-38, 98-06-31

3)

Мақтаарал ауданының Iшкi iстер басқармасы

Жетiсай қаласы, М.Әуезов көшесi, н/ж

6-70-20

6-70-20

4)

Сайрам ауданының Iшкi iстер басқармасы

Ақсукент қаласы, Жiбек жолы көшесi, н/ж

2-12-90

2-12-90

5)

Сарыағаш ауданының Iшкi iстер басқармасы

Сарыағаш қаласы, Тасбалтаев көшесi,39

2-15-73

2-15-73

6)

Кентау қаласының iшкi iстер бөлiмi

Кентау қаласы, Жамбыл көшесi, 29

3-34-61

3-34-61

7)

Арыс ауданының iшкi iстер бөлiмi

Арыс қаласы, Аймауытов көшесi, 35

2-14-02

2-14-02

8)

Бәйдiбек ауданының iшкi iстер бөлiмi

Шаян ауылы, Бәйдiбек көшесi, н/ж

2-10-76

2-10-76

9)

Қазығұрт ауданының iшкi iстер бөлiмi

Қазығұрт ауылы, Қонаев көшесi, н/ж

2-12-46

2-12-46

10)

Ордабасы ауданының iшкi iстер бөлiмi

Темiрлан ауылы, Т.Рысқұлов көшесi, 3

2-14-13

2-14-13

11)

Отырар ауданының iшкi iстер бөлiмi

Шәуiлдiр ауылы, Сәрсенбаев көшесi, 5

2-12-59

2-12-59

12)

Созақ ауданының iшкi iстер бөлiмi

Шолақ Қорған ауылы, Жiбек жолы көшесi, 75

4-14-02

4-14-02

13)

Төле би ауданының iшкi iстер бөлiмi

Леңгiр қаласы, Жамбыл көшесi, н/ж

6-16-02

6-16-02

14)

Түлкiбас ауданының iшкi iстер бөлiмi

Т. Рысқұлов ауылы, Рысқұлов көшесi, 198

5-18-14

5-18-14

15)

Шардара ауданының iшкi iстер бөлiмi

Шардара қаласы, Б. Момышұлы көшесi,16

2-23-82

2-23-82

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2009 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 2101 қаулысымен бекiтiлген
мемлекеттiк қызмет стандартына
2-қосымша

ШЕТЕЛДIКТIҢ ЫХТИЯРХАТЫН ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ АДАМНЫҢ КУӘЛIГIН АЛУҒА АРНАЛҒАН ТҮБIРТЕК/КВИТАНЦИЯ НА ПОЛУЧЕНИЕ: ӨТIНiШ ЗАЯВЛЕНИЕ
№ 25209279

ШЕТЕЛДIКТIҢ ЫХТИЯРХАТЫ | |АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ АДАМНЫҢ КУӘЛIГI |

АЗАМАТ ГРАЖДАНИН/КА/
_____________________ _____________ _________________________
ТЕГI/ФАМИЛИЯ/ АТЫ/ИМЯ ӘКЕСIНIҢ АТЫ /ОТЧЕСТВО

ШЕТЕЛДIКТIҢ ЫХТИЯРХАТЫН ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ АДАМНЫҢ КУӘЛIГIН АЛУҒА АРНАЛҒАН ӨТIНIШ
ҚАБЫЛДАНДЫ ЖӘНЕ ТЕҢГЕ АЛЫНДЫ
ПРИНЯТО ЗАЯВЛЕНИЕ НА ВЫДАЧУ ВИДА НА ЖИТЕЛЬСТВО/
УДОСТОВЕРЕНИЯ ЛИЦА БЕЗГРАЖДАНСТВА / _________ /ТЕҢГЕ
СОМАСЫ/СУММА\

ӨТIНIШ ҚАБЫЛДАНҒАН КҮН
ДАТА ПРИНЯТИЯ ЗАЯВЛЕНИЯ ____ __________ _____________________________
ӨЗ ҚОЛЫ ҚЫЗМЕТКЕРДIҢ ТЕГI/ФАМИЛИЯ СОТРУДНИКА

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2009 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 2101 қаулысымен бекiтiлген
мемлекеттiк қызмет стандартына
3-қосымша

Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа мен қол жетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң нысаналы келесi жылдағы мәнi

Есептi жылдағы көрсеткiштiң ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап қызметтi белгiленген мерзiмде ұсыну жағдайларының %-ы (үлесi)

2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

3. Қол жетiмдiлiгi

3.1. Қызмет көрсету сапасы мен оны көрсету туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

3.2. Ақпаратына электрондық форматы қол жеткiзуге болатын қызметтердiң %-ы (үлесi)

4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Қызметтiң осы түрi бойынша қызмет көрсетiлген тұтынушылардың жалпы санына негiздi шағымдардың %-ы (үлесi)

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесi)

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2009 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 2101 қаулысымен бекiтiлген
мемлекеттiк қызмет стандартына
4-қосымша

Талон

________________________________________________________________
(субъектiнiң атауы)

Өтiнiштi қабылдаған __________________________
(маманның Т.А.Ә.)

20____ жылғы " ______ " ____________ сағ.______ мин._______

(өлшемi 75мм х 55мм)


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina